ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының 2018 жылғы 28 сәуірдегі «Соттағы татуласу рәсімдері» қанатқақты жобасын іске асыру туралы №6001-18-7-4/89 өкімін іскеасыру мақсатында Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2019 жылғы 8 қаңтар №16өкіміне сай, осы соттың судьясы ретінде аталған қанатқақты жоба бойыншататуластыру рәсімдерін жүргізетін судья болып бекітілдім. ҚР Жоғарғы Соттөрағасының аталған өкімімен қанатқақты жоба шеңберінде жүзеге асырылатынпроцестік әрекеттердің алгоритмі бекітілген.
Шымкент қаласы Абай аудандық соты төрағасының өкіміне сай азаматтық істер бойынша:
Балаларының мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, баланы басқа адамдарын тартып алу, білім алушылардың білім жүйесіндегі жалпы орта, жалпы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы);
Еңбек даулары (ҚР Еңбек кодексі 159-бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясында жүгіну тәртібі көзделмеген даулар);
Мұрагерлік даулар;
Көршілердің арасындағы жер телімдерінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы туралы даулар;
Пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша;
Некені бұзу және мүлікті бөлу туралы;
Қарыз келісім-шарттары бойынша даулар;
Сақтандыру даулары;
Мүлікке меншік құқығы туралы;
Тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша;
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы; Корпоративтік даулар бойынша;
Медициналық қызмет көрсетуіне байланысты дауларды қарау жүктелген.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның 2016 жылғы жаңадан қабылданған Азаматтық процестік кодексте өзінің орнын айқындай отырып енгізілді.
Татуластыру рәсімі заңды күшіне енгізілген уақыттан бері көптеген дауларды сотқа дейін кәсіби медиаторлардың қызметі арқылы мәмілеге келу жолдарымен шешіле білген. Дегенмен де медиаторлық қызмет пен татуластыру саясаты халық арасында кең таралып үлгерген жоқ. Сол себепті де татуластыру рәсімін халық арасында жіктей отырып түсіндіру мен таныстыруды негізге алып үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізілуде. Халық арасында жастарды, зейнеткерлікке шыққан қоғам зиялылары мен ақсақалдарды, қоғам белсенділерін ақылы қызметке шақыру, жергілікті атқарушы қызметкерлердің тарапынан тізімге алу, бақылау, сонымен қатар қаржымен, офиспен және ұйымдастырушылық іс-шараларымен көмек көрсетілуін қамтамасыз етілуде. Арнайы оқу орындарында медиация тақырыбы және оның тиімділігі сыңайлы тақырыптар бойынша ақпараттармен таныстыра отырып дәрістер өткізілді. Халықпен, қоғамдық ұйымдармен «дөңгелек үстел» мәжілістері, брифингтер және жиындар өткізіп, татуластыру рәсімі бойынша және татуластырудың экономикалық, рухани тиімділіктерін қоғам санасына кеңінен жеткізу көзделген. Аталған іс-шараны тек қала көлемінде ғана емес, аудандық, ауылдық, ауылдық округтік деңгейде жүзеге асыру керек. Соттар мен кәсіби медиаторлардың қызметтік уақытынан азаматтарға арнайы күн мен уақыт белгілеп, татуласу рәсімінің іс жүзіндегі лауазымдығымен таныстыруды жүргізген жөн. Халық арасында пайда болған түсінік қызығушылыққа әкеледі. Егер де сол қызығушылыққа дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілсе дұрыс шешімге әкеледі. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар негізінде кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың арасында бәсекелестікке әкеліп жоғары жетістіктер әкеледі. Бұған дәлел ретінде әлемнің экономикалық сахнасындағы нарықтық экономиканың бәсекелестік негізінде жоғары жетістіктерге жетіп, жылдар сынағынан өтуі куә. Бүгінде дауды тек сот шешеді деген көзқарас санамызда қатып қалған. Сәл дау туса, дереу сотқа жүгінеді. Екі арадағы мәселені сот аренасына шығарып шешкісі келеді. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар осы қате түсінікті жоюға бағытталған болып табылады.
Бағытталған іс-шаралар тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінің тұтастығы ұйытқысын бұзылуының алдын алуға бағытталғанын жеткіземін. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясының мақсатына жеткізуші де мемлекетіміздің тірегі де – қоғамымыз. Бәрімізге мәлім адам арасындағы дау негізінен отбасы, ағайын туыс, жора-жолдастар мен ұжымдастар арасында көптеп орын алады. Бұл дегеніміз – кіші Отан арасындағы дау болып табылады. «Еліңді түзегін келсе, бесігіңді түзе» дегендей, бесігіміздің жылы ошағы болар отбасындағы дауларды сотқа дейінгі татуластыру жолымен жүргізу қажет. Дау – қоғамның рухани құндылығымен тұрақтылығын жоятын негізгі індет. Елімізді рухани жаңғыртуын қолға алу барысында қазіргі таңда қоғамда тамырын терең жайған індеттерді жоюдан бастауымыз қажет. Соңғы татуластыру тәжірибесінің нәтижесіне сүйенсек, татуластырудың кеңінен қолдану аясы жалпы және құқықтық дәстүрі деңгейінің биік аумақтарында орын алуда. Демек, татуластыру саясатын қоғамға енгізіп, әлеуметтік жалпы және құқықтық дәстүр деңгейін жоғарлатуды сабақтастыра отырып, орындалуын қамтамасыз етеді. Сотқа дейінгі татуластыру бүгінгі азаматтық іске белшесінен батқан судьяларымыздың қызметтік сапалығы мен нәтижелігінің артуына әкеледі. Ел басымыз бен ел ағаларымыздың алға қойған салиқалы саясаты еліміздің рухани тұрғыда деңгейін жоғарылату арқылы жас ұрпақтарымызға әлемдік сахнада нық орныққан ауызбіршілігі бұзылмас мәңгілік елді аманат ету. Осы себептен талқылауға алынған сұрақ қоғамымыздың өзекті мәселелері екені даусыз.
2019 жылдың қорытындысы бойынша бітімгер судьяның қарауында 1132 талап арыз берілген. Соның ішінде 245 талап арыз бойынша тараптар бітімге келді. Ал 267 іс бойынша тараптардың талап арыздан бас тартуына байланысты тоқтатылған. 11-і іс бойынша қараусыз қалдырылған. Татуластырушы судьяның атқарған жұмысының нәтижесінде тараптардың татуласуымен аяқталған істері 2018 жылмен салыстырғанда (166 іске) біршама көбейген.
Еркен ОТАРБАЕВ,
Шымкент қаласы Абай ауданы сотының судьясы.