826 Views
Түлкібас ауданының прокуратурасы ауданның жалпы орта мектептерінде экология заңнамасы мен санитарлық қағидалардың өрескел бұзылуын анықтады. Аудандық білім беру мекемелері өз қоймаларында ұзақ уақыттар бойы қауіпті қалдықтар тобына жатқызылатын құрамында сынап бар (1 ден 5 граммға дейін) энергия үнемдейтін люминесценттік шамдардың жарамсыз болғанын сақтап отырған. Прокуратураның қадағалау актісі қаралуымен білім бөлімімен 16 мың оқушы білім алатын 32 мектептен екі мыңға жуық люминесценттік және 100 шақты диотты шамдар шығару қамтамасыз етілді.
Түркістан облысының прокуратурасы.