ЕШКІ СҮТІНІҢ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТТЫ

Денсаулық Экономика
249 Views

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы отбасылық ата кәсіппен айналысып, табиғи тыңайтқыштарды жасаумен айналысатын «Білал ата» шаруа қожалығының иелері кәсіптерінің ауқымын кеңейтуде. Бүгінде сүт өнімдерін өндіретін кәсіпті де қолға алып, оның пайдасын көріп отыр. Оның ішінде ешкі сүтін сауып, құрт– май, айран, ірімшік жасап, сатуда.

Ешкі сүті емдік қасиеті мол, дәрумендерге бай сусын, ағзаға құнарлы тағам. «Ешкі сүті өте пайдалы. Әсіресе, жаңа туылған нәрестелерге үлкен қарияларымызға емдік сусын ретінде көп пайдаланады» дейді кәсіпкер Гүлмира Сауленбаева. Ешкі сүті өнімдерін күнделікті тапсырыс бойынша тұтынушыға жеткізіп береді. Сұраныс артып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *