Шымкент қаласы полиция департаменті Абай полиция басқармасы осы күндері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізуде. Акцияны өткізудің басты мақсаты – көпшіліктің назарына әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, дәстүрлі отбасылық құндылықтарын және қоғамның адамгершілік қағидаларын жаңарту, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік консультация беру, сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының бар екені туралы халыққа хабарлау болып табылады.
Акцияны өткізу барысында ақпараттық қағаздар мен буклеттер таратылу, дәрістер мен сұхбаттар жүргізетін жылжымалы топтар жасақталды. Іс-шара өткізу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, және т.б. орган өкілдері қатысты.
Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қандай да бір оқиғаның куәгері бола қалсаңыз, жедел түрде бізбен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары: Шымкент қаласы ПД Абай АПБ әкімшілік полиция бөлімі 56-02-45, ҮЕҰ «Сана-сезім» 551-200, 551-300.
Р. АРЫСТАНБАЕВ,
Шымкент қаласы ІІБ Абай ПД бастығы, полиция подполковнигі.