ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

Саясат Қоғам
383 Views

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте ПрезидентҮкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақтытабысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерліктідамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырмаберген болатын. Түркістан облысында осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. ҚРПрезиденті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылғанбаспасөз мәслихатында Дархан Сатыбалды осы мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

Облыста қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. 5 жылда олардың саны 184 мыңға жетті. 5 жылда шығарылған өнім 11 есеге дейін өсіп, 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 130,9 млрд. теңге). «Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бизнес субъектілері 46 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Өз ісін бастауға ынталы азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы өткен жылы 22 336 қызмет түрі тегін көрсетілді.

– Түркістан қаласын рухани астана ретінде дамыту бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. 5 жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі. 5 жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9 347 жұмыс орны құрылды, – деді Дархан Сатыбалды.

Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Өсім қарқыны бойынша өңір республикада алдыңғы орында (5 айда 196,1 млрд. тг.). Түркістан облысында 5 жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды.

Бүгінгі таңда өңірде орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердің жалпы саны 720-ға жетіп, қамту деңгейі 86,4% құрады (2 025 мың адам немесе 95,6%). Биыл 18 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры салынады, 12 елді мекеннің тозығы жеткен су жүйелері жаңартылады. 465 елді мекенге газ жүргізіліп, қамту деңгейі 56% құрады (1 537,6 мың адам немесе 72,6%). Биыл 68 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 57 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.

5 жылда 6 100 км жол құрылыс-жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71,2%-дан 92%-ға жетті. Биыл 2 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылдың соңына дейін қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 95%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

БЕС ЖЫЛДА 13 ЖАҢА МӘДЕНИЕТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Осы қысқа ғана уақытта облыс пен Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды. Тарихи шаһарда 250-ден аса жаңа нысан бой көтеріп, адам танымастай өзгерді.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13 мәдениет мекемесі салынып, пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі облыс орталығында бой көтерді. Тарқата айтсақ, «Фараб» ғылыми әмбебеп кітапханасы, «Ұлы Дала Елі» орталығы, Түркістан музыкалық драма театры, «Конгресс холл» көпсалалы кешені, «Ақжайық» музыка мектебі, Оқушылар сарайы, Амфитеатр, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы қалалық саябағы, Қожа Ахмет Ясауи музейі, Тұңғыш Президент саябағы және Созақ ауданындағы С.Қожанов атындағы музейі т.б. нысандар бар.

Сондай-ақ өңірде өткен жылы құрылысы басталған 13 ауылдық мәдениет үйі биыл, яғни жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылмақ. Сонымен қатар, биыл облыста 6 мәдениет үйінің құрылысы басталып, 2024 жылы қолданысқа беріледі.

Бес жылдық белестің қарсаңында, облыс әкімдігінің қолдауымен өңірімізде бірқатар шаралар қолға алынды. Соның бір айғағы – «Фараб» әмбебап-ғылыми облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бес жылдыққа — бес әдеби сапар» атты игі жоба қолға алынған. Тараз қаласынан басталған кітап керуені Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында жоғары деңгейде кездесу кешін өткізді. Аталған жоба аясында «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы да жүзеге асты. Жалпы бұл кітапхананың қор сақтау бөлімінде қазіргі таңда 400 мыңға жуық кітап бар.

Сондай-ақ, Түркістанның туристік, мәдени әлеуетін дамыту мақсатында сәуір-шілде айлары аралығына жоспарланған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында әр аудан, қаланың мәдени күндері өтіп жатыр. Аталған мерекелік шара бүгінде шетелдік туристердің де ерекше қызығушылығын арттырды.

Облыстың 5 жылдығына арналған мәні терең мәдени, рухани іс-шаралар алдағы айларда да жалғасады. Атап айтсақ, тамыз айында «Арыс жағасында» ретрофестивалі мен «Ұлы дала дәстүрі» этнофестивалі, қыркүйек айында «Түркістан дауысы – 2023» республикалық эстрада әншілерінің байқауы, қазан айында дәстүрлі халықаралық «Voice of Turan – 2023» қазақ әндері байқауы, сондай-ақ «Ән, жырым саған, Түркістан» атты Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының концерті т.б. кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда Түркістан облысында 688 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде 396 кітапхана, 251 клуб мекемесі, 3 театр, 1 орталық, 1 филармония, 1 конгресс холл, 1 фильм мекемесі және 9 саябақ бар.

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРЫЗ-ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір тұрғындарының арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға жазылған 10 азамат маңызды мәселелер жөнінде талап-тілектерін жеткізді.

Әкім орынбасарымен бетпе-бет кездесуге Ордабасы, Сайрам, Отырар, Созақ, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындары арнайы келді. Шағымдар мен ұсыныстардың басым бөлігі: білім, мәдениет, және ақпараттық салаларға қатысты болды. Атап айтқанда, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, жаңа білім нысандарын салу, мекемелерге басшы тағайындау, мәдениет үйлерін жөндеу бойынша қаржыландыру, негізсіз жұмыстан босату жөнінде талаптар зерделеніп, сондай-ақ пилоттық жобалар ұсынылды.

Азаматтармен кездесуге облыс әкімдігіне қарасты жауапты басқарма басшылары мен орынбасарлары, аудан, қала әкімінің орынбасарлары шақырылып, көтерілген проблемалар мен туындаған сұрақтар қаралды. Талқылай келе, Бейсен Дәулетұлы мұң-мұқтажын жеткізген тұрғындардың өтініштерін қайта сараптап, жауап жолдауды тапсырды.

— Мен ай сайын облыс тұрғындарының талап-арызына құлақ түру үшін қоғамдық қабылдауды тұрақты түрде өткіземін. Бүгін де жетекшілігімдегі салалар аясында арыз-талаптарды қарадық. Қабылдауға келгендердің бірі ауылдың проблемасын арқалап келсе, енді бірі жеке мәселесінің шешілуін сұрайды. Көп жағдайда белсенді азаматтарымыз өзекті әрі күрделі түйткілдерді қозғап, халық мүддесі үшін шырылдап, алаңдайды. Оларды мұқият тыңдап, мемлекеттік органдардың ресми жауабына сүйене отырып, заң аясында қарастыруға қаншалықты мүмкіндік бар екенін анықтадық, — деді Б.Тәжібаев.

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Кентау қаласында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша биылғы жылы Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінде өтпелі кезеңмен бастау алды. 2022 жылы су және кәріз жүйелері толықтай ауыстырылған. Бұл туралы «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны 425,0 млн теңгені құрайды. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша, жобаға сәйкес шатыры, эл.желілері, вентиляция, жылу жүйелері, терезелері және т.б ауыстырылып, жұмыстар 2023 жылы тамыз айының соңына аяқталу көзделген.

 Партияның Кентау қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров, филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Камалбек Беркімбаев, комиссия төрағасының орынбасары Шерәлі Дәрібаев, комиссия мүшесі Абдинаби Розибаев, комиссия хатшысы Бейсен Самбетов тапсырыс беруші және мердігер, техникалық қадағалаушы мекеме өкілдерінің қатысуымен жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жөндеу жұмыстарына мердігер «СКС инженеринг» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Pro Expert» ЖШС және авторлық қадағалаушы «Асыл строй» ЖШС.

Мониторинг жұмыстары барысында тапсырыс беруші мен мердігерге кемшіліктері көрсетіліп, жұмыстардың және материалдардың сапасына аса мән беруді, жұмысшыларды арнайы киіммен қамтылуын және жұмыстардың өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуін тапсырды.

 Бүгінде жөндеу жұмыстарына 40-тан астам жұмысшы тартылған, оның ішінде 12-і жергілікті қаланың тұрғындары.

БАСАРОВ БАСТАҒАН ТОП БАЙЫЛДЫРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Кентау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Басаров бастаған топ Байылдыр ауылы белсенділерінің өтініштеріне сәйкес ауылда қордаланған мәселелермен танысты. Кездесуге ауыл тұрғындары және қалалық мәслихат депутаты Ұ.Мұсаханова қатысты.

Бюджеттен бөлінген қаржыға салынып жатқан спорт алаңшасы тұрғындардың көңілінен шықпайтыны анық. Алаңшаны тек футболға емес, баскетбол, волейбол ойын түрлеріне арнап жасау үшін сметаға енгізу керек еді. Жағдаймен танысқан кеңес мүшелері мердігермен сөйлесіп, әлі де кеш емес екендігіне көз жеткізіп, жұмыс аяқталғанға дейін заң аясында өзгерістер енгізуге болатынын ескертті.

Ауылға кіре беріс негізгі жолда қырдан түсетін жерде бірқатар жылдардан бері арнайы белгі орнатылмаған. Полиция бөлімінің қызметкерлері жағдаймен танысып, есеп-қисап жасап кеткенімен, мәселе қозғалмай тұр. Осындай салғырттық танытудың себебі неде? Әлде, жол апатын күтіп жүр ме?

Ауыл әкімшілігінің жанында орналасқан кезінде бастауыш мектеп ғимаратын спорт бөлімінің балансына өткізгелі, ешқандай жұмыс жоқ. Мектеп ауласын тұрғындар мал жайылымына айналдырып алған. Көк желектер қурап тұр.

Қызметтік үй ретінде салынған 12 пәтерлі 2-қабатты үйдің кәріз суына арналған септиктің жағдайы сын көтермейді. Үйлердің айналасы қоқыс полигоны болып кеткен. Үйді пайдалануға 2018 жылы берген. Сол уақыттан бері әкімшілік өз балансына қабылдамаған.

Балабақшаға баратын аяқ жолдың ұзындығы 300 метрдей, алайда, жөнделгені 135 ақ метр.

Қураған ағаштарды уақтылы кесу жұмыстары жүргізілмеген.

Шағын ауылдың шешілмей отырған мәселелеріне, бірінші кезекте, ауыл әкімі жауапты. Жергілікті қоғамдық жиналыс мүшелері, ауыл белсенділерінің әкімнің жұмысына наразылықтары орынды және негізді. Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселеге назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар, қала әкіміне ауылдың проблемалары бойынша ұсыным хат жолданатынын айтты. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ауыл әкімінің есебін талқылау жоспарланды.

ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келес ауданының Біртілек ауылдық округі «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысуы көзделген. Қазіргі таңда аталған жоба аясында 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 401 адам қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде 78 азаматтың құжаттары аудандық «Ырыс» микрокредиттік ұйымының өкіліне тапсырылса, 38 азаматқа облыстық микрокредиттік ұйымы тарапынан несиелері мақұлданды. Солардың қатарында тұт ағашын егіп, жібек құртын өндіруге бет бұрмақ болған азаматтар да бар. Оларға аудан әкімдігі тарапынан қажетті көмектер берілмек. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде атап өтті.

— Ауыл аманаты жобасы кәсібін бастамақ болған азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл жобаға Біртілек ауылдық округінің әлеуетін ескере келе қатыстыруды жөн санадық. Бүгінде ауылдық округі аумағында «АгроКент» ауылшаруашылығы өндірісті кооперативі жылыжай және құс шаруашылығын дамыту бағыты бойынша ұсынылып, 78 адам кооперативке тіркелген. Қазіргі таңда 20 адамның құжаты (жылжымайтын мүлік) заңдастырылуда. Бұдан бөлек, өзім арнайы ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысу үшін мамыр айында Біртілек ауылдық округіне қарасты елді мекендерді өзімнің орынбасарларымен, дербес бөлім басшылармен арнайы араладым. Аралау барысында бірнеше тапсырмалар бердім, — деген аудан әкімі берілген тапсырмалардың орындалуы туралы кеңінен тоқталып өтті.

Игілік елді мекеніндегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында Сарыағаш топтастырылған су жүйесі мекемесінің магистралды су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Ал Жолбасшы елді мекеніндегі облыстық маңызы бар жол бойына аяқжол салуға 2280 метрге сметалық құжаттары істеліп, жұмыстар жүргізілуде. Біртілек ауылдық округі бойынша ішкі жолдарды жөндеу бойынша 11 көшеге сараптамадан қорытынды алу үшін құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар 8 көше жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын жолға шағал тас төсеп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттары істелді. Берілген тапсырмалардың орындалуы бағытында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы кездесу соңында жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдап, олардың мәселесін тыңдады.

«СЫН КЕЛМЕС ҮШІН СОҒАН ЛАЙЫҚТЫ ІС АТҚАРУМЫЗ ҚАЖЕТ»

Ордабасы аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің м.у.а Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық жиын өтті. Жиын барысында алдымен ауданның қоғамдық саяси ахуалына тоқталып (Орталық аурухана, полиция бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімі, Адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің) қысқаша баяндамасын тыңдады.

Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндаған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының орынбасары Асқар Балабиев құрылысы таяу қалған елді мекендердегі ауызсу мен табиғи газдың қазіргі жағдайын баяндай келе тамыз айында бірқатар ауылдарға көгілдір отынның ел игілігіне берілетінін сөз етті.

Сондай-ақ, екінші мәселе Төрткүл ауыл округінің әкімдігінің атқарылған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері бойынша баяндаған Нұрлан Сапаровқа аудан әкімінің м.у.а Азат Оралбаев берілген тапсырмалар өз деңгейінде орындалмай жатқанын сөз етіп, аудан әкімінің аппарат басшысы М.Ақмұратовқа тиісті шара қолдануын тапсырды.

Одан соң аудан әкімінің аппарат басшысы Мейрамбек Ақмұратов хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, елді мекендердегі санитарлық тазалық пен кәсіпкерлік нысандардың қаскелбетін ретке келтіру бойынша орындалмаған жұмыстар барысын арнайы фото слайдпен көрсетіп, Бадам, Төрткүл, Бөржар, Шұбарсу, Шұбар ауыл округтерінде жұмыстар жүргізілмегенін айтты.

Жиын соңында аудан әкімінің м.у.а Азат Оралбаев мәжіліске қатысып отырған Ордабасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жаңа басшысы Ғани Нұрымбетовты таныстырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атқарылатын жұмыстарды бөлімдермен біріге жұмыс жасау керектігін атап өтті.

«Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киелі Түркістан облысында өткізген Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Жұрттың бәрі өз үйінің жайлы әрі әдемі болғанын қалайды. Бұл – дұрыс. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да дәл сондай жанашыр көзбен қарауға тиіс» — деген. Өз ауылымызға жанашырлық танытып, ауылдың азаматы ретінде жұмысты адалынан жасау керекпіз. Ұлы Абай атамыздың «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Жұмысымызға сын келмес үшін соған лайықты іс атқарумыз қажет», — деді аудан әкімінің м.у.а Азат Оралбаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *