ЖАЗУШЫҒА ҚҰРМЕТ

Мерей
407 Views

Жуырда Алматыдағы Достық үйінде белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлының шығармашылық кеші болып өтті. Ол қазірге дейін 59 кітап шығарған қаламгер. Ал, өткен жылы Жамбыл сынды ұлы ақын жайлы 40 том жинақ шығарған жамбылтанушы. Кітаптары түрік, өзбек, қырғыз, маңғол тағы басқа тілдерге аударылған.

Бұл жиында Н.Қапалбекұлына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты мен Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қариннің құттықтау хаттарын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев салтанатты түрде табыс етті.

Нағашыбек Қапалбекұлының шығармашылығы жөнінде әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің профессоры, филология ғылымының докторы Қансейіт Әбдезұлы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, Қазақстан Жазушылар одағының проза саласының жетекшісі, жазушы Қуандық Түменбай, Қазақтың Ұлттық агроуниверситетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Алтынарай Тебегенова және басқалар құттықтау сөз сөйледі.

Бұл кеште жазушының өзбекше аударылып басылып шыққан «Дос жүрегі» атты кітабының тұсаукесері өткізілді. Халықтар Ассамблеясының мүшелері қырғыз, өзбек, түрік өкілдері сөз алып, Н.Қапалбекұлының шығармаларының халықтар бірлігі, ұлттар достығы жайлы құндылығын ерекше атап айтты.

Алмасбек МӘУЛЕНОВ,

Жамбыл атындағы «Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу» Орталығының жетекшісі

Ардақ КАКИМОВА,

ғылыми жетекші маман

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *