ПРОБАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қоғам
867 Views

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасы аясында Шымкент қаласының прокуратурасымен пробация үйлерін бір орталыққа шоғырландыру бастамасы қолға алынды. Нәтижесінде, 2018 жылдың 14 желтоқсанында Шымкент қаласының Бәйтереков көшесінде орналасқан Пробация орталығы ашылды. Бұл орталықтың өзге пробация үйлерінен артықшылығы – жұмыспен қамту орталығының, денсаулық сақтау және білім беру саласының, сондай-ақ психолог және социолог мамандар бір орталықта қызмет көрсетеді.

Қабылдауды «бір терезе» қағидасы негізінде жүргізудің нәтижесінде есепте тұрған тұлғаларға көрсетілетін қызметтер төрт-бес күннен бір-екі сағатқа дейін қысқартылған.

Шараға қала әкімі, қала прокуроры және Шымкент қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылары қатысты. Қала прокуроры Мақсат Иманқұлұлы Қожабаев өз сөзінде пробациялық есепте тұрған 1134 адамға – психологиялық, 63 адамға – құқықтық, соның ішінде 35-іне жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінген квота бойынша жұмысқа орналасу үшін құжат дайындауға көмек көрсетілгенін атап өтті.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *