«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ»

Рухани жаңғыру
1 451 Views

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халқымыздың тарихындағы терең мағыналы бағдарламалық құжатқа айналғаны баршамызға белгілі. Бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы секілді бағытындағы мақсат-міндеттерді айқындап берген бұл мақалада рухани жаңғырудың алғышарты болатын нақты жобалар ұсынылған. Ел келешегіне үміт артқан Елбасының аталған тұғырнамасында білім мен ғылымға айрықша назар аударылып отыр. «Терең білім –тәуелсіздігіміздің тірегі» деп атап өткен Президент Мәңгілік ел болуға қадам басқан егемен еліміздің жаhандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған,яғни сонау ата-бабаларымыздан қалған ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, ғасырлар бойы тарихымызда сақталған, қаймағы бұзылмаған, халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, ұлттық тіліміз бен дінімізді, әдебиетімізді, бір сөзбен айтқанда, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухымызды дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды өн бойына сіңіре білген білімді, бәсекеге қабілетті, көзі ашық, көкірегі ояу саналы ұрпақ қалыптасу керектігін алға тартады. Қазіргі таңда адами капиталдың басты құндылығына айналып отырған оқу мен білімнің қарыштаған дәуірінде, ұлт көшбасшысы рухани жаңғырудың негізгі талабы – «білімнің салтанат құруы білімді бәрінен жоғары қоятын ұлт қана табысқа жете алады» деп айтқаны белгілі. Осы орайда көрегендігі мол, мақсаты айқын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланғанынан бастап, біздің білім ордамызда рухани жаңғыруымызға байланысты студенттеріміздің бойына патриоттық сезімді ұялату, Отанға деген құрметін арттыру мақсатында көптеген патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізіліп келеді. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміз – балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие қалыптастыруда Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес болашақ өскелең ұрпаққа дұрыс жол сілтеу біздің басты мақсатымыз.

Марат САТКАНОВ,

Шымкент политехникалық колледжінің дене шынықтыру және АӘД пәндер кафедрасының меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *