ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ ТӨЛҚҰЖАТЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

Қоғам
329 Views

Түркістан облысы елдімекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ жәнеэлектр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесіндеоблыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжатыәзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауаптыларға жүктеледі. Бұл мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында талқыланды.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарматарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС,«Қазтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарғажолданған.

Ауыз сумен қамтамасыз етілу барысына мониторингте аудан, қала, ауылдық округ, елді мекен атауы, халық саны, абонент саны, ауыз судың берілуі (кестемен берілудің себебі), судың сапасы толық көрсетіледі. Су беруші мекеме атауы, ауыз су жүйелерінің пайдалануға берілген жылы, су көзі, құбыр ұзындығы, полиэтилен немесе шойын, су жинағыш резервуар (саны, көлемі, м3), қондырғы қуаттылығы, суды тазартқыш қондырғылар, хлоратор, су тазарту станциясының салынған жылы, саны анықталмақ.

Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да солай мониторинг жасалмақ. Аудан, қала елді мекен атауы, халық саны, абонент саны, қамтылған және қамтылмаған абонент саны (қосылмау себебі), желінің ұзындығы, орнатылған газ желілерінің түрі, техникалық жағдайы, АГТС, газ желілерінің теңгерім ұстаушысы, желінің өткізу қабілеті, ГРПШ 6/10 саны көрсетіледі. Сондай-ақ елді мекеннің қосылу нүктесін анықталып, АГТС-тің қуаты, газ жүйелерінің пайдалануға берілген жылы да ұсынылады.

Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша аудан, қала, ауыл атауы, халық саны, абонент саны, елді мекеннің қосылу нүктесі (қосалқы станция, ЖТҚС, электр желісінің атауы), елді мекендегі барлық электр қондырғылары туралы ақпараттарды толықтыру (ЖТҚС саны және қуаты, 10-0,4 кВ электр желісінің жалпы ұзындығы), сапалы электр қуатымен қамтылмаған абонент санын анықтау көзделген. Нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр желілерінің техникалық жағдайы бойынша мәлімет алынады.

– Халықты сапалы ауыз сумен, жарық пен табиғи газбен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Тұрғындардың негізгі өтініштері де инфрақұрылымға қатысты болып тұр. Бұл саланы әрі қарай дамыта береміз. Облыстың инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Осы бағыттағы жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында атқарылатын жұмыстар да ауқымды. Биыл жалпы құны 51,5 млрд. теңгеге 66 нысан құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 46 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Нәтижесінде су құбыры мүлдем жоқ 18 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш –7, Келес – 4, Қазығұрт – 1, Ордабасы – 4, Отырар –1) ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 12 елді мекеннің (Жетісай – 1, Бәйдібек – 2, Қазығұрт –1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су жүйелері қайта жаңартылады. 2023 жылдың қорытындысымен 833 елді мекеннің 738 елді мекені ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

2023 жылы газбен жабдықтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында жалпы құны 60,3 млрд. теңге болатын 100 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 70 нысанның құрылысы аяқталады, қалған 30 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде биыл 56 елді мекеннің 145 мыңға жуық халқы табиғи газ пайдалануға мүмкіндік алады.

Биыл халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жалпы құны – 47,2 млрд. теңге болатын 71 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы 40 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған 31 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде жыл соңына дейін 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғын сапалы жарықпен қамтылады.

СЕКТОРДАҒЫ 49 КӨШЕГЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Бірлік секторы тұрғындарымен кездесуінде тиісті бөлімдерге 80 тапсырма жүктеп, бақылауға қойды. Қазіргі таңда олардың орындалуы түзілген жоспарға сай жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, сектордың 49 көшесіне кәріз жүйесі жүргізілді. Сарысу көшесіне интернет байланысын күшейту мақсатында қабылдағыш құрылғылары орнатылуда.

Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Еділ көшесіндегі көгалды аймақтың күтімі үшін су ұңғымасы қазылып, сондай-ақ, №16 бағыты автобус жүріп бастады.

Шамил Дүрия, Алғабас, Үржар көшелерінде ойын алаңшаларының құрылысы қарқын алды.

Ықылас көшесін көгалдандыру қолға алынып, ағаш көшеттері егілді.

Ал Шауғар секторындағы қала әкімінің кездесуінде көтерілген мәселелердің бірі – көше жарықшамдарын орнату. Аталған мәселе аясында сектордағы 104 көшені жарықшаммен қамту жоспарланды.

Жыл басынан бері, 48 көшені жарықшаммен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, қала әкімінің жыл басынан бергі кездесуінде Шауғар секторы тұрғындарының 105 өтініші орындау кестесіне қойылды.

Орындалу көрсеткіштерге сәйкес, Шауғар секторының Атажұрт көшесіндегі жол сапасы реттелуде, Сейхун, Жезқазған көшесіне тас төселді. Сарыжайлау көшесінде кәріз жүйесін іске қосылып, С.Асфендияров көшесіндегі электр желілері жұмысы күшейтілді.

Сондай-ақ, Өскемен көшесінде кәріз жүйесі шұңқырлары беті жабылып, Т.Рамбердиев, С.Асфендияров, Алматы, Құмкент көшелеріндегі тазалық жұмыстары күшейтілді.

Одан бөлек, Абылай хан көшесінің бойындағы ойын алаңшасына көгалдандыру жұмыстары жасалуда. Сарыжайлау көшесіндегі электр бағаналары орны ауыстырылып, А.Токмаганбетов көшесіндегі электр жүйелері ауыстырылуда.

Тұрғындардың өтінішімен, №5А, №2 автобустарының жүру бағытын ұзарту ұсынысы қаралуда. Және Ж. Майкотов көшесі мен Жаңа қаланың арасына №16 автобус бағыты қосылды.

Тұрғын алабтың Ж. Майкөтов көшесінде (Нұр Хаус) кафесі жанындағы кәріз жүйесі кіргізілмеген бірнеше тұрғын үй анықталып, инфрақұрылым (ауыз су, сарқынды су) жүйесі кіргізілді. Сарыжайлау көшесінің тұйығы ашылып, ретке келтірілді.

Айта кету керек, Түркістан қаласы әкімінің Иассы секторында тұрғындармен өткен кездесуінде берілген 69 тапсырма бақылауға алынып, бірқатар жұмыстар жүйеленді.

Көрсеткіштерге сәйкес, 69 тапсырманың 40-ы орындалып, қалғаны даму жоспарына сәйкес, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, А.Юсупов көшесіндегі тұрғын үйлер нөмірі жүйелендіріліп, сондай-ақ аталған көшенің тұрғындарының өтініші бойынша аймақтағы жол тұйықтары реттелді.

Т.Бокин көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылып, асфальт төселді.

5-ші көше және И. Алтынбек көшелеріндегі су ұңғымалары реттелді.

Р.Тойшыбаев көшесіндегі электр қуаты, тұрғын үйлердің ауыз су мәселесі шешілді, жол қайта қалпына келтірілді.

Одан бөлек, Кентау тас жолы бойы тазаланып, көгалдандырылуда.

Бүгінде тапсырмалар аясында аталған сектор тұрғындарының жайлылығы үшін, №2,№2а қоғамдық көліктер бағыты ұзартылды, Сақ қорған көшесінде балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.

Байдалы, Шоқтас Майлыкент көшелеріне – ұялы байланыс құрылғысы,

И. Алтынбеков, Р.Тойшыбаев көшелеріне бейнекамералар орнатылды.

Тұран мөлтек ауданындағы электр желілері және трансформаторлар қайта жаңартылуда.

Үстірт, Қарасай батыр, Есет батыр көшелеріндегі жолдар жөнделуде.

12 КӨШЕДЕГІ 22 КЕМШІЛІК ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Өткен жылы Түркістан қаласында 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, қолданысқа берілді. Биылға 42 шақырымды құрайтын 43 көшеге жүргіншілер жолын салу жоспарланып, қазіргі таңда 21,1 шақырымды құрайтын 25 көшеде құрылыс аяқталды. Қалған 19,9 шақырымды құрайтын 17 көшеде құрылыс мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

2022-2023 жылдары іске асқан жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды зерделеу барысында, жалпы 25 көшеде 52 кемшілік анықталған болатын. Қазіргі таңда 12 көшедегі 22 кемшілік бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, қалпына келтірілді.

2022-2023 жылы көшелерде анықталған кемшіліктер бойынша, жауапты мердігерлерге 11 ескерту хат жолданды. Ескерту хатта көрсетілген мерзімде кемшіліктерді орындамаған мекемелерге жалпы 937534 теңге көлемінде айыппұл салынып, ескертуде көрсетілген кемшіліктерді жоюға мерзім белгіленді. Аталған мәселе қала әкімдігінің бақылауына алынған.

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ КӨЗДЕЛУДЕ

Бұл туралы брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов айтты. Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласын дамыту үшін өткен жылы жалпы 65 жоба іске асырылған.

– Биыл 26,7 млрд. теңгеге 12 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Олардың қатарында Шанақ ауылдық округінде құны 23,8 млрд. теңгені құрайтын жалпы қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын салу көзделуде. Қазіргі таңда жер мәселесі толық шешіліп, инвесторлармен меморандум түзілген. Бұдан бөлек, 25 жаңа жұмыс орнымен құны 1,1 млрд. теңге құрайтын мал сою бекетін салу қарастырылуда. Оның жалпы қуаттылығы жылына 10 мың бас ірі қара мал. Сонымен қатар, «Ынтымақ» өндірістік кәсіпорны тарапынан қуаттылығы 1,3 МВт су электр станциясы салынып жатыр. Ол биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Одан бөлек, өткен жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 23,1 млрд. теңгеге, ал ауыл шаруашылығы саласының өнім көлемі 66,7 млрд. теңгеге жетті, – деді Азизхан Әзімханұлы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда Шарбұлақ және Шанақ ауылдық округтері пилоттық режимде іске асырылуда. Атап айтсақ, Шарбұлақ ауылы округінде сүтті бағытта, ал Шанақ ауылы округінде етті бағыттағы жобалар қолға алынған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру туралы тапсырмасы бойынша ауданда 2022 жылдың қорытындысымен 1 421 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар 2 есеге артық орындалған. Ал, биыл 1 152 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 3 айдың қорытындысымен 309 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен ауданда жалпы 62 елді мекеннің 59-ы ауыз су құбырымен, 49-ы табиғи газ жүйесімен, 98,4 пайызы орталықтандырған электр желісімен қамтылған. Сондай-ақ, 28 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.

СЫРДАРИЯ ЕЛДІ МЕКЕНІН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елді мекендерде егілген ағаштарды күтіп-баптау және көгалдандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Қарақоңыр, Отырар, Көксарай, Аққұм ауыл округтерінде болып, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарының қарқынымен танысты.

Ең алдымен Көксарай ауылындағы көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстарды аралап көрді. Мұнда кәсіпкер Оразхан Жанысбековтың демеушілігімен орталық көшенің бойы қоршалып, 3 мыңға жуық көшет егілген. Мұнан соң аудан басшысы Аққұм ауыл округіндегі көгалдандыру жұмыстарымен танысып, елді мекендегі жасыл аймаққа егілген көшеттерді күтіп-қарау жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін ескертті. Көшеттер егілген жасыл аймақты келешекте халық келіп демалатын саялы саябаққа айналдыру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Жалпы Аққұм ауылындағы жасыл алқапқа 2450 көшет егіліп, бүгінде 80 пайыздан астамы өнген.

Бұдан өзге Шәмші Қалдаяқов ауылындағы көгалдандыру жұмыстарымен танысып, жаңадан салынатын спорт кешенінің құрылыс жобасын пысықтады.

Биыл елді мекенде орналасқан Ш.Ерманов, Азаттық, Әділет және Шәмші ауылына кіре беріс көшелерді жарықтандыру, Ш.Қалдаяқов ауылы мен Қарақоңыр станциясы аралығына аяқ жол салу, балалар ойын алаңшасын салу, Арыс елді мекені Ш.Әбілқасымов және У.Илясов көшелерін орта жөндеу, Сырдария елді мекенін газдандыру жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады деп күтілуде.

Аудан басшысы М.Шойманов ауылындағы саябақта көгалдандыру жұмыстары аясында егілген көшеттерді аралап көрді. Аталған жасыл аймақта 1000-нан аса көшет егілсе, бүгінде оның 60 пайызы ғана өнген. Аудан басшысы көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру керектігін айтып, ауыл округінің әкіміне тапсырмалар жүктеді.

51 ЕЛДІМЕКЕН ОРТАЛЫҚТАНҒАН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Бұл туралы брифингте Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев айтты.

– Өнеркәсіп саласында өткен жылы ауданда 41 млрд. 480 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Ал биыл оны 46 млрд. 126 млн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы салада 2 инвестициялық жоба басталып, толық 2024 жылы іске қосылады деп көзделген. Яғни Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехын іске қосу бағытында құны 1 млрд. 551 млн. теңгеге инвестиция тартылып жатыр. Нәтижесінде 150 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал «Аймар құс» ЖШС қуаттылығы жылына 440 мың дана құс өсіруді жоспарлап, құны 4 млрд. теңгені құрайтын жоба іске асырыла бастады. Қазір құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 24 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған, – деді Төлеген Тұртайұлы.

Одан бөлек, Төлеби ауданы облыс бойынша туристерді тартуда алдыңғы қатарда. Туризм бағытында 76 нысаны бар, 64 саяжай қызмет көрсететін бұл өңірге өткен жылы 41 488 демалушы келген. Былтыр, Көксәйек ауылдық округінде «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізіліп, мекеме балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасын іске қосты. Кемеқалған ауылдық округіндегі «Алма-тау» тау курортында қосымша қонақүй және спорт кешенінің құрылысы жүргізілген. Төлеби ауданының әлеуеті туризмді дамытуға қолайлы болғандықтан, бұл салаға тартылған инвестиция көлемі де артып келеді. Ендігі кезекте Қаратөбе ауылдық округі аумағынан кәсіпкер «Нұрлы сан» демалыс аймағын іске қосуды жоспарлап отыр. Тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд. 500 млн. теңгені құраған. Демалыс аймағына 45 коттедж, сауықтыру орталығы, футбол алаңы мен бассейн, теннис алаңдарының құрылысы жүргізіледі. Жоба іске асқан жағдайда 65 адам маусымдық, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Одан бөлек, 2022 жылы Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, өткен жылы ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 61,6 млрд. теңгені құраған. Яғни егін шаруашылығы саласында 24 млрд. 446 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, мал шаруашылығы саласында 37 млрд. 238 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ, өткен жылы балық өсіру шаруашылығы қолға алынып, бұл салаға 100 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бүгінде арнайы бассейнде 13 мың дана сазан балығы өсіріліп жатыр.

Айта кетейік, аудандағы 55 елдімекеннің 54-і, яғни 98,2%-ы орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылса, 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 29 елді мекеннің 73 көшесінің электр желілері және трансформаторлары ауыстырылады. Ленгір қаласындағы кәріз жүйесіне қатысты мәселені шешу мақсатында «3-Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылысын жүргізу қолға алынды. Жоба құны 2,6 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *