«АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қоғам Құқық
808 Views

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Адал жол» акциясы ағымдағы жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында еліміздің барлық қала, аудандарында өткізілсе, 23 қараша күні «Адал жол» марафоны жаңа облыс орталығы Түркістан қаласында өз мәресіне жетті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев арнайы қатысып, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтан эстафета қағидаты бойынша өткізілген марафон нәтижесі бойынша жасалған «Адал жол» кітабын  қабылдап алды.

Жиында сөз сөйлеген департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев эстафета өткізудің мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету екенін атап өтіп, «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына белсене қатысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар тапсырды.

Айта кетейік, «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет  қала, аудандардағы жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен өтуде. Марафон аясында Түркістан қаласында жалпы 70-ке жуық іс-шаралар,  яғни семинар-кеңес, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстел, кездесу, велошеру, автошеру, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларға жалпы 10 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *