СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАР

Қоғам
398 Views

Жұмыс іздеп жүргендерді шақырамыз, — дейтін кезекті облыстық жәрмеңке тағыда ұйымдастырылды. Мұндағы басты ниет, жұмыс берушілер мен жұмыссыздардыкездестіріп, олардың еңбек нарығындағы сұранысын толықтыру екені белгілі.Осындай мақсатта Түркістан облысында «Еңбек нарығының болашағы, жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке болып өтті.Бүгінде дәстүрге айналған жәрмеңкенің халыққа тиер пайдасы орасан. Сұранысқа иемамандықтарды насихаттау, халыққа ұсыну үшін жасалған бұл шарада, Солтүстік өңірге көшуге ниетті тұрғындарды да қамтылған. Оларға қажетті өңірлерде қандайжұмыстар бар екенін арнайы мамандар айтып, түсіндіреді. Одан бөлек жәрмеңкедемүгедектігі бар тұлғаларға, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар меналимент төлейтін борышкерлерді арнайы квота негізінде жұмыспен қамту көзделген.

Облыстық деңгейде өткен бос орын жәрмеңкесі 4 бағытта іске асырылды. Олар:

1.Түркістан қаласының жұмыс берушілері мен Созақ ауданының ірі кәсіпорындарынан вахталық әдіспен бос жұмыс орындарын ұсыну.

2. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грант алып, жеке кәсібін ашқан азаматтардың жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру

3. Еңбек қатынастарын сақтау бойынша енгізілген заңнамаларға түсіндіру-семинар жұмыстарын жүргізу.

4. Солтүстік өңірлерден келетін делегация өкілдерінің көшуге ниетті азаматтарды ынталандыру, бос жұмыс орындарын таныстыру, кеңес беру.

Өткізілген жәрмеңкеде жалпы 334 тұрақты жұмыс орын ұсынылды. Нәтижесінде ,200 адамға «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобасына жолдануға мүмкіндік берілді. Солтүстікке көшемін деп келген 6 мыңнан астам азамат жұмыс орындары туралы қажетті кеңестерін алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *