МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ – СЕНІМДІ БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

Білім Қоғам
821 Views

Жас жігіттердің басым бөлігін әскери қызмет қызықтыратыны белгілі. Олардың қатарында «өрт сөндіруші – құтқарушы» мамандығына қызығушылық танытып жатқандар аз емес. Бұл мамандық ең игілікті деп бекер айтылмаған, себебі өрт сөндіру, адамдарды құтқару нағыз ерлік.

Қиын әрі аса қауіпті жұмыс болғанымен, көптеген ер-азаматтар осы мамандықты таңдауда. Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы – еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Бұл оқу орнында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша сырттай және іштей оқу түрінен өрт қауіпсіздік бакалавр біліктілігі берілу арқылы жоғары кәсіпті мамандарды даярлайды.

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына қабылдау және іріктеу Ережесіне сәйкес Академияның іштей оқу бөліміне Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейінгі және оқу жылының басына дейін 17 жасқа толған, орта және жалпы орта білімі бар, әскери қызметке денсаулығы жарамды, оқуға түсерде емтиханды (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика және математика пәндерінен) жетістікпен тапсырған және сайыстан мүдірмей өткен азаматтар қабылданады.

Академияда іштей оқу мерзімі 4 жыл. Бұл шұғыл әскери қызметке теңеледі. Академия курстанттары республикалық, облыстық және қалалық спорттық, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған әскери шерулерінің тұрақты қатысушылары қатарында.

Іштей оқуға түскен азаматтар казарма тәртібі бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіліп, жақсы жабдықталған жатақханада тұрады. Оқуды тәмамдаған соң, түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, арнайы «Азаматтық қорғау» лейтенанты атағы беріледі. Түлектер әрі қарай ҚР ТЖМ органындарында және бөлімшелерінде қызметін жалғастыру үшін жолдама алады. Еліміздің тыныштығын қорғау – әр азаматтың міндеті.

С.ӘШІМ,

ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин Атындағы Азаматтық қорғау академиясының КОФ-нің 3-курс курсанты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *