«ПОЛИЦИЯ СЕНДЕРГЕ МЫҢ РАХМЕТ!»

Қоғам
1 198 Views

Түркістан облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына өңір тұрғыны, ақын Сейтқұл Жұмановтың ыстық ықыласы жазылған хабарлама келіп түсті. Онда: «Қазіргі кездегі бүкіл әлемде болып жатқан коронавирус індетімен күресу басты міндет болып тұр. Соның ішінде Полиция еңбегін өз басым қатты бағалаймын. Мен ақын ретінде жаңа жазған өлеңімді сіздерге алғаш жолдап отырмын. Полицияны халыққа жаман жағынан көрсеткісі келгендерге тойтарыс болсын! Осы өлеңмен сіздерге шын ұмтылыс бергім келді. Жұмыстарыңызға Алла береке мен табыс берсін!» – делінген.

Шынында қиын да қауіпті салада еңбек еткендіктен, полицейлер барлық нәрсеге дайын болуы қажет. Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгінде елімізде мына бір індет тарап, тұрғындарды әбігерге салып қойды. Осы тұста күні-түні күшейтілген режимде жұмыс жасап жүрген тағы да тәртіп сақшылары екені даусыз.

Алдағы уақытта да полицейлер, қазақ елі үшін талмай еңбек етіп, халық тыныштығын сақтауда алғы шепте тұрмақ. Осы орайда, дүние жүзін дүрліктірген коронавирус індетінің елімізде таралмауына тәулік бойы қызмет атқарып жүрген полицейлерге арналған ақын Сейтқұл Жұмановтың өлең шумақтарын назарларыңызға ұсынамыз.

Аяғыңның сезбестен сыз өткенін,

Алдыңда тұрса дағы жүз өткелің.

Полиция сендерге мың рахмет!

Еліміз тыныштығын күзеткенің.

Тәртіп сақтап күн-түні көз ілмеген,

Барлығына қарайтын төзімменен.

Күндегі жасап жатқан ерліктерің,

Былайша жай адамға сезілмеген.

Елім деп! Ұрандайды! Аттандайды!

Ерлігін айтпайды да, мақтанбайды.

Полиция еңбегі еселі ғой!

Сендерсіз елде тәртіп сақталмайды.

Бүкіл әлем күресіп, вируспенен,

Тоқтап тұр ары-бері жүріс деген.

Өз өмірін қатерге тігіп жүрген,

Полиция еңбегін, дұрыс көрем.

Сен халықтың айбыны, айдарысың!

Сол үшін де қарапайым, жайдарысың.

Тыныштықтың күзетші, сақшылары,

Полиция елімнің айбарысың.

Жүрсіңдер тәртіп сақтап, ел деп керім!

Тыныштықтың бесігін тербеткенің.

Полиция сендерге мың рахмет!

Жана берсін жасаған еңбектерің!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *