СҰЛТАН РАЕВ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИХАЙ ЭМИНЕСКУ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ

Мерей
16 Views

Қазақстанда әлем әдебиетінің атақты классигі Михай Эминеску атындағы халықаралық академияның беделді әдеби сыйлықтарының бірін тапсыру рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Азия, Еуропа, Африка және Америка елдерінен белгілі ақын-жазушылар, Нобель сыйлығына үміткерлер, Швеция академиясының мүшелері қатысты.
Михай Эминеску атындағы Халықаралық әдеби академиясы (Румыния) Орталық Азияның көрнекті ақын-жазушыларына академияның ең жоғары наградасы Михай Эминеску алтын медалін табыс етті. Лауреаттарға алтын медальмен бірге лауреат атағы берілді.

Сыйлықты алғандардың арасында есімі әлемге әйгілі Қырғызстан жазушысы Сұлтан Раев пен ақын Карбалас Бәкіров бар. Сондай-ақ лауреаттық атақты Қазақстаннан – ақындар мен жазушылар Ұлықбек Есдәулетов, Серік Ақсұңқарұлы, Ақұштап Бақтыгереева, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Мейірхан Ақдәулет, Өзбекстаннан Осмон Азим, Түркиядан жазушы Мұса Қасым Арыжан алды.

Ақпарат ғаламтор материалдары негізінде әзірленді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *