ЖИЫРМА ЖАСЫНДА КӘСІП БАСТАДЫ

Қоғам
374 Views

Бүгінде ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грантқа ие болған қазығұрттық Абдырахман Руслан Бахтиярұлы 20 жаста, жұмыссыз еді.

Мемлекет тарапынан берілген грантты алып қазіргі таңда, кондитерлік цех ашып, жұмысын жүргізуде.

Руслан Бахтиярұлы тынымсыз еңбек етіпті. Клиент іздеп, кәсібін ашу жолында ауыл дүкенін жаяу аралап шықты десек, артық айтқандық емес. «Бір есік жабылса, екінші есік ашылады, мойымау керек» дейді өзі. Осылайша, бүгін аудандағы дүкен мен супермаркеттерге өнімдерін жеткізіп тұруға келісімге келген. Қазіргі күні «Nurzada» деген атауы бар, Русланның өнімдерін аудан тұрғындары танып қалған. Сонымен қатар, онлайн тапсырыс қабылдап, жаста болса өз кәсібін дөңгелетуде.

Бизнес экономикалық дамудың қозғаушы күші, жұмыспен қамту жөнінде маңызды әлеуметтік миссия атқарады, орта таптың негізін және азаматтық қоғамның тірегін құрайды. Сондықтан «AMANAT» партиясы отандық бизнесті жан-жақты дамытуды қолдайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *