Құқықбұзушылыққа бейімділік белгілі бір топқа, жас ерекшелігіне не болмаса жынысына қарамайды. Көп жағдайда ол сол тұлғаға әсер етіп отырған ортасына тікелей байланысты. Яғниқылмыскер болудан «мына адам» қорғалған деп кесіп айту қиын. Кез келген адамбаласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді. Демек, біздің қолымыздан қылмысатаулыны түбегейлі жойып жіберу келмес, алайда онымен күресуге барлық жолдарашық екені анық. Қоғам болып сол статистикадағы жағымсыз сандарды азайтсақ,онымен күресте берілмей, әрқайсымыз жауапкершілік сезіне білсек, бұл қазіргіжағдайда қылмысты түбегейлі жойған ерлікпен барабар. Себебі, заман неғұрлымжаһанданып жатса да адамзат мәселесі соғұрлым күрделеніп келеді. Ата-ана менбала бір-бірін түсінісуден қалып, отбасы ұғымы құнсызданып барады. Достықадалдықты емес, қалта қалыңдығын, қоғамдағы дәрежені негіз етеді. Адамгершілікұғымы «трендтен» қалып, суайттық пен опасыздық «заман талабына» айналды.Адамдардың басты ұмтылысы көк қағаз болды. Жан баласы иманды ұмытып, бос қиялмен құмарлықтың қақпанынан шыға алмай әлек. Осынау алмағайып замандажастарымызды болашақтың аманатындай бұрыс жолдан сақтауымыз керек. Ақ пенқараны күн мен түнді ажыратқандай айқын көретін ұрпақ тәрбиелеу ұлы міндет.
БүгіндеШымкент қаласында 2019-2020 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасында 123құқықбұзушылық оқиғасы орын алған. Аталған көрсеткіш 2018-2019 жылдың есептікезеңімен салыстырғанда 25 пайызға төмендеген (2018 жылы 162 құқықбұзушылықтіркелген). Мұндай көңіл көншітерлік көрсеткішке жетуге сеп болып отырғанжастар тәрбиесін қадағалауда аянбай еңбек етіп келе жатқан бір топ мамандарбар. Солардың бірі, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полицияқызметі басқармасының инспекторы, полиция подполковнигі Сапарғали Елесұлы МАМЫТОВпен мектеп инспекторының негізгі міндеті, жастар арасында өршіп тұрғанқылмыстар, өзге де өзекті мәселелер аясында сұхбаттасып қайттық.
– Мектеп инспекторының негізгі міндеті не?
– «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» — деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, бүгінгі таңда білім беру саласында бала тәрбиесіне қоғам болып көңіл аудару қажет. Мектеп инспекторының негізгі міндеті де, негізгі ерекшелігі де осы бала тәрбиесіне жақын. Ол – білім беру ұйымдарында оқушылардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмысын ұйымдастырады.
– Оқушылардың тәртібін қалай назарда ұстайсыздар? Карантин кезінде қадағалау жұмыстар қалай жүзеге асуда?
– Оқушылардың тәртібін қадағалау жұмыстары білім беру ұйымдарында ұстаздармен, әлеуметтанушы, психолог мамандармен бірлесіп жүргізіледі. Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын жайдан тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында мүдделі орган өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіліп отырады. Мысалы, қабылданған іс-шаралар нәтижесінде 2020 жылдың өткен төрт ай көлемінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болған 1328 жасөспірім анықталды.
– Мектеп жасөспірімдері арасында кездесетін ең көп құқықбұзушылық не теріс қылық туралы не айта аласыз?
– Кәмелетке толмағандар арасында ең көп орын алатын қылмыс түрі – ұрлық қылмыстары. Мысалы, ағымдағы жылдың төрт айы бойынша кәмелетке толмағандармен орын алған 57 қылмыстың 52,6 пайызы немесе 30-ы ұрлық қылмыстары. Алайда, ұрлық қылмыстары өткен жылмен салыстырғанда -34,8 пайызға (46-дан 30-ға) төмендеген.
– Құқықбұзушылық пен теріс қылық көрсетуге бейім оқушы анықталғанда онымен қалай жұмыс жасайсыздар, қандай шара қолданасыздар?
– Құқықбұзушылық не теріс қылық көрсетуге бейім оқушы анықталған жағдайда білім беру ұйымдарындағы әлеуметтанушы, психолог мамандар және білім беру ұйымдарына бекітілген мектептегі полиция инспекторлары бірлесіп, оқушы тәртібінің өзгеруіне не себеп болғанын анықтау мақсатында оның өзімен және ата-анасымен жұмыстар жүргізеді.
– Атқарылған жұмыстың нәтижесі туралы не айтасыз? Қазір мектептегі қылмыс көрсеткіші қандай деңгейде?
– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету бойынша мақсатты «Жасөспірім» және «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтара зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері түнгі іс-шаралар өткізілді. Оған жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, білім, денсаулық сақтау, отбасы, жастар саясаты мәселелері басқармасы, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 1328 жасөспірім анықталды. Ата-анасының бақылауынсыз жүрген 235 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейім бір жасөспірім Түркістан облысының Кентау қаласындағы арнайы мектеп-интернатына жолданды. Құқықбұзушылыққа бейім 154 жасөспірім және бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 85 отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды.
Ішкі істер органының есебінде тұратын жасөспірімдер және қолайсыз отбасылар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрақты түрде тексеріліп отырылды. Сондай-ақ, оқу процессі кезінде білім беру ұйымдарында оқушыларды және ата-аналарды қатыстыра отырып кездесулер ұйымдастырылып, құқықтық тақырыпта түсіндіру жұмыстары жүргізілді, кездесу барысында тәрбиелік маңызы бар «бейнероликтер» көрсетілді. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, 2020 жылдың төрт айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар -29,6 пайызға (81-ден 57-ге) төмендеген. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар қатаң бақылауға алынған.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.