АҢ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Туған жер Қоғам
480 Views

Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды. Табиғатқа үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір бөлшегі әсерлі үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын, будақ бұлттары мен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры да ғажап сұлулық сыйлайды. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, оның әрбір сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес.

Өсімдіктер мен жан-жануарлар да табиғаттың бізге берген сыйы. Олардың түбірімен жойып алмас үшін біз қызғыштай қоруымыз керек. Олардың санын көбейту, сирек кездесетін аң-құс, жануар түрлерін сақтап қалу мақсатында мемлекеттік шаралар қолға алынады.

Ауыл шаруашылығының министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2016 жылғы 24 қарашадағы №265 бұйрығына сәйкес биылғы 16 ақпаннан бастап аң аулауға тыйым салынды. Осыған орай Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында мекендейтін жабайы аң құстардың Боралдай, Ордабасы және Шымкент орман шаруашылығы бойынша 2022 жылғы көктемгі санақ жұмыстары жүргізілген болатын. Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу, оның кадастры мен мониторингін шығару ережесіне сәйкес аяқталды.

Мекеменің аң қорғау инженері мен мемлекеттік аумақтық инспекторлары «Қызыл кітапқа» енген, біржолата жойылып кету қаупі бар басқа да аң-құстардың есебін алды. Боралдай орманшылығына қарасты айналымдардың бадалдарынан Қаратау арқарлары мен Сібір еліктерінің жайылып жүргені дүрбімен бақыланды. 2021 жылға қарағанда аң-құстардың едәуір көбейгені байқалады.

Көктемгі аңшылыққа тыйым салынғаннан аңшыларға ескерте келе «қоршаған орта мен табиғаттың тепе-теңдігін сақтап, аң құстарды аялайық,ағайын!» дегіміз келеді.

Ш.АБДИЛАХАТОВ,

Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі КММ-нің аң қорғау инженері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *