ӨҢІРЛІК КВОТА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҚЫНДЫ

Саясат Қоғам
191 Views

«Өңіраралық еңбек ұтқырлығы (Оңтүстік-Солтүстік) шеңберінде қоныс аударушылар саны» көрсеткіші бойынша биыл Павлодар облысының еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 2 800 адам яғни 700 отбасы көлемінде квота бөлінген. Тиісінше, Павлодарға еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен 1136 адам яғни 239 отбасы қоныс аударды. Еңбекке жарамды 536 адамның ішінен 369 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Қоныс аударушылардың 64 пайызы ауылдық жерлерде, оның 17 пайызы аудан орталықтарында, қалған 36 пайызы қалаларында тұрып жатыр. Жалпы, бұл жоспардың орындалу көрсеткіші 41 пайызды құрап отыр. Айта кетсек, өңірге еңбек күшін көшіру еліміздің барлық жұмыс күші артық өңірлерінен жүзеге асырылған (Алматыдан – 315 адам, Түркістан облысынан – 395 адам, Жамбыл облысынан – 107 адам, Қызылорда облысынан – 75 адам, Маңғыстаудан – 20 адам, Нұр-Сұлтаннан – 88, Алматыдан – 31 және Шымкент қаласынан – 105 адам қоныс аударған).

Тағы бір айта кетерлігі – өңірдегі кадр тапшылығына сәйкес, облысқа білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау саласының мамандары көбірек келген. Тамыз айында өңірлік квотаға тағы да қосымша 104 адам енгізілді. Жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аудару бойынша жұмыстар 2022 жылдың ақпан айында басталған. Сол уақыттан бері Павлодар облысының делегациясы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен Түркістан, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ, Алматы, Шымкент қалаларына барған.  Павлодар облысына ел аймақтарынан бөлек, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей мен Қытай халық республикасынан 121 қандас көшіп келіп, 22 отбасы өңірлік квотаға енгізілген. Олар облыс қалаларына, сондай-ақ, Аққулы, Шарбақты, Тереңкөл, Железин және Успен ауылдарына қоныстанған. Еңбекке жарамды 68 қандастың 38-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Одан бөлек, өңірлік квотаға енгізілгендердің барлығына көшуге, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге арналған субсидиялар уақытылы төленген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы қала халқының 95 пайызы немесе 501,8 мың адам сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алған. Дегенмен облыс әкімдігінің баспасөз қызметі: «Есептеудің бұл әдістемесі сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізудің нақты көрсеткіштерін көрсетпейді деп ойлаймыз. Себебі, облыс қалаларында барлық учаскелер мен шағын аудандар бойынша жалпы ұзындығы 1 119,1 шақырым магистральдық және орамдық желілер толық көлемде салынды. Бұл халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етуге сәйкес келеді», — деп мәлімдеді.

Жалпы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының Павлодар облысының дамуына тигізіп жатқан пайдасы мол. Бұл мемлекет басшысы ұстанған «тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын құру» саясатына сай келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *