Рас, бүгінде бір адам өз күнін адалдықпен көріп жүрсе, адал нан тауып жей алса қуанасың. Ал сол бір қиын кеңестің қаһарлы жылдарында, жат елде суырылып шығып, еңбегінің арқасында осындай жетістікке жеткен, лауазым мен елге оралу таңдауы тұрғанда отанына сағына оралған, өз қара басын ғана ойламай, ағайын туысының бәрінің жағдайын жасап, бір ғұмырын кәсібі мен жақындарына арнаған асқар таудай әкеміз, ардақты атамыз Пернебай Ырзақұлұлының өмірі көпшілікке үлгі болары сөзсіз. Иманды бол, Бақұл болыңыз! Осы өлең жолдарын өзіңе арнаймыз:
Сен қазақтың қайталанбас ерісің,
Еңбегіңнің елің жеді жемісін.
Жақсылыққа жан құмар жан едің,
Үлгі алатын тұлға сенсің біз үшін.
Кең далада еркін жортқан бөрісің,
Көне көзден сарқыт болған серісің.
Қандастарды алып келдің өшіріп,
Ердің ісін жасап бердің ел үшін.
Әрбір ісің есте қалды сақталып,
Арқаңызда біздер жүрміз шаттанып,
Ұл қызыңыз мынау менің атам деп,
Сізді мәңгі айта алады мақтанып.
Еске алушы,
ұл-қыздары мен немерелері.