НАЗАРБАЕВТЫҢ КҮНІ ШЫМКЕНТТЕГІ КАРДИОРТАЛЫҚҚА ТҮСТІ МЕ?

Денсаулық Мәселе
334 Views

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

НАЗАРБАЕВТЫҢ КҮНІ ШЫМКЕНТТЕГІ КАРДИОРТАЛЫҚҚА ТҮСТІ МЕ?

Оңтүстік өңірінің маңдайалды жүрек-қантамырлары аурулары, яғни кардиологиялық орталығы 2000 жылдан бері жұмыс жасап, миллиондаған азаматтарды өмірін ажалдан арашалап келе жатқан маңызды мекеменің бірі. Бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ғана емес, көрші аймақтардың азаматтары да осы жерден ем табуда. Бұл мекеме Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Алтын қолды дәрігерлер де осы жерде қажырлы еңбек етіп келеді. Енді осы сүттей ұйыған ұжымның басына қара бұл төніп, Астанадағы Назарбаев университетінің қарамағына өткізбекші екен («НАО» тәсілімен). Егер бұл орталық қолды болатын болса, қарапайым халық жүрегін ұстаған күйі о дүниеге ойланбай кете беруі әбден мүмкін. Яғни, бұл орталықта емделудің өзі қолжетімсіз арман болмақ. Осы орайда дәрігерлердің жанайқайы «Әділет» газетінің редакциясын да айналып өткен жоқ. Ақ халатты абзал жандардың жазған Президентке үндеуін назарларыңызға толық ұсынуды жөн санадық.

Газетіміздің келесі санында зерттеу материалымыздың толық нұсқасын жариялаймыз.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіздің ішкі және сыртқы саясатыңызды толық қолдаймыз және республикалық маңызы бар Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жедел миокард инфарктісімен ауыратын науқастарға көмек көрсетудегі туындаған жағдайға назар аударуыңызды сұраймыз.

Шымкент қаласындағы облыстық кардиоорталық — 1 112 700 тұрғыны бар Шымкент қаласы және 2 119 630 тұрғыны бар Түркістан облысының жедел миокард инфарктісімен ауыратын науқастарына жедел көмек көрсететін жалғыз медициналық мекеме болып табылады. Жедел миокард инфарктісімен ауыратын науқастар – күрделі пациенттер тобы болғандықтан, оларға медициналық көмек көрсету халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек: 24с/7 күн бойы медициналық көмектің қолжетімді болуы, кемінде 2 ангиографиялық зертхананың болуы, білікті мамандармен қамтылуы, кардиохирургиялық қолдаудың болуы және т.с.с. Қазіргі таңда Кардиоорталықтан басқа қала және облыстың бірде-бір медициналық мекемесінде мұндай жағдай жоқ.

Облыстық кардиологиялық орталық 2000 жылы «Шинник» профилакториясы негізінде құрылған, 2007-2008 жж. жергілікті бюджет есебінен кардиохирургиялық корпус салынды. 2001 жылы елімізде бірінші болып миокард инфарктісінің тропонин маркерін, стресс-тесттерді анықтай бастады. 2005 жылы елімізде алғаш рет жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқастарға коронароангиографиялық зерттеулер, 2008 жылы жедел миокард инфарктісімен ауыратын науқастарға коронарлық артерияларды стенттеу оталары басталды. 2009 жылы алғаш рет аорто- коронарлық шунттау отасы жасалды.

2019 жылы Облыстық кардиологиялық орталық «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ болып қайта құрылып, денсаулық сақтау жүйесінен шығарылып, облыстық қаржы басқармасына берілді. Жүрек-қантамыр аурулары бар шұғыл науқастардың ағымы 85-тен 70%-ға дейін азайды, зертханалық зерттеулерге арналған типтік бөлімше жойылып, жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға шұғыл көмек көрсетуде тұрақты тәуекелдерді тудырды, негізгі білікті мамандар орталықтан кете бастады.

Қазіргі уақытта жоғары жақта «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ-ды республикалық маңызы бар бір қаладан екінші қалаға, құрамына Астана қ. «ҰҚКО» КЕАҚ кіретін «Назарбаев Университеті» ДББҰ меншігіне одан әрі «UМС» КҚ-ға беру туралы шешім қабылдануда. «ҰҚКО» АҚ басшылығы өз ұсынысын 2000 жылдан бері материалдық базасы жағынан да, медициналық көмек сапасының көрсеткіштері бойынша да дәстүрлі түрде еліміздің медициналық мекемелерінің алдыңғы қатарында келе жатқан кардиоорталықтың жұмысын нығайту керектігімен негіздейді.

Қазіргі таңда «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ-ның негізгі қызметі – созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарды жасанды сол жақ қарынша орнатуға және жүрек трансплантациясына Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КЕАҚ-на дайындау және жолдау болып табылады. Жалпы, бұл медициналық тәжірибенің маңызды бағыттарының бірі, дегенмен, бұл араласудан кейін 30 күндік, 1 жылдық, 5 жылдық өмір сүру деңгейі туралы деректер жоқ. Дәл осындай жағдай коронарлық артерияларды стенттеу, аритмологиялық араласулар, коронарлық шунттау сияқты жоғары технологиялық көмектің басқа түрлерін көрсету кезінде де қайталанады, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және қаржылық шығындардың тиімділігіне әсерін тигізетін, араласу сапасын талдау және жақсартуға көзделген пациенттердің регистрі тиісті түрде енгізілмеген. Жіті коронарлық синдромның (миокард инфарктісінің) бір ғана регистрі бар, ол талап етілмейді, талданбайды және осылайша көмек көрсету сапасын жақсартуға әсер етпейді.

Біз, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, кардиоорталықты республикалық маңызы бар қаладан мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан басқа қалаға ауыстыруды орынсыз деп санаймыз. «Жүрек орталығы» КЕАҚ-ды Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесіне қайтаруды өмірлік маңызды деп санаймыз, халыққа шұғыл көмек мемлекеттік медициналық ұйымдарда көрсетіліп, жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болуы керек.

Сізден қала мен облыс тұрғындарының денсаулығына қатысты өмірлік маңызды мәселені, кардиологиялық қызметін халыққа қол жетімділігін арттыру үшін, әділетті шешім қабылдауға жеке көмек көрсетуіңізді сұранамыз.

«Медицина Ардагерлері» Қоғамдық бірлестіктің мүшелері:

А. А. МАЙМАКОВ,

жоғары санатты дәрігер-педиатр, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, м.ғ.к., Шымкент қ. Медицинаардагерлері Кеңесінің төрағасы.

К. С. ИДРИСОВ,

жоғары санатты дәрігер-терапевт, м.ғ.к., жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, Сайрам ауданы мен Түркістан облысының құрметті азаматы, ҚРДенсаулық сақтау ісінің үздігі «Облысқа сіңірген еңбегі үшін»медалінің екі рет иегері, Түркістан облысының «Ұлттық медицина ассоциациясы»РҚБ төрағасының м.а.

И. О. БАЙДАУЛЕТОВ,

еңбек ардагері, Шымкент қаласының, Ордабасы ауданының құрметті азаматы, И.М.Сеченов атындағы 1-Москва медициналық институтының түлегі (1966-1972 ж), м.ғ.д., профессор, Құрмет орденінің иегері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты (1990-1994 ж.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

С. Р. АБСЕИТОВА,

жоғары санатты дәрігер-кардиолог, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, Парасат орденінің иегері, ОҚМА терапия кафедрасының профессоры, м.ғ.д., ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Қазақстандық кардиологиялық қоғам» РҚБ Басқармасының төрайымы.

П. К. МУСТАФЕТОВА,

жоғары санатты дәрігер, ҚСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, ОҚМА кафедрасының доценті, м.ғ.к,

Г. Ж. ЗАДИНА,

м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын дәрігер», «Ерен еңбегі үшін», «Ветеран труда» және т.с.с. наградалары бар.

М. Ж. АЛЬЖАНОВА,

жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, Шымкент қалалық мәслихатының I және III шақырылымының депутаты.

Ж. Б. МЕДЕТОВ,

жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, «ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілерінің иегері.

Ж. А. АДЕНОВ,

жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, награда «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және т.б.

Н. К. МУХАМЕТЖАНОВА,

жоғары санатты дәрігер-педиатр, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі.

А. Т. ТЕМИРОВ,

жоғары санатты дәрігер-гематолог, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Н. К. ОРМАНОВ,

жоғары санатты дәрігер-хирург, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі

Т. М. МЕЙРХАНОВ,

жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі.

С. Х. БАРАТОВА,

«ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісінің иегері. Шымкент қалалық медицина кызметкерлері кеңесі төрағасының орынбасары және хатшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *