«ТУҒАН ЖЕР – ТҰНҒАН ТАРИХ»

Рухани жаңғыру
1 497 Views

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысының ЖОББМ 11 сынып оқушыларына арналған «ТУҒАН ЖЕР – ТҰНҒАН ТАРИХ» атты интеллектуалдық сайыстың бағдарламасы

ӨТЕТІН ОРНЫ:

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Рухани жаңғыру орталығы». Бас ғимарат, 223 дәрісхана.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Батыс Қазақстан облысының ЖОББМ мемлекеттік тілде оқитын 11сынып оқушылары. Әр ауданнан бір командада бес оқушыдан болуы тиіс.

ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ:

Оқушыларды өлке тарихын танып-білуге баулып, тарихи сананы жетілдіру және өскелең жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

ШАРАНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТҮРІ:

Интеллектуалды сайыс түрінде.

Интеллектуалды сайыс үш кезеңнен тұрады.

1 КЕЗЕҢ: «ЖОБА ҚОРҒАУ»

Алдымен сайысқа қатысушы әр топтың жетекшілері өз командасымен таныстырады. Команданың аты, эмблемасы болуы тиіс. Одан кейін әр топтан бір немесе екі оқушы шығып, туған жерге, оның тарихына, көне тарихи ескерткіштеріне, киелі жерлеріне, тарихи тұлғаларына қатысты жасаған жобасын слайд арқылы қорғайды. Оған 10 балға дейін баға қойылады. Қорғауға 15 минут уақыт беріледі. Келесі кезеңге көп балл жинаған алты команда өткізіледі.

2 КЕЗЕҢ: «БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР»

Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қоғамтану пәндері бойынша интеллектуалды сұрақтар қойылады. Интеллектуалдық сайысқа қатынасу үшін әр топтан бір оқушыдан шығады. Сұрақтар деңгей бойынша қойылады. Қатысушы 10 балдан 50 балға дейінгі ұяшықтарды тақырып бойынша таңдайды. Сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда басқа команда мүшесі жауап бере алады. Келесі кезеңге көп балл жинаған үш команда ғана өткізіледі.

3 КЕЗЕҢ: «ҰШҚЫР ОЙ МЕН ШЕШЕН ТІЛ»

Командаларға Асан Қайғы, Қорқыт Баба, Сырым шешен, Абай Құнанбаев секілді қазақтың ұлы ойшылдарының даналық сөздерінен үзінділер оқылады. Топтан бір оқушы шығып, сол нақыл сөздердің мән-мағынасын, маңыздылығын түсіндіреді. Оқушының ой ұшқырлығы, сөз саптауы бағаланатын болады. Оған 10 балға дейін баға беріледі.

Қорытындысында жеңімпаз командалар анықталып, әр кезең бойынша белсенді қатынасқан командаларға, оқушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілетін болады.

МАРАПАТТАУЛАР:

1. Интеллектуалдық сайысқа қатысқан әр қатысушыға университет логотипі басылған қойындәптерлер мен қаламсаптар беріледі ( 60 дана).

2. Жеңімпаз командалар Алғыс хатпен (15 дана) және сыйлықтармен марапатталады:

1 орын – құлаққап (наушник) (5дана).

2 орын – телефон қуаттағыштар (зарядник) (5 дана).

3 орын – университет логотипі басылған футболкалар мен бейсболкалар (5 дана).

Батыс Қазақстан облысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *