ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗБЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

Қоғам
599 Views

«Түркістан қаласындағы барлық жылыту қазандықтары газбен жылыту жүйесіне көшеді. Аталғанжұмыстар биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Орталық жылуқазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру арқылы қаламыздың бастымәселесіне айналып отырған экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік туады», –деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын аралау барысында.

Облыс басшысықаладағы мәдени-рухани орталық аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда инженерлік инфрақұрылым құрылысы, яғни, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінорнату жүргізілуде. Аймақ басшысы тұрғындарға арналған серуен құратын демалысорындары мен мәдени ошақтарда жүріп жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Қалалық саябақ аумағының инженерлік инфрақұрылым жүйелері 80%-ға аяқталған.Аяқжол тақталары төселіп, субұрқақтар салынған.

Бассейні бар спорттық кешенінің айналасы абаттандырылып, ағаштар отырғызылуда. Заманауи үлгіде бой көтеретін нысан 1300 орынға лайықталған. Аумағы 11 515 шаршы метрді құрайды. Айта кетейік, шаһарда мемлекет қаржысына ғана емес, шетелдік инвесторлардың қатысуымен де құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *