СӨЗ СҮЙЕКТЕН ӨТІП, ЖҮРЕККЕ ЖЕТСЕ ЕКЕН

Көзқарас Рухани жаңғыру
409 Views

Қазақстан Жазушылар одағының тілі, көзі болған «Қазақ әдебиеті» газеті жуырда жазушы Ғани Қариннің «Айтайын деп айтпайсың» деген сыни мақаласын басып, халық жүрегіне ұялаған, әлеумет әлдеқашан бағасын берген «Алаш жолы» бойына орналасқан қасиетті Қазығұрттың биік белесіндегі «Мәңгілік ел» саябағы жайлы сөз қозғады.

Мақала авторының көзімен көріп, көңіліне түйген көріністерге берген бағасы,ұлтымыздың руханиятына орасан зор қосылған ел мақтанышына айналған «Мәңгілік ел» саябағының атына заты сай екендігі шынайы бейнеленген. Осы сәулет өнерініңМемлекеттік сыйлыққа ұсынылып, комиссия тарапынан мағынасы мен маңызына көңілітолып, даусы жеткенмен, қауқары жетпегендігі баяндалыпты. Сонда Құлагердіқұлатқан қиянатшылдар әлі де арамызда жүргенін тілге тиек етіпті. Халықмойындаған ел игілігіне қызмет етіп тұрған алып кешеннің абыройына нұқсанкелтіретін не себеп болып еді.

Шен-шекпен киген шенеуніктер көлеңкесінен қорқатын су жүректер болмаса, әділ бағасын бермес пе еді. Ескіден келе жатқан ездік пен құлдық санадан арыла алмаған атқа мінер азаматтарымыз, барды жоқ қылып көрсетіп, жағымпаздықпен жан сақтайтын, қызметін қызғыштай қорғайтын, өтірік айтып, көз бояйтын шенеуніктер қай уақытта болса да, қара басының қамын ойлап, ұлттық мүддені орға жығатыны көрініп тұр.

Халқымызда «Сөз сүйектен өтеді, саналының жүрегіне жетеді» деген тәмсіл бар. Сол айтылғандай жүрекке жетер сөздерді ұлыларымыз да айтқан, бірақ еститін құлақ, көретін көз болмаса бәрі бекер. Сүйексіздерге сүйкеп айтқанмен, жүрексіздерге жүректен шыққан сөз жетпесе, сананы өзгерту қиын екен.

Мақала авторына, шыңғырып тұрған шындықты бетке басып, көптің көңіліне жеткізіп, әділетсіздікке араша түскеніне рахмет айтамын!

Ілия ЖАҚАНОВ,

жазушы, композитор,

Қазақстанның Еңбек Ері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *