ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Құқық
853 Views

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде Мақтаарал аудандық пробация бөлімі қылмыстық-атқару заңнамалары нормаларын бұзғаны анықталды. Мәселен, қоғамдық жұмыстарға жаза тағайындалған 25 сотталушыға олардың нақты жаза атқарғанына бақылау жасалмаған, сондай-ақ алты сотталушы заңда көрсетілген мерзімнен кеш есепке алынған. Пробация қызметі сотталғандарға қатысты профилактикалық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмеу салдарынан, олардың оны қылмысты қайта жасаса, 12-сі әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген. Сонымен қатар, қайта қылмыс жасағандарға басқа жаза түрлеріне ауыстыру шаралары жүргізілмеген.

Өткен жылдың басынан бастап қолданысқа енген жаңа ҚР «Пробация туралы» заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған 20 кәмелетке толмағандарға сотқа дейінгі тиісті шаралар қолданылмағаны белгілі болды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы атына заңдылықты жою туралы ұсыну прокурорлық актісін енгізді.

Прокурорлық қадағалау актіні қарау нәтижесімен аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы (қазіргі Жетісай ауданының) лауазымынан босатылды және бөлімнің алты инспекторы әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *