МҮГЕДЕКТІКТІК АНЫҚТАМА МЕРЗІМДЕРІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Құқық
606 Views

Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша биылғы тамыз айынадейін ұзартылды. Мүгедектігі бар азаматтарға қаралған барлық жеңілдіктер менәлеуметтік қорғаушаралары да үш ай бойы көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдербұрынғы тағайындалған мүгедектік топ пен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесібойынша төленеді.

Казақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша Медициналық-əлеуметтік сараптама сурақтары бойынша басшысының орынбасары Марат Архаровтың айтуынша, бұл шара адамдардың көпшоғырлануы мен азаматтардың инфекция жұқтыру қаупін сейілдіру үшін және карантиндік шараларды сақтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жалпы, облыста 94 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар есепке алынған. Барлығы мемлекеттен кепілдендірілген жәрдемақылар мен толығымен және уақтылы қамтамасыз етіліп келеді. Айта кету керек, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл ретте мүгедектігі бар адамдар өздерінің жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып оңалту құралдары мен қызметтерін өздері таңдауға мүмкіндік алып отыр. Порталда тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған жағдайда өз тараптарынан үстінен қосымша төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *