Түркістан облысындағы барлық аудан, қалалардың өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары қаралатын жаңа форматтағы кездесулер Шардара ауданында өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткенактив отырысында ауданның қордаланған проблемалары ортаға салынды. Бұл жиналысбойынша қорытынды шығарылып, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылады.
Түркістан облысындағы әрбір аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты түрде зерделеніп, жұмысын нашар атқарған басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге шара көріледі.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешу жолдары, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы да сараланып, аудан әкіміне тиісті тапсырмалар беріледі.
– Бүгін біз Шардара ауданындағы өзекті мәселелерді талдауға олардың шешу жолдарын қарастыруүшін жиналып отырмыз. Мақсат – сыннан нәтиже шығару. Ауданда шешімін таппағанмәселелер көп. Экономикалық, әлеуметтік салалар, ауыз су, инфрақұрылым менабаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға басты назар аударып,кемшіліктерді жою керек. Төмендеген көрсеткіштерді көтеруге күш салу қажет.Салық базасын ұлғайту, мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе ауданбюджетінің түсімдерін ұлғайтуды жүзеге асыру керек. Ауданның дамуы бойыншабасты бағыттарды белгілеп, даму жоспарын әзірлеп, инвестициялық климаттыжақсарту қажет. Жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды тұрақты жұмыспенқамтамасыз етуді тапсырамын. Барлық мемлекеттік мекемелердің алдына ағашотырғызу керек. Көгалдандыру, тазалық жұмыстары күнделікті атқарылсын, – дегенДархан Сатыбалды кемшілікке жол берген басшыларға ауызша ескерту берді.
Мәжілісте Дархан Сатыбалды аудан әкіміне инвестиция тарту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы ақпарат беру, ауыл шаруашылығын жандандыру, инфрақұрылымды жақсарту, білім саласын жаңғырту және өзге де мәселелер бойынша жұмыс атқаруды тапсырды. Басқарма басшыларымен бірлесе еңбек етуді жүктеді. Әрбір орынбасар мен бөлім басшыларының уәждері тыңдалды.
Облыс әкімі аппаратының тарапынан Шардара ауданының өзекті мәселелері талданып, бірқатар кемшіліктер анықталды. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Шардараны дамыту барысындағы кемшіліктерді баяндады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының өнім көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар орындалмаған. Өзге де салалар зерделеніп, өзекті проблемалары қозғалды.
Бұл көрсеткіштер аудан әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасамағанын көрсетеді. Салық салу базасын ұлғайтудың орнына, ауданда керісінше өзіндік кірістердің үлесі төмендеген. Сондай-ақ аудан аумағында орналасқан салық салу объектілері салық декларациясында жалдамалы жұмысшылардың санын төмендетіп көрсетеді.
Жастарға несие беру жобасының орындалуы әлсіз. Денсаулық сақтау саласында ауданда бірқатар өзекті мәселелер бар.
Әкім тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі аппараты тарапынан аудандағы жалпы мемлекеттік әлеуметтік нысандардың, жол, санитарлық тазалығы, көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайларына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бірқатарының жай-күйі сын көтермейді.
Жаңа форматтағы кездесулер бойынша қорытынды шығарылып, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар жасалады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық аймақтарды аралап, әрбір ауданның даму барысын, жұмыстарын саралауда. Мәселелерді шешу жолдары қаралып, тапсырманы орындалу мерзімдері белгіленеді. Барлық сала зерделенеді. Осы арқылы өңірді дамыту жұмыс сапасын жақсарту, елдің өтініштері мен ұсыныстарын сапалы орындау, облыстың даму көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр.
Ауданға жұмыс сапары барысында облыс басшысы Шардара қаласындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде болды. 420 орындық білім ұясында екі ауысыммен 786 оқушы білім алады. Білім ұясы апатты жағдайда деп танылған. Жаңа мектеп салу мәселесі талқыланды.
БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫ СОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІЛУДЕ
Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығына 20-30 мамыр аралығында 4327 өтініш келіп түсті. Оның 3816-не мезгілінде жауап беріліп, оң шешілген.
Қаралған мәселелердің басым бөлігі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, оның ішінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамту, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру, кәріз құдықшалары мен қоқыс қалдықтарын тазарту, ветеринарлық қызметтер көрсету, жол салуға байланысты.
Мәселен, Түркістан қаласының Құлыншақ ақын көшесіне суару жұмыстары жүргізілсе, Жаңқожа Батыр және Құлан ақын көшелері бойындағы көгалдарды суару жалғасуда. Арыс қаласы, Ө.Жәнібеков көшесі №1 үйдің алдындағы кәріз құдықшасынан тасыған кәріз суларына «Ақаба-Сервис» мекемесінің тарапынан тазаланды. Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылы, С.Мұханов көшесі №5 үй алдындағы жер астынан ағып жатқан суға мамандар тарапынан тиісті істер атқарылды.
Тұрғындардың мәселелерді жедел жеткізуі мен кері байланысты оңтайландыру бойынша өтініш беру көздерінің аясы кеңейген. Атап айтқанда, азаматтар 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу, «Aikey» мобильді қосымшасы, Telegram-да чат бот, Whatsapp желісі, Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы өтініштерін жолдай алады. Байланыс орталықта тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымы қабылданады.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕЛІСІН ЖАҚСАРТУ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ САРАПТАЛДЫ
Түркістан өңірлік инвестициялық штабының кезекті отырысында бірнеше жаңа жоба талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында кәсіпкерлер тарапынан инвестициялық жобалар ұсынылды. Оларды жүзеге асыру және мемлекеттік қолдау көрсету мәселесі талқыланды.
«Бес Қара» ЖШС Сарыағаш ауданында 4 ірі жобаны жүзеге асыруға ниетті. Құс етін дайындау және сою бекеті жобасының құны – 700 млн. теңге. 25 адам жұмыспен қамтылады. Жоба басталып кетті. Қазіргі таңда жаңа құрылғыларды сынақтан өткізіп жатыр. Ал ірі қара мал үшін бордақылау алаңын 2500 басқа кеңейту жобасы биыл күзде жүзеге аспақ. Жоба бойынша жер анықталып, құрылысы басталған. Аталған инвестор мұнымен тоқтамай, 20 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңын да салмақ. Жоба құны – 500 млн. теңге. Жоба 2024 жылға қарай жүзеге асады. Сонымен бірге «Бес Қара» ЖШС арнайы мал сою бекетін ашып, етті шетелге экспорттамақ.
Инвестштаб отырысында Өзбекстанның «GLOBAL TEXTILE» компаниясының басшылығының да ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Өңір басшысы жобаны жылдамырақ жүзеге асыру қажет екенін жеткізді.
– Бізге әрбір инвестициялық жоба маңызды. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқармалар бұл бағытта жұмысты тоқтатпауы керек. Бүгін ұсынылған жобаларға қолдау көрсетіледі. Бюрократиялық кедергілерге жол жоқ. Кәсіпорын ашатын арнайы орындарды табу, келісімшарттар жасауда барынша қолдау көрсетілуі тиіс. Тоқыма кластері бойынша жұмысты жылдамдатқан жөн. Ешқандай кедергі жоқ, мәселелер болса, талқылауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Биыл Мақтаарал ауданында «Global Textile Turkistan» ЖШС кеңсесінің ресми ашылуы жоспарлануда. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданының фермерлерімен 15 гектарға «Наманган-77» шитін егу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Ал «Ет Агро Манкент» компаниясы Сайрам ауданынан 5000 басқа арналған бордақылау алаңын, етті терең өңдеу кешенін, сою бекетін салмақ. Жобаның құны – 6 000 млн. теңге. 100 жұмыс орны ашылмақ. Жер, несие және газбен қамту мәселесі бар. Бұл мәселелер бақылауға алынды.
Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов Инвестициялық штабта берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді. Облыс әкімі осы салада міндетін дұрыс атқара алмай отырған бірнеше әкімге сын-ескертпе айтып, жұмысты ширатуды тапсырды.
Инвестициялық штаб отырысында өңірдегі 9 индустриалды аймақтың жай-күйі сарапталып, мәселелері тыңдалды. Облыстағы арнайы экономикалық аймақты кеңейту және инфрақұрылым желісін жақсарту құрылысының жағдайы сарапталды. Сондай-ақ «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы сүйемелдеуіндегі жобалардың жағдайы мәлімделді. Осы салаларға жауапты басшылардың есептері тыңдалып, кемшіліктер екшелді. Кентау қаласының әкімі Ж.Тасовтың инвестициялық жобалар іске бойынша мәліметтері де талқыланды.
– Облыстағы индустриалды аймақтардың бәріне ревизия жасалып, мәселелері түгел зерделенсін. Бұл түйткілді шешу керек. Индустриалды аймақтарға жанашырлықпен және жауапкершілікпен қараған жөн. Әрбіріңіз әртүрлі сылтау айтасыздар. Инвесторларға жағдай жасап, кәсіпорындарды көбейту – ортақ міндет. Жаңа жобалар, ізденістер аз. Жұмысты ширатыңыздар. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша халыққа нақты көмек көрсетіп, сүйемелдеу керек, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшылар мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берді.
Инвестициялық штаб отырысында ұсынылған жобалар мен тапсырмалардың орындалуы бойынша әр аптада есеп беріліп тұрады. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы облыс әкімінің тікелей қадағалауына алынған.
«СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МЕЙЛІНШЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ»
Түркістан облысында мақта кластерін құру жобасы әзірленді. Осы жобаны талқылау және сарапшылар, мамандар пікірін білу мақсатында мәжіліс өткізілді. Жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған саланы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды екенін жеткізді.
– Облыстың өзіндік табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Бұл ретте мақта кластерін дамытудың маңызы зор. Осы салада ірі фабрика, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Екіншіден, мақта өсіруде су үнемдеу технологиясын мейлінше жетілдіру қажет. Жалпы мақта шаруашылығы үлкен ізденістер мен зерттеулерді талап етеді. Облыс әкімдігі тарапынан мақта кластерін дамытуға жағдай жасалады. Осы бағытта үлкен жоспарларымыз бар, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында өңірдегі мақта шаруашылығының ірі кәсіпкерлері, қаржылық ұйым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары мен ғалымдар өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Ең алдымен мақта сұрпының сапасын жақсарту керектігін жеткізді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Жәнібеков облыста мақта-тоқыма кластерін құру бағытындағы жоспарға тоқталды. Облыс әкімінің тапсырмасымен осы бағытта арнайы тұжырымдаманың жобасы әзірленген. Мақсаты – мақта шаруашылығын әртараптандыру, мақта-тоқыма кешені кәсіпорындарын дамыту және 2027 жылға дейін тоқыма өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өнімін алу. Шитті мақта өсіруден бастап, жоғары сапалы өнім шығаратын 75 кәсіпорын ашу, 9 кластер құру көзделген. 41 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, мақта талшығын қайта өңдеу көлемін 100 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Мата, май, киім және мақтадан өзге де өнімдер шығару мақсаты да қойылған.
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕП КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛУДА
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигондар реттеліп, талапқа сай болуы қадағаланады. Ғарыштан түсірілім жасау арқылы 2022 жылы 408 заңсыз қоқыс орны анықталып тазаланса, биыл түсірілім енді жүріп жатыр. Нәтижесімен анықталған нүктелерді дер кезінде жою бойынша аудан, қала әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар беріледі.
Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен өңірдегі тұрмыстық қатты қалдықтар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары бойынша жиын өтті. Отырысқа Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Түркістан облысы экология департаментінің өкілдері қатысты. Аудан әкімдерінің орынбасарлары онлайн режимде қатысып, тиісті тапсырмалар алды. Жиында қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, елді мекендердегі көгалдандыру жұмыстарын жүйелеу мәселесі нақтыланды.
Отырыста Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын полигондардың жағдайы бойынша баяндама жасады.
– Облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 159 полигон орны белгіленіп, құжаттандырылған. Алайда 95 полигон санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Атап айтқанда, полигондар қоршаумен жабдықталмаған, көліктердің дөңгелектерін дезинфекциялаушы бетон ваннасы мен арнайы ерітіндісі жоқ, қалдықтардың көлемін өлшейтін таразы қойылмаған және көгалдандырылмаған. Өткен жылы қоқыстарды қайта өңдеу үлесі бойынша меже толық орындалған. Биыл жылдық жоспар 23% жоспарланған. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішке қол жеткізіледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша 19 мекеме сұрыптаумен, 4 мекеме қайта өңдеумен айналысады. Атап өтсек, Ордабасы, Түркістан, Кентау, Сауран аудандарында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеп кәдеге жарату жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Басқа аудан, қалаларда қоқыстарды сұрыптау, бөлек жинау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыс бойынша Созақ, Мақтаарал, Келес, Жетісай, Отырар аудандары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіткен. Ал қалған аудан, қала әкімдіктері тарапынан бекіту жұмыстары заң талаптарына сәйкес жүргізілуде, – деді басқарма басшысы.
Жиын барысында елді мекендерді көгалдандыру мәселесіне де ерекше мән берілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, сын-ескертпелер айтқан болатын. Осы орайда Қазығұрт, Созақ, Келес, Сарыағаш, Арыс аудан орталықтарында көгалдандыру жұмыстары біршама дұрыс атқарылды. Ал қалған аудандар көшеттердің басым бөлігін мемлекеттік мекемелерге таратумен шектелді.
Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары ағаш егу жоспарын талапқа сай орындамаған аудан, қалалар жұмысты ширату керектігін тілге тиек етіп, суару жүйесін реттеу, күзгі ағаш егетін аумақтарды дайындау тиістігін атап өтті. Сондай-ақ жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі қағидаға сәйкес іс-шара жоспарын әзірлеу қажет екені айтылып, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселесі бақылауға алынатыны сөз болды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жиында осы бекітілген іс-шараға сәйкес жұмыс істеу тапсырылды. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін аудан, қала әкімдіктері мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерді, ұйымдарды жұмылдырып, алдағы уақытта көшет егілетін аумақтарды нақтылап, суғару жүйелері, қоршау жұмыстарына керекті қаржыларын бөліп, аталған абаттандыру жұмыстарын жеке бақылауына алып, басқарманың келісімімен нақты көшет саны мен түрлерін анықтап, жұмыс жүргізудің кешенді іс-шарасын дайындау жөнінде ұсыныс берілді.
Биыл ұсынысқа сәйкес 626 907 түп көшет егіледі. Қазіргі таңда 532 682 данасы аудандар тарапынан отырғызылып, күтіп-бапталуда. Бірақ аудандарда ағаш көшеттерін отырғызатын жердің су жүйелері және қоршауы жоқтығына байланысты жалпы 94 225 дана көшет алынбай отыр. Аудан, қала әкімдіктері елді мекендерді көгалдандыру бойынша, көшетке сұраныс берген жағдайда, орман шаруашылығы мекемелері сұранысты толығымен қамтамасыз етуге әзір.
Жиын соңында Ермек Кенжеханұлы полигондардың сапасын арттырып, ережеге сәйкес көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, жан-жағын қоршау жол төсеу жұмыстарын атқару жөнінде тапсырма берді.
НЫСАНДАР САЛҒАНДА ЕЛ СҰРАНЫСЫ ЕСКЕРІЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданында жұмыс сапарымен болды. Онда білім, мәдениет және спорт саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа жобаларды іске асыру жайын талқылады. Нысандарды аралап, жауаптылармен кездесті.
Құтарыс ауылында жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған «Қазақтың 100 ауылы» жобасы аясында негізі қаланған «Ozen» қайырымдылық қорының жұмысымен танысты. Аталған қор директоры Әкім Тұрсынбеков ауылды жан-жақты дамытуға бағытталған тың идеялары туралы баяндады.
Қор есебінен салынып, жұмыс істеп тұрған спорт кешені қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қазіргі таңда 100-ге жуық бала күрес пен бокс секцияларына қатысып, жаттығуда. Мұнан соң, құрылысы жүріп жатқан колледж ғимараты жайлы ақпарат ұсынылды. Идея авторларының айтуынша, озық технологиялармен жабдықталған оқу ордасында 500 бала білім алуға мүмкіндік алады. Ұстаздарға арнайы жағдай жасалып, тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр. 2020 жылы құрылған «Ozen» қайырымдылық қоры жобаларының басты мақсаты – қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік теңсіздікті жою, цифрландыру мен интернетке қолжетімділікті арттыру, кәсіпорындар ашып жұмыссыздықты азайту, инфрақұрылымды жақсартуға атсалысу, жастарды білімге шақыру, спорттық және шығармашылық тұрғыда дамыту. Барлығын мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары бірқатар жобаға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Оның ішінде балаларды тегін үйірмелермен қамту бойынша жұмыстар жүргізілмек.
Мұнан соң, әкім орынбасарына Құтарыс ауылында жаңа мәдениет және спорт кешенін салу шаралары мен жобасы таныстырылды. Пікір алмасулардан кейін нысанның жобалық-сметалық құжатын қайта қарап, әзірлеу тапсырылды. Ақсу ауылында орналасқан Сайрам аудандық орталық кітапханасы мен «Оқу өндірістік комбинатының» ғимараттарының ескіруі туралы мәселе қозғалды. Техникалық бағытта білім беретін оқу комбинатында атқарылып жатқан істер мен оқушылар жасаған туындылар көрсетілді. Б.Тәжібаев кітап қорын көбейтуге ықпал ететінін білдірді. Аталған ауылдағы спорт кешеніне ат басын бұрып, мекеме жетекшісіне «ArtSport» платформасына қатысу ұсынылды. Шығармашылық және спорттық тегін үйірмелерге қамтылған балалар саны әлі де аз екенін алға тартқан Бейсен Дәулетұлы ең әуелі тұрмысы төмен отбасындағы балаларға көңіл бөлу керектігін ескертті.
Сапар Сиқым ауылында жалғасып, Амангелді атындағы №47 жалпы орта мектебінің ахуалы ортаға салынды. 200-ден астам бала білім алатын мектеп ғимаратының бүгінде тозығы жеткен. Мұнда 36 ұстаз қызмет етеді. Ауыл тұрғындары ғимаратты апатты деп танып, жаңа білім ордасын салуды сұрайды. Жағдайдан хабардар екенін айтқан Б.Тәжібаев бұл бағыт зерделеніп, тиісті ұйғарым жасалатынын мәлімдеді.