ПУШКИН МЕН ПУТИННІҢ ТІЛІНЕ МҰҚТАЖБЫЗ БА?

Мәселе
264 Views

Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев «ТМД аумағында орыс тілін дамыту туралы» үш ай бұрынғы бастамасын тағы қайталады.

2023 жыл — «орыс тілінің жылы» болмақ.

Бұл сөз қайдан шықты өзі?

Қазақстан президенті Тоқаев Ресей мен Украина арасында қиян-кескі ұрыс жүріп жатқан тұста орыс тілін кенет не себепті қолдауға көшті? Өз ана тілін дамыта алмай отырған мемлекет неге өзге тілдің шашбауын көтеріп әлек?

Есімізге түсіріп көрейікші, бұл сөз әу баста 2020 жылы желтоқсанда ТМД мемлекеттерінің басшыларының кездесуінде айтылып қалып еді. Яғни, мемлекет басшылары «2023 жыл — ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы» деп жарияланады деген ұйғарымға келді. Осыдан екі жыл бұрын! Бұл екі жылда көрші мемлекеттердің өмірі түгілі бүкіл әлем өзгерді!

Тажал болған тәжді вирустан соң, экономикалық құлдыраудан жер-жаһан әлі де көз аша алмай отыр. Еуропа бір жақ, Ресей бір жақ, сан мың санкциялардың уысында қалған Путин әлі де құрығынан көп нәрсені шығарғысы жоқ. Ормандай орысым деп өңмеңдеп барады. Путинше айтсақ, орыс тілі ешқандай жерде қағажу көрмеу керек!

Айтпақшы, мұны 2022 жылдың 4 қазанында Астанада өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінде Тоқаевтың есіне жақсылап салды. Яғни, Путин: «осыдан екі жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орыс тілін дамыту жөніндегі халықаралық ұйым құрсақ» деген идеясы бар болатын. Біз соны қазір қуана қолдауға және көмектесуге әзірміз!» деді.  Ал, керек болса!

Ол әріптестеріне бұл қандай да бір дайындық емес, шын мәнінде Қазақстан Президентінің идеясы екенін шегелеп айтты.

Иә, Қасым-Жомарт Тоқаев өз идеясынан өзі айнып қалмайтыны белгілі. 2023 жыл ТМД аумағында орыс тілі болып жарияланды да… Ал, біз бұдан не ұттық?

Бәлкім, бұл саяси ұпай болар? Бәлкім саясат сахнасындағы кезекті жүріс деп те көрелік. Бірақ, орыстың сойылын соғам деп, қазақтың тілін өлерменге келтіру, үнін өшіріп, үңгірге тығу – нағыз сормаңдайлық сол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *