ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Денсаулық
1 456 Views

Тамақтан улану – ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микро организмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғатымикробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардыңтамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқ астынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуіненболады.

Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз.

Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы нормамен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.Табиғаты бактериалды тамақтан улану – белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен (токсиндері) зарарланған асты тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.

Тамақтан уланудың жалпы сипаты: Олардың пайда болуы ас ішуімен тікелей байланысы; белгілі таралу жолының болмауы; ас қорыту жолының гастроэнтериті; Әлсіз организм улануымен өтеді. Тамақтан улану (К.С.Петровский ұсынысы бойынша) Микробты: токсикоинфекция, токсикоз, микотоксикоз.

Ерекшелігі: маусымдылығы айқын, жасырын кезеңі ұзағырақ. Дене қызуы көтеріледі. Ағымы тек қана жедел болады. Бір аспен 2-ші ас байланысты жаппай улану айқынырақ. Летальдылығы төмен.

Микробсыз: өсімдік текті азықтар, жануар, улы химиялық заттар.

Микробсыз тамақтан уланудың ерекшелігі: Маусымдылығы жоқ. Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін). Дене қызуы көтерілмейді. Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал. Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты. Жаппай уланудан айқындылығы аздау. Токсикоинфекциялар – микро организммен көп дәрежеде тұқымданған (1 мл немесе 1г азықта 10,6-10,7) тағам мен азықтардың тұтынудан туындайтын жаппай кездесетін ауру. Токсикоинфекцияны тудыратын шартты патогенді микро организмдер: Ішек таяқшалары -Е.coli: Протей таяқшасы; Cl.perfringens; Bac.cereus; Микробсыз тамақтан улану. Микробсыз тамақтан улану микробы улануға қарағанда жалпы уланудың 5-10 %-н құрайды. Уланудың бұл тобына өсімдік текті азықтармен, жануар, улы химиялық заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын аурулар жатады.

Тамақтан уланудың профилактикасы

1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз.

2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.

3.Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.

4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.

5.Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.

6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.

7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.

8.Ас үйді таза ұстаңыз.

9.Таза суды пайдаланыңыз.

10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.

Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ, тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.

Г.КАЛЖАНОВА,

Түркістан қалалық СЭББ бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *