ОРТАҚ МАҚСАТ ОРТАҚ МҮДДЕГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Билік
1 224 Views

Қазақстан Президентінің былтыр 16-17 қыркүйек күндері Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын, ал 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу туралы уағдаласқан болатын. Қос елге ортақ мереке – ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамының қарсаңында Алаштың төріндегі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми түрде ашылу салтанаты өткізілді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің басшылары қатысты. Алдымен Елбасы Н. Ә. Назарбаев құттықтау сөз сөйледі. Соңында екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёевті бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Жауап сөз сөйлеген көршілес елдің басшысы қазақ халқына, оның көреген басшысына деген шынайы ризашылық сезімін жеткізді.

Тарихи рәсім тамашасынан кейін салтанатты кеш мерекелік Гала-концертке ұласты. Онда Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закиров және Өзбекстанның еңбек сіңірген ансамблі «Ялла» бастаған халық әртістері – Нормумин Султонов, Самандар Алимов, Севара Назорхон, тағы басқа да сахна саңлақтары өнер көрсетті. Көршілес елдің зергерлік және қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстандағы Өзбекстан жылының аясында экономика, туризм, мәдени-гуманитарлық салаларда 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Астана мен Алматыда Өзбек киносының күндері өткізіледі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *