ОТАНДЫҚ ТАУАР ЭКСПОРТЫН ІЛГЕРІЛЕТУ БОЙЫНША БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Экономика
683 Views

Түркістан облысы әкімдігі және «Turkistan Invest» ИТЭДАА» ЖШС бірлесе отырып, Түркістан облысының жұмыс істеп жатқан экспорттаушылары үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Мақсаты – экспортты ілгерілету бойынша мемлекеттік қолдау және қаржы институттарының қызметтері мәселелері бойынша жергілікті экспорттаушыларға жан-жақты мәлімет беру, экспорттық әлеуетті дамытуға одан әрі кешенді қолдау көрсету процесін жақсарту, сондай-ақ экспорттық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау.

Кездесуге Түркістан облысының Инвестициялар және экспорт басқармасы, Түркістан облысы бойынша «Атамекен» ҰКП, «Turkistan Invest» ИТЭДАА» ЖШС және аймақтың ірі экспорттаушылары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қазіргі экспорттаушылардың проблемалық мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, экспорттаушылар үшін «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ көрсететін мемлекеттік қолдау шаралары (индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне экспорттық шығындарды өтеу) түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Сейтбек әулеті» ЖШС және «Асыл LTD» ЖШС сияқты ірі экспорттаушылар экспорт саласындағы негізгі проблемаларымен бөлісті.

Өз кезегінде, бірнеше экспорттаушы кәсіпкерлер («Стройсервис» ЖШС, «CG FOODS CENTRAL ASIA» ЖШС) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне экспорттық шығындарды өтеу және «QazTrade» экспорттық акселерациясына қатысуға қызығушылық танытты. Өйткені, бұл перспективалы шикізаттық емес бизнеске халықаралық нарықтарға тиімді шығуға көмектесетін бірегей бағдарлама.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 65 белсенді экспорттаушы жұмыс істейді.

Түркістан облысының экспорты 2020 жылдың 11 айында 494,6 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі 352,3 млн. АҚШ долларын немесе барлық экспорттың 71 пайызын құрайды.

Шетелге экспортталатын негізгі тауарлар табиғи уран (259,4 млн. АҚШ долл.), ІҚМ еті (16,8 млн. АҚШ долл.), трансформаторлар (11,9 млн. АҚШ доллары), бидай ұны (20,3 млн. АҚШ долл.), балық еті (5,1 млн. АҚШ долл.), күркетауық еті (4,9 млн. АҚШ долл.), мақта иірім жібі (1,9 млн. АҚШ).

«Turkistan Invest» ИТЭДАА» ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары Ержанов Ахметтің айтуынша, мемлекет экспорттаушыларға үлкен қаржылық және институционалдық қолдау көрсетуде. Осыған орай, қазіргі уақытта өңірдің өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын дамыту және тұтастай алғанда отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, экспорттаушылар «Turkistan Invest» ИТЭДАА» ЖШС қызметкерлерінен мемлекеттік қолдау шаралары туралы кез келген уақытта толық кеңес ала алады.

Муаттар АЗАДОВА,

«Turkistan Invest» ИТЭДАА» ЖШС баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *