«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалыныңқолдауымен, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «АMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындашахматтан турнир өткізілді. Жалпы турнирге 20 — дан астам әр түрлі жастағымүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Айта кететін жайт, турнирге облыстықарнаулы — кәсіптік колледжінің студенттері белсене қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында партия филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров, — жарыстың мақсаты дене шынықтыру мен спортты оңалту құралы ретінде насихаттау және мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға табысты интеграциялау, сондай-ақ шахматты мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді спорт түрі ретінде танымал ету болып табылатынын атап өтті.
Қызықты әрі қатаң бәсекелестік жағдайында өткен додада ІІІ орынды Сұлтан Абулхаиров жеңіп алса, ІІ орын Нұржан Батырханов, І орын Қайрат Кадековтың еншісіне тиді. Ал турнирдің ең жас ойыншысы арнаулы кәсіптік колледж студенті Милат Буланов, жеңіске деген жігерлігі үшін номинациясын осы колледж студенттері Алтын Жаксылыкова, Нұртас Жанкелді, Нұрсұлтан Махамбетов жеңіп алды.
Турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиал дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.