ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қоғам
807 Views

Мақтаарал ауданында әлеуметтік мәселелер жөніндегі жұмысшы топтың отырысы өтті. ЖиынғаТүркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі,Мақтаарал ауданындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісіҒани Рысбеков, «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасыныңбірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, аудандық партия өкілдері, су тасқынынанзардап шеккен ауыл округтерінің әкімдері, құқық қорғау органдары мен аудандықәкімдіктің идеология бөлімінің басшылары мен мамандары қатысты.

Отырыс барысында сөз алған облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың өтемақыларын тездетіп төлеу, бүгінгі жай-күйін жақсарту, тұрғын үй салу кезіндегі қиындықтарын еңсеру, Өргебас, Фирдауси ауылдарындағы қалыпқа келтіру жұмыстарына қолдау білдіру жөніндегі жұмысты ширату қажеттігіне тоқталды.

«Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың өтемақыларын төлеу жұмыстарына білікті мамандардың тарту керектігін, халықпен тығыз байланыс орнату, түсіндіру шараларын ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

Мұнан соң арнайы топ Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үйдің құрылыс жүргізілуде. Оның 193-і үкіметтік резервтің қаржысына, 190-ы қорлардың есебінен бойы көтеріп жатыр. Соның ішіндегі 20 үй «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қорының қолдауымен салынуда. «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев сондағы құрылысшылармен тілдесіп, олардың бүгінгі жай-күйімен танысты.

Қазіргі таңда жаңа мөлтек ауданда 188 үйдің іргетасы құйылып, 73-інде қабырға көтеру жұмыстары, ал екі үйдің шатыры жабылуда. Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүргізілуде. Үй салуға қажетті техникалар мен құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *