МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ МҰҢАЙТПАУ МЕЖЕЛЕНУДЕ

Қоғам
529 Views

Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында жүйеліжұмыстар атқарылып келеді. Баршаға белгілі, елімізде «Мүгедектердің құқықтарытуралы» Конвенцияны ратификациялағаны біздің мүгедектерге өзгелермен теңдейқоршаған ортаға, тың технологиялық жүйелерге қоса айтқанда ақпарат пенбайланысқа, сондай-ақ тағы басқа да нысандар мен қызметтерге қолжетімділігінқамтамасыз етуді міндеттейді.

Бүгінде облыста 94 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар есепке алынған. Өкінішке қарай, олардың саны облыс халқының 4,7 пайызын, республикада тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 13,7 пайызын құрайды. Олардың барлығы мемлекеттен кепілдендірілген жәрдемақылармен толығымен және уақтылы қамтамасыз етіліп келеді.

Қазіргі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдерден басқа қосымша әлеуметтік қолдау шараларымен қамту үшін 2020 жылы барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 8,6 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға арнайы техникалық оңалту құралдары (протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық, міндетті гигиеналық құралдар, қоларбалар) сатып алынуда. Әлеуметтік (санаториялық-курорттық, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтері), арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде. Өкінішке қарай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына байланысты кейбір қызмет түрлері уақытша тоқтатылған болатын. Бұл жұмыс енді өз жалғасын табуда.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл ретте мүгедектігі бар тұлғалар өздерінің жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып оңалту құралдары мен қызметтерін өздері таңдауға мүмкіндік алып отыр. Мемлекет тарапынан техникалық оңалту құралдары мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі қарастырылған. Порталда тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған жағдайда өз тараптарынан үстінен қосымша қаржы төлеу мүмкіндігі де көзделіп отыр.

Порталды енгізу нәтижесінде тауарларға үлкен таңдау, оңалту құралдары мен қызметтер нарығына теңдей қолжетімдік қамтамасыз етілетін болады. Мемлекеттік қызметтердің сапасы өседі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырмайтын болады. Аталған портал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген.

2020 жылдан бес бизнес-процесстің екеуін порталға ауыстыру басталып отыр. Олар: арнаулы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының ішінен 24 түрімен қамтамасыз ету (Брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал, брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе, көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері, сөз шығаратын термометр, сөз шығаратын тономет, тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр; Сіңіргіш жаймалар (жаялықтар); Стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге Қорғаныш крем; Сіңіргіш ұнтақ, Иісті бейтараптандырғыш, Теріні тазартқыш, Дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар; Жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар. Жейде киюге арналған құрылғы; Колготки киюге арналған құрылғы; Шұлық киюге арналған құрылғы; Түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек); Белсенді ұстағыш; Ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш; Қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш; Кілтке арналған ұстағыш, Дауыс шығаратын аппарат, Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары).

Осыған байланысты аталған порталды пайдалану үшін 14 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар электрондық цифрлық қолтаңба алған. Бұдан бөлек оңалту құралдары мен әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуетті өнім берушілерді порталда тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге мүмкіндігі шектелген жандарға барынша қолдау көрсетіп, рухани демеу мақсатында облысымызда әлеуметтік маңызды (мектептер, ауруханалар, кітапханалар, әлеуметтік қорғау, тағы басқа) нысандарды, автобекеттерді, теміржол бекеттерін ерекше қажеттілігі бар адамдарға бейімдеу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтар бірінші кезекте баратын әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында қолжетімді орта құру үшін 3428 нысанға паспорт жасалып, соның 2890-ына бейімдеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі белгіленген. Қазіргі таңда соның 2731-і немесе 94,5 пайызына бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Сайып келгенде мүмкіндігі шектеулі жандарды мұңайтпау межеленуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *