Отырарлық Ұлжан АНАРҚҰЛОВА: ЖАЛАҚЫМ ЖАРТЫ МИЛЛИОН

Қоғам
337 Views

Бір ғана Түркістан облысында 5 мыңға жуық адам қайтарымсыз грант иеленіп, жеке кәсіпкер атанды. Грант иегерлері қазір өз кәсібін ашып дөңгелетіп отыр. Бірі мал шаруашылығын қолға алса, өзгелері тігін, тәттілер пісіру, жеміс-жидек өсіру сынды жұмыстарымен айналысады. Осы орайда Түркістан облысы Отырар аудандық жұмыспен қамту орталығы кәсіппен айналысамын деген азаматтарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант беруді жалғастыруда. Аудан бойынша жүз кәсіпкерге қаржылай несие беріледі деп жоспарланған болатын. Дегенмен, екі жүзге жуық аудан тұрғыны қайтарымсыз грант алуға өтініш білдірген. Соның ішінен комиссиядан оң шешім алып, жоспарға сай 100 адам кәсіпкер атануға мүмкіндік алған.

Отырар аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Амангелдіұлының айтуы бойынша грант алған кәсіпкерлердің басым бөлігі нан, тәттілер пісіруді қолға алған екен. Енді бір кәсіпкерлер ағаш ұстаханасын ашуды, тігін цехын, жолаушыларды тасымалдау көлігімен қызмет көрсетуді күн көріс көзіне айналдырған. Жалпы бағдарламаға қатысқандар ішінде 37 жас, 4 аз қамтылған және 3 көп балалы отбасылар бар.

Соның ішінде жеке наубайханасын ашып нәпақасын тауып жүрген Ұлжан Анарқұлова туралы әңгімелемекпіз.– Өз басым қалтамда дипломым бар, жоғары білімді, тіпті оқу орнын қызылға бітірген жандардың бірімін, – дейді кәсіпкер. – Білім ошағында, бюджеттік қызметкер де болып жұмыс істедім, бір жалақымен күн көрген, тіпті жұмыссыз қалған кездерім болды. Барлық тәжірибеден, өмірдің сабақтарынан өттім. Еңбек бар жерде ғана берекенің, қуаныштың бар екенін бәріміз білеміз ғой. Қазіргі заманда ешкімге қол жайып отыруға жағдай жоқ. Өйткені мемлекет барлық мүмкіндікті беріп отыр. Екі қолға бір күрек ұстағандардың, қолы қимылдаусыз қалмайды. Сондықтан ойлана келе, түбінде өзімнің жеке кәсібімді бастаймын деп шештім, деген Ұлжанның бүгінде қуанышында шек жоқ.

Ұлжан Әділханқызы өзіне жақын, қолынан келетін нан пісіру өнерін қолға алған. Бала күннен үй шаруасына қызығатын ол, нан пісіруді сүйікті ісіне айналдырыпта үлгерген. Алғашында тек өз отбасы, күнделікті тіршілік үшін үйінде нан жауып бастаған. Алайда бала күннен жанына жақын бұл кәсіп берекенің бастауы екендігіне нық сенімді болған. Сол сенімнің арқасында Отырарлық кәсіпкер бүгінде айына 500 мыңға жуық табыс тауып отырғанын жасырмайды. Ұлжан өз шаруасындағы қуанышы мен қиыншылығын әрдайым мақтанышпен еске алады.

«Нан бар жерде, ән бар». Расында,Ұлжан жеке кәсіпкер атануды бұрыннан ойға алса да, қаражат тапшылығы бұл істі ертерек бастауға еш мүмкіндік бермеген. Дегенмен кәсіпке деген мақсаттары мен қызығушылықтары жылдар өте еселенбесе, Ұлжанның үміті еш үзілген емес. Қаражатым жоқ деп әлсіздік көрсетпей, кәсіпкер болудың жолдарын қарастырып, талмай ізденіс үстінде жүрген. Осылайша қаржы табуды көздеп жүрген Ұлжан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бар екенін естіп, аудандық жұмыспен қамту орталығына бас сұғады. Ондағы мамандар бағдарламаның бағыт-бағдарын, жай-жапсарын түсіндірген соң, «іздегенге сұраған», Ұлжан бұл бағдарлама өзіне нағыз көмекші екенін бірден ұққан. Діттеген жетер мақсатқа деп, ести сала тәуекелмен алға бір қадам аттады. Істің оңғарылуы – адамның ынтасы мен талап-тілегіне байланысты. Бүгінде күніне 200-ге жуық ас атасын пісіретін Ұлжанның да маңдай тері өтеліп, ойындағы мақсаты орындалғандай. Содан соң, шаруасының дөңгелене жөнелгенін біліп, жұмысқа деген ынтасы әрмен қарай ашыла түскен.

Ұлжан Анарқұлова, жеке кәсіпкер:

— Өз үйімнің ауласында кішігіріп наубайханам жұмыс істеп тұр қазір. Мемлекеттің қайтарымсыз грантын ұтып алғаннан кейін, көп ұзамай сол қаржыға өзіме қажетті құралдарымды алдым. Ең бастысы нан жабуға арналған пеш пен қамыр илеуге арналған құралға қолым жеткеніне қуанамын. Шағын наубайхана болсада мен қазір, Көксарай ауылын толықтай нанамен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкермін. Бір күнде 200 ге жуық кейде тапсырысқа байланысты оданда көпнан жауып халыққа пайдамды тигізіп келемін. Бір нанның бүгінгі бағасы 80 теңге. Шынымды айтсам, айына 500 мыңға жуық табыс тауып, осы кәсіппен өз отбасымды толықтай қамтамасыз етіп отырмын. Шағын наубайхананы, үлкен наубайханаға айналдыру жоспарымда бар дүние. Осы мақсатымды іске асырсам Көксарайдан басқада ауылдық округтармен келісім-шарт түзіп халықтың сұранысына ие болсам, дейді отырарлық кәсіпкер.

Жас та болса өз кәсібін қолына алып, табысын арттырған Ұлжанның кәсібі берекелі болсын. Алдағы мақсаттары орындалып, ауданға ғана емес елімізге танымал кәсіпкер болуын тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *