ГРАНТҚА ҮМІТКЕР ШЕБЕРХАНА ИЕСІ АТАНДЫ

Экономика Қоғам
382 Views

Ордабасылық Ләйлә енді кәсіпкер. Ол небәрі 3 айлық қысқа мерзімді өқукурсынан өтіп осындай жетістікке жетіп отыр. Түркістан облысы киелі Ордабасыауданының орталығы болып саналатын, Темірлан ауылында тігін шеберханасы өзжұмысын бастады. Шеберхана иесі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200АЕК грант ұтып алған. Ләйләнің жаңа бизнес идеяларға арналған жобасы сәтті шығып, «Aisha» шеберханасының қызметін халыққа ұсынуға мүмкіндік берді.Шеберхана қызметіне халық жиі бас сұғатын болған. Алтын қолдың шебер ісіне тәнті болып ризашылықтарында жасырмайды екен.

Ләйлә, жеке кәсіпкер:

— Тігін өнеріне мектеп қабырғасынан қызығушылық танытамын. Осыған дейін өзімнің шамам келгенше тігіспен айналысып ақша тапқан кездерімде болды. Алайда халыққа қолжетімді болуы үшін орталықтан шеберхана жұмысын ашуды ойластырдым. Осы оймен мемлекеттің қолдауына ие болдым. Грант иегері атанғаннан кейін де, бұл істі бірден бастап кету оңай болмады. Қаражатты тиімді жұмсап, қажетті құралдарымды нақты алып жұмысқа кірісіп кеттім. Көз қорқақ, қол батыр,- дегендей өзіме деген сенімім мені жетістікке сүйреп келе жатыр,- дейді шеберхана иесі.

Айта кетейік бұндай жобалар осымен ауданда тоқтап қалмақ емес. «Бастау Бизнес» жобасы аясында ауданда биыл 173 азамат жаңа идеяларға арналған грантқа қатыса алады. Бастысы қаражат тиімді бағытта пайдаланып, жұмыс іздегендер үшін айналысар кәсіп көзіне болса игі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *