Эпидемиологиялық ахуал мен карантиндік шараларға қарамастан, Түркістан облысы 2020 жыл бойы тұрақтыдамыды және бүгінде экономикалық дамуда оң серпін көрсетуде.
«Қазақстанның рухани астанасының» туристік және қалалық инфрақұрылымының құрылысы жоғарықарқынмен жүргізіліп жатыр. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету,халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру бойынша көлемді жұмысжүргізілуде. Түркістан облысының бүгінгі таңда қалай дамып жатқаны және 2020жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы толығырақ шолужасап, назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Қ.А.Яссауи кесенесінің аумағын абаттандыру төрт кезеңнен тұрады. Алғашқы екеуі бойынша жұмыс аяқталды. «ӘзіретСұлтан» қорық-мұражайының жалпы аумағы 8,9 га. құрайтын құрылыс жұмыстары кестебойынша жүргізілуде. Сонымен қатар, жалпы ауданы 38 га. болатын Тұңғыш Президентсаябағы белсенді түрде салынып жатыр. Жаяу жүргіншілер жолы төселіп, ағашкөшеттері отырғызылып, перголалар орнатылды. Жасанды су қоймасында бетонжұмыстары аяқталды. Негізгі қақпалар орнатылып, мәрмәрмен қапталған. ҚР ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылғы қыркүйекте Түркістанқаласына жасаған сапары кезінде туристік және қалалық инфрақұрылым құрылысыныңжоғары қарқынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы Түркістанды жаңғыртутуралы қабылданған шешімді Қазақстан халқы қолдағанын атап өтті.
«Біз Түркістанның жаңа нысандарымен таныстық. Олар қаланың жаңа көрікті жерлеріне, Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен қалалықтар мен туристерді тарту орындарына айналады. Түркістанның ауқымды құрылысы – тұтас өңірдің экономикалық дамуына серпін береді», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өңірде жеңіл өнеркәсіп сәтті дамып жатыр. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 535,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 96 пайызды құрады. Тау-кен өндірісі саласында 229,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 103,5 пайызды, өндіріс көлемі 257,9 млрд. теңге қаржыны құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінде өткен жылмен салыстырғанда сүт өндіру 19 пайызға және нан шығару 0,9 пайызға азайды. Мұнай өнімдерін өндіруде мұнай өңдеу өнімдерінде 112,1 пайыз және жол мұнай битумдарында 111,1 пайыз өсім бар. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде тауарлық бетондар шығару бойынша 2,8 есеге өсім бар, әк өндірісі бойынша 96,5 пайызға және құрылыс кірпіштері бойынша 68,6 пайызға төмендеу байқалады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау көлемі 41,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 111 пайызды құрады.
Халықтың жылу энергиясын тұтынуы 12,5 пайызға ұлғайды, электр энергиясы бойынша өсім 44,5 пайызды құрады. Тоқыма бұйымдарын өндіру саласында мақта-талшықты бұйымдарға сұраныс 18,2 пайызға артты, төсек-орын жабдықтарына сұраныс 57,6 пайызға азайды. Түркістан қаласының индустриялық аймағында 2 га. алаңда орналасқан Turkistan Textile тігін фабрикасының қызметі қарқын алуда. Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының бірлескен кәсіпорнының құрылысы рекордтық мерзімде – 3 ай ішінде аяқталды. Зауыт толық іске қосылған кезде 1000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Тоқыма өнімдерін өндіретін тігін фабрикасы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Бүгінде кәсіпорын өзінің тоқыма өнімін шығаруға кірісті. Бұл жобаның инвесторы мүмкіндігі шектеулі әйелдерді, аз қамтылған отбасы мүшелерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге ниетті. Сонымен қатар, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенттеріне практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі беріледі. Бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде іске асырылған жобаның бастамашысы «Qojakent Textile» ЖШС компаниясы болып табылады. Кәсіпорын жыл сайын 15 мыңға жуық бірлік тоқыма өнімін өндіруді жоспарлап отыр. Тігін фабрикасы «Ataman және Ramsay» брендімен түрлі арнайы киімдер (медициналық халаттар, униформалар) мен сыртқы киімдер, ерлер мен әйелдер костюмдерін шығаруды жоспарлап отыр. Зауытқа салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 420 млн. теңгені құрайды.
Облыстың Аграрлық өнеркәсіптік кешенінде көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалады. Агроөнеркәсіптік кешен – халықты аса маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін, сондай-ақ елеулі экспорттық әлеуеті бар Түркістан облысының негізгі саласы. Облыс бірқатар ауыл шаруашылығы көрсеткіштері бойынша республикада жетекші орынға ие. Жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 729,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 112,9 млрд. теңгеге артып, индексі 105,1 пайыз жоғарылады. Республикадағы үлесі – 12 пайыз. Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 6 пайызға – 422,8 млрд. теңгеге, мал шаруашылығы өндіріс көлемінің 4 пайызға – 303,3 млрд. теңгеге дейін ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі өткен жылдан 117 пайызға артып, 2429,4 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,6 есеге ұлғайды. Жалпы өнімнің 50 пайызы – Сарыағаш, Сайрам, Кентау қаласы, Жетісай, Келес аудандарының үлесінде. Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға 13 бюджеттік бағдарлама аясында 33,8 млрд. теңге қаржы бөлініп, 31359 бірлік АШТӨ-не қолдау көрсетілді. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 58,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдын 113,4 пайызға, тамақ өндірісіне 9,5 млрд. теңге тартылып, 1,5 есеге артты. Инвестициялардың ауқымды бөлігі Кентау қаласы 12,1 млрд. теңге (21 %), Ордабасы 5,9 млрд. теңге (10,2%), Сайрам 5,8 млрд. теңге (9,9%), Бәйдібек 5,7 млрд. теңге (9,9%) тартылды. Облыста 70,8 мың бірлік агроқұрылымдар тіркелген, ондағы ауыл шаруашылығы жұмысшылары саны 180,9 мың адамды құрайды.
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсуі фермерлердің үйлесімді жұмысының және Үкімет тарапынан облыс әкімдіктерімен бірлесіп пандемия жағдайында егіс жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс алгоритмін уақытылы қабылдауының арқасында қамтамасыз етілді, нәтижесінде егіс сапалы және оңтайлы мерзімде жүргізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 17 мың гектарға артып, 846,1 мың гектарға орналастырылды. Егістікті әртараптандыруға сәйкес: масақты дақылдар 18,8 мың га артып, 250,5 мың га-ға; мал азықтық дақылдар 11 мың гектарға артып, 212,7 мың гектарға; көкөніс, бақша дақылдары 1,7 мың гектар артып, 120,5 мың гектарға орналастырылса, тиісінше мақта дақылы 5,5 мың гектар қысқартылып, 125,8 мың гектарға егілді. Масақты дақылдар тікелей егу әдісімен 1,5 мың га. егіліп, өткен жылдан 3 есеге артты. Технология жұмыс күшін азайтып, еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруға мүмкіндік берді. 79,8 мың тонна 500 түрлі минералды тыңайтқыштар 50 пайыз жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 76,2 мың тонна жанар-жағар май босатылды.
Жаңадан 1146 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 4,2 пайызға жетті. Техника паркін жаңартуға сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25 пайызын субсидиялау және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелерін 10 пайызға арзандату, сондай-ақ инвестициялық субсидияларды техника лизингі үшін бастапқы жарна ретінде пайдалану үшін аванспен алу мүмкіндігі ықпал етті. Нәтижесінде, масақты дәнді дақылдар түсімділігі 1,2 ц/га артып, 20,5 ц/га-дан 513,2 мың тонна өнім жиналды. Дәндік жүгері түсімділігі 4,3 ц/га артып, 51 ц/га-дан 231,7 мың тонна өнім жиналды. Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі 26,7 ц/га артып, 239,4 ц/га-дан 3,1 млн тонна өнім жиналып рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. 25,1 ц/га-дан 316,2 мың тонна шитті мақта жиналып, тоннасына 160-165 мың теңгеден, 18 мақта өңдеу зауыттарының 166 қабылдау бекеттері арқылы қабылданды. Мақтаарал, Жетісай өңірлерінде вегетациялық кезеңдегі жыл сайын туындайтын ағын су тапшылығын шешу мақсатында, арнайы делегация Өзбекстан Республикасында іс-сапарда болып, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы шілде айында 80 млн. м³/с, тамыз айында 70 м³/с су жеткізуге келісімге келіп, облыстың оңтүстік өңірлерінде ағын су тапшылығы толық шешімін тапты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру үшін қазіргі заманғы ылғал үнемдеу технологияларын енгізу және озық инновациялық әдістерге көшу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Су үнемдеу технологиялары 6 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 24,1 мың гектарға жетті. Оның ішінде тамшылатып суғару технологиясы 21,9 мың га., жаңбырлатып суғару технологиясы 2,2 мың гектарды құрады. Жылыжайлар 131,6 гектарға салынып, жалпы көлемі 1 246 гектарды құрады. Жылыжайлардың негізгі бөлігі Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Қазығұрт аудандарының үлесінде. Республикада жылыжайлардың 67 пайызы облыстың еншісінде. Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 128 ауылдық округте 5,2 мың гектарды құрайтын 1999 жоба жүзеге асырылып, 262,5 мың тонна өнім өндірілді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына орай ауылдағы кооперациялық желіні дамыту және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Егіс алаңынан – сауда қатарына дейін» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл бағытта Үкімет резервінен 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, 4 қайта өңдеуші кәсіпорынға 809 млн. теңге несие берілді. 573 тонна ірі қара мал еті, тауық еті және сүт өнімдері қолжетімді бағада сауда орындары арқылы халыққа ұсынылды. «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу үшін ірі су нысандары құрылыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
1. «Түркістан магистральдық арнасын күрделі жөндеу» жобасы.
Каналдың 21 шақырым бөлігін бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың өзінде 11 млн. м3 су үнемделді. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде 60 млн. м3 су үнемделеді және қала аумағында 8 шақырым каналдың ұзындығы абаттандырылып, демалыс аймағы, веложолдар салынады.
2. «Сыйымдылығы 18 млн м3 Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу жобасы.
Үлкен бөгет құрылысы 15 метр биіктікке көтерілді, шағын бөгет және дренаж призмасы толығымен салынды. Сонымен қатар, су әкелетін каналдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келер жылдың қаңтар, ақпан айларының өзінде су қоймасына 10 млн. м3 су жиналады.
3. «Қосымша 34,7 млн м3 ағын су беретін 134 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіру» жобасы.
42 дана тік ұңғыманы қалпына келтіру толықтай аяқталды. Бұдан бөлек, 10 дана ТДҰ қазу жұмыстары жүргізілді, жұмыстар жалғасуда.
4. «Шошқакөл көл жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешенін салу» жобасы.
Шығыс дамбасында №1, №2, №3 дамбаларының құрылысы толықтай аяқталды. Бүгінгі таңда төменгі дамбаның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жұмыстар жалғасуда. Жобаны іске асыру Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, шағын және орта бизнесті және туризмді дамытуға жол ашылады.
5. «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы.
Жобаға техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп мемлекеттік сараптаманың қарауына енгізуге жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, Түркістан магистралды каналына 80 млн. м3 ағын су қосымша жеткізіледі. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы аясында 11 мың гектар алқапты жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. Бүгінгі таңда Кентау қаласы «Шаға» ауылдық округінде 1355 га. жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді. Технологияның тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды 2-3 есеге үнемдеп, өнімділікті 2-4 есеге арттырады. Сондай-ақ, азық-түлік белдеуі аясында құны 24 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда.
1) «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің «1 200 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы құру» жобасы;
2) «SPK-Sauran» АШӨК-нің «829 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азықтық дақылдардар өсіру» жобасы;
3) «SPK-Sauran» АШӨК-нің «10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын құру» жобасы;
4) «Kaz Agro Project» ЖШС-нің «Жылына 20 мың тонна құс етін өндіру» жобасы;
5) «Turkistan Fruit» ЖШС-нің «400 га қара өрік отырғызу» жобасы;
6. «Ынтымақ Агро» ЖШС-нің «1 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру» жобасы.
Ауылдағы кооперациялық желіні дамыту және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Егіс алаңынан – сауда қатарына дейін» пилоттық жобасы іске асырылуда. Облыста мал шаруашылығын дамытуда айтарлықтай қарқынды өсім сақталып отыр. Мал шаруашылығын дамыту мал басының санына, жем-шөп базасын дамытуға, ветеринарлық қызмет көрсетуге тікелей байланысты. Орасан зор табиғи жайылымдық жерлердің болуы бәсекеге қабілетті және ең бастысы экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге үлкен мүмкіндік береді.
2020 жылы 1,5 жылға жететін 3,9 млн тонна мал азығы дайындалды. Мал азығының сапасын арттыру мақсатында қуаттылығы сағатына 25 тонна құрама жем өндіретін 3 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Шетелден мал басын импорттау бойынша 8338 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу жобалары мақұлданып, 4627 басы облысқа жеткізілді. Түйе шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында 4279 бас түйе сатып алынды. Оның ішінде: қаржы ұйымы арқылы 3 агроқұрылым 1244 бас, өз қаражаты есебінен 80 агроқұрылым 3035 бас сатып алды. Нәтижесінде: ІҚМ басы 7,3 % артып 1130 мың басты, ұсақ мал 7,3 % артып 4602,5 мың бас, жылқы 8,9 % артып 377,3 мың бас, түйе 13% артып 34,3 мың бас, құс 2 % артып 2218,6 мың басты құрады. Сәйкесінше, ет өндіру 4,3 % артып 240 мың тонна, сүт өндіру 3,6 % артып 748,3 мың тонна, жұмыртқа өндіру 14,9 % артып 216,4 млн. дана өндірілді. Республика бойынша ірі қара мал санының 14,4 %, ұсақ малдың 23 %, жылқының 12,1 %, түйенің 15,1 % және өндірілген еттің 12 %, сүттің 12,5 % өңірдің үлесінде. Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті 15 түрлі ауруларға қарсы 39,5 млн. доза вакцина егілді. Қосымша құс тұмауының алдын алуға ауыл шаруашылығы министрлігінің резерв қорынан 400 мың доза вакцина алынып, құстарға салынды. Сарып ауруына қарсы 1,2 млн. бас ірі қарадан және 4,8 млн. бас ұсақ малдардан қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханаларда тексерілді. Нәтижесінде, 410 бас ірі қара және 873 бас ұсақ малдар ауруға «оң» нәтиже көрсетіп арнайы мал сою орнында сойылып, өңделді. «Энзоотиялық» аурулардың алдын алу үшін 2,5 млн. бас ірі мал бүркілді, 8,4 млн. бас ұсақ мал тоғытылды, 95,1 млн. шаршы метр үй іргелік қора жайлар, жапсарлас аумақтар және буферлік аумақтар залалсыздандырылып, жалпы облыс аумағында эпизоотиялық және энзоотиялық жағдай тұрақтылығы сақталды.
Облыста балық шаруашылығын дамытудың арнайы өңірлік бағдарламасы әзірленуде. Өңірде балық шаруашылығымен 68 кәсіпорын айналысады, жылдық қуаттылығы 8 мың тоннадан астам. Түркістан облысында барлық отандық балықтардың 70 пайыздан астамы өсіріледі. Тауарлы балық өсіруге жарамды көлдер саны – 134 бірлік, жалпы алаңы – 25 475 гектарды құрайды. Тиісті кезеңге 5186 тонна тауарлы балық өндірілді. 2020 жылы 1323,3 мың тонна өнім экспортталды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 1305,8 мың және мал шаруашылығы өнімдері 17,5 мың тоннаны құрайды. Республикада ІҚМ етін экспорттау бойынша облыс бірінші орында.
2020 жылы Өзбекстан еліне сиыр еті 9 484,7 тонна, Өзбекстан, Иран, Ресей елдеріне қой еті 816,5 тонна, Өзбекстан, Ресей елдеріне жылқы еті 68,4 тонна экспортталды. Қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі $132,4 млн. құрады (ет, құс еті, балық еті, ұн, бидай, макарон, консерві өнімдері (шырын), мақта талшығы). Оның ішінде 2 882 тонна балық өнімдері Еуропа (Германия, Литва) және Ресейге, 19,7 т шұжық өнімдері Украина мен Өзбекстанға және 2 728,2 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылды. Шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында қайта өңдеу саласын дамытуға басымдылық берілді. Облыста 11 ет өңдеу, 22 сүт өңдеу, 22 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Осы кәсіпорындар есебінен өндірілген еттің 25,6, сүттің 15,7, жеміс-көкөністің 5,3 пайызы қайта өңделді. Ірі ет өнімдерін өңдеу кәсіпорындары «Ордабасы Құс» ЖШС, «Инфрастрой ЛТД» ЖШС, «Қарқын 2030» ЖШС. Ірі сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындары «Бөрте милька» ЖШС, «Фуд Мастер-Шымкент» ЖШС, «Натур Продукт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Рассвет» ӨК, Golden Camel Group ЛТД ЖШС, «Ордабасы ешкі сүт өнімдері».
Ірі жеміс көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары «DALA-FRUIT.KZ»ЖШС, «Мичиурин Алма экспорт» ЖШС, «Globus plus» ЖШС, «Южанка-5» ЖШС, «Көрік» ЖШС, «Әл-Береке» ШҚ. Биыл Бәйдібек ауданында «Ақбастау-2050» селолық тұтыну кооперативі қуаттылығы 55 тонна ет өңдейтін кәсіпорыны іске қосылды. Қазығұрт ауданында «Қарқын 2030» ЖШС-нің «Жылына қуаттылығы 3 мың тонна ет өнімдерін өңдеу», Сайрам ауданындағы «Южанка-5» ЖШС-нің «Жылдық қуаттылығы 1000 тонналық жеміс-көкөніс өңдеу» кәсіпорындары модернизациядан өтті. Соның нәтижесінде қайта өңдеу көлемі 77 млрд. теңгені құрады. Сардоба су қоймасындағы орын алған төтенше жағдай бойынша Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына орай, Мақтаарал, Жетісай аудандарында 11 елді-мекенде су астында қалған 5,9 мың гектар егістік алқаптардың иелеріне шығындарын өтеу үшін бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, өтемақы төленді. Сондай-ақ, Өзбекстан мемлекетінен көмек ретінде жалпы 43 ауыл шаруашылығы техникасы, оған қоса 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізіліп, су басқан егістік жерлер қайта өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұдан бөлек, 931 бас ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселері шығарылып жойылды. Оның ішінде 22 азаматқа тиісті құжаттандырылған 147 бас ауыл шаруашылығы малы «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік қоры арқылы берілді. Ауыл шаруашылығы малдары өлекселері алынған 445,3 гектар аумақты залалсыздандыру үшін облыстық резервтен 41,1 млн. Теңге қаржы бөлініп ветеринариялық қауіпсіздік сақталды.
Түркістанда жылына 1 млн. бірлік тұрмыстық техника шығарылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі қосымша бағалауды ескергенде 703,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 159,4 пайызға артық. Мемлекеттік бюджет қаражаты 285,3 млрд. теңгені құрады, үлесі – 40,6 пайыз, меншікті қаражаты – 292,9 млрд. теңге, үлесі – 41,6 пайыз. Қарыз қаражатының үлесі 17,8 пайыз немесе 125,1 млрд. теңгені құрады. Инвестиция салудың басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау, сондай-ақ, өнер, ойын-сауық және демалыс салалары болып табылады. Олардың үлесі инвестициялардың жалпы көлемінде тиісінше 24,6 %, 17,9 % және 17,8 %-ды құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі мемлекеттік бюджет қаражаты болып табылады, оның көлемі 292 917,3 млн. теңгені құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарының шығындарына бағытталған инвестициялық салымдар бойынша 78,3 пайызға өсім байқалады. Олардың көлемі 565,8 млрд. теңгені құрады. Шағын кәсіпорындар бойынша инвестициялық салымдар көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 626,6 млрд. теңгені құрады. 2020 жылы шетелдік инвестициялар белсенді түрде тартылды. Мәселен, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Ташкентке жұмыс сапары барысында Түркістанда 1 миллионға дейін газ плитасын шығаратын Артел өзбек компаниясымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мен Өзбекстан тұрмыстық техника шығаратын бірлескен кәсіпорын ашуға келісті. Көрші елдің инвесторлары Түркістанның индустриялық аймағында газ плиталары мен су жылытқыштарын шығаруға ниетті. Жоба аясында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Техниканың бағасы да тұтынушы үшін қолжетімді болмақ.
Премьер-Министр Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі, «Artel Electronics» өзбек компаниясы және «Orbis Kazakhstan» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат өңірде ас үй плиталары мен электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салуды көздейді. Жоспарланған инвестиция көлемі – 36 млрд. теңге. Түркістан облысы бизнесті жүргізу бойынша көш бастап тұр. «The World Bank Doing Business» сарапшылар тобы жыл сайын әлемнің 190 елінде бизнесті жүргізудің қолайлы жағдайларына зерттеу жүргізеді. Қазақстан 190 елдің ішінде 25-ші орында. Кәсіпкерлік белсенділік жағдайы бойынша субрейтинг еліміздің өңірлері мен мегаполистері арасында да өткізіледі және Түркістан облысы бизнесті жүргізу бойынша үздік өңір болып танылды. Бұл рейтингте Қазақстан 10 критерий бойынша бағаланды. Өңірлерге іскерлік ахуал, инфрақұрылым, бизнесті жүргізу үшін қаржының қолжетімділігі, адами капитал және қабылданатын шешімдердің ашықтығы сияқты 5 фактор бойынша баға берілді. Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2021 жылғы 1 қаңтарға 140,6 мың бірлікті немесе 2019 жылғы деңгейге 99 пайызды құрады. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 218 мың адамды құрады, бұл 2019 жылғы тиісті күндегі деңгейінен 1,5 пайызға артық. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім (тауарлар мен қызметтер) шығаруы 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 554,4 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке 115,6 пайызды құрады.
«Қарапайым заттар экономикасы»: Түркістан облысы еліміз бойынша бірінші орын алады Әлемдік пандемиядан туындаған экономикалық өзгерістерге қарамастан, республикада мақұлданған жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты. Түркістан облысы бойынша мақұлданған жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 287 жобаға жетті, ал несие сомасы 29 млрд. теңгені құрады. Мақұлданған жобалар саны мен өсу қарқыны бойынша Түркістан облысы еліміздің басқа өңірлерінен алда келеді. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша өңірлік Жобалық кеңсенің тиімді жұмысының арқасында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 2020 жылы 24,4 млрд. теңге сомасына 264 жоба қаржыландырылды, 5 млрд. теңгеге 29 жоба мақұлданды, 6,1 млрд. теңгеге 27 жоба қаралуда. Жобалардың саны бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар көш бастап тұр – 77,4 пайыз, одан әрі тамақ өнеркәсібі, білім беру қызметтері, ауыл шаруашылығы, туризм.
2020 жылы аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2020 жылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілгені белгілі. Көп балалы аналардың мәртебесін арттыру мақсатында бұл санат аз қамтылған отбасылар құрамынан балаларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу арқылы шығарылды. 100 мыңнан астам көп балалы отбасы жаңа өзгерістер бойынша жәрдемақы алды. Тиісінше, атаулы әлеуметтік көмекке үміткер аз қамтылған азаматтардың саны айтарлықтай төмендеді. Дағдарысқа қарсы шаралар кезеңінде аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінді: 35 109 отбасына (197 920 адам) 13,1 млрд. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 1 584 отбасына – 80,1 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді; 1,9 млрд. теңгеге 1-6 жастағы 41 516 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет (азық-түлік және гигиеналық жиынтықтар) берілді; төтенше жағдай кезінде 168 876 адам 3,8 млрд. теңгеге азық-түлік-тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етілді; облыстық «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 1 643 отбасы 431,2 млн. теңгеге демеушілік көмек алды, 43 аз қамтылған отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылуына байланысты табысынан айырылған 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд. теңгеге 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем ұсынылды. Шілде-тамыз айларында карантин кезінде табысынан айырылуына байланысты 14,2 млрд. теңге сомаға әлеуметтік көмек алуға 337 171 өтініш мақұлданды. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы 38 907 адам жалпы сомасы 1 945,2 млн. теңгеге 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы 88 160 азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Бірінші бағыт шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету) 9-11 сынып мектептерінің түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген азаматтар қатарынан 975 адам техникалық және кәсіптік оқытумен қамтылды (оқу мерзімі 2,5 жыл), қысқа мерзімді оқыту курстарына 1 058 адам жіберілді. Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) шеңберінде 3 676 адам Бастау-Бизнес жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті, 1 132 адам шағын несие алды. 9 202 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды. 3 бағыт шеңберінде (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту) 72 117 азаматқа жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде: 39 269 адам бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды; 4 333 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 395 адам жастар практикасына жіберілді; 22 120 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. 2020 жылдың ІІІ тоқсанындағы статистикалық деректер бойынша бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады (жоспар 6,1%-дан аспайды); жастардың жұмыссыздық деңгейі – 3,8 пайыз, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 6,6 пайыз. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Түркістан облысында 110 млрд. теңге сомасына 482 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген, оның барысында 27 618 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланған. 2020 жыл ішінде Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде іске асырылып жатқан 482 инфрақұрылымдық жобаның 445-і бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды, 37 жоба 2021 жылға өтпелі болып табылады. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90 пайызын қолдануды қамтамасыз ету болып табылады, ал жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жастар үшін басымдық бере отырып, жалданған қызметкерлердің кемінде жартысын қамтамасыз етуі тиіс. Түркістан облысы бойынша ЖҚЖК аясында барлығы 25 354 жаңа жұмыс орны құрылды, оған 12 055 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды. ЖҚЖК қатысушыларының орташа жалақысы 85 мың теңгеден асты.
Түркістанда тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсті Облыста 1 545 көпқабатты тұрғын үй бар, олардың 01.01.2021 ж. жағдайы тұрақты – 909 көпқабатты тұрғын үй (58,8 %); күрделі жөнделгені – 371 көпқабатты тұрғын үй (24,4%); апаттық жағдайдағысы – 10 (0,6 %); ағымдағы жөнделгені – 255 (16,5 %). Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 299,9 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың деңгейіне 165,8 % құрады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының ең көп көлемі беріліс құрылғыларының, автомобиль жолдарының, көшелердің, жолдардың, теміржолдардың, көпірлер мен тоннельдердің, тұрғын үйлердің, мәдени және ойын-сауық ғимараттарының және оқу орындарының құрылысында орындалды. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 64,8 пайызға ұлғайды және 244 млрд. теңгені құрады. Күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,8 пайызға және ағымдағы жөндеу бойынша 122,4 пайызға ұлғайды. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 341 объектінің, оның ішінде 4 026 тұрғын үй және 315 тұрғын емес мақсаттағы объектінің құрылысы аяқталды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер: 4 мектепке дейінгі ұйым, 9 жалпы білім беретін мектеп, 3 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында тұрғын үй құрылысына 84 956,1 млн. теңге инвестиция бағытталды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 12,1 пайызды құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі көзі құрылыс салушылардың меншікті қаражаты болып отыр, олардың үлес салмағы 53,4 пайызды құрайды. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 406,4 мың м2, оның ішінде жеке құрылыс салушылар тапсырған үйлердің жалпы ауданы 326,1 мың м2 құрады. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі 95,9 пайызды құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңының 1 м2 құрылысына орташа нақты шығындар 103,2 мың теңгені және жеке құрылыс салушылар салған тұрғын үйлерде 83,6 мың теңгені құрады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында барлығы 89 жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер салынуда. Бүгінгі таңда 82 үйде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде: 45 он екі қабатты тұрғын үйдің қабырғалары тұрғызылып, салынуда. 5 тоғыз қабатты үйдің іргетасы қаланып, қабырғалары тұрғызылуда. 7 қабаттан тұратын 15 үйдің 5 және 6 қабаттарының кірпіш қабырғалары қаланды. Барлық үйлерді 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, «Түркістан» ӘКК арқылы «Арман» ТҮК-інен 4 бес қабатты тұрғын үй сатып алынды. Бұл үйлер кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайды. Әкімшілік-іскерлік орталықта бюджет қаражаты есебінен 89 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жақында алты мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары және 336 пәтерлік 7 – жеті қабатты тұрғын үйді қабылдау аяқталды. Барлық үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тапсырылды. Сонымен қатар, желтоқсан айында 5 – жеті қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Кестеге сәйкес, 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында толық аяқталады. Қазіргі уақытта алаңда 500-ге жуық жұмысшы мен 8 техника жұмылдырылған. Әкімшілік-іскерлік орталықта қалған 77 тұрғын үйдің құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
Түркістан облысында апатты жағдайдағы мектептер жойылуда 2020 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 347 млрд. теңге қарастырылды. 2021 жылдың 1 қаңтарына орындау 346,9 млрд. теңгені құрады. 54 мектептің құрылысына жергілікті бюджеттен 12,8 млрд. теңге және республикалық бюджеттен 0,4 млрд. теңге, ал күрделі жөндеу жүргізуге 3,8 млрд. теңге қарастырылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша орта есеппен 5,9 оқушыға 1 компьютерден келеді. Кең жолақты Интернетке 918 мектеп немесе 100 пайыз қосылған. 01.01.2021 жылға 1 414 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, олар 1 жастан 6 жасқа дейінгі 153 948 баланы (97,7%), оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз қамтиды. Облыста 499 894 оқушыны қамтитын 918 күндізгі орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Сонымен қатар, шағын жинақты 136 мектеп бар, оқушылар саны – 12 763. Барлық телефондандырылған және интернет желісіне қосылған. 918 мектепте 2 673 интерактивті тақта орнатылды. Мектептерде 85,3 мың компьютерлік техника бар немесе 1 компьютерге орта есеппен 5,9 оқушыдан келеді. Ағымдағы оқу жылының III тоқсанында білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында 1-11 сыныптардағы оқу процесі 384 206 (86%) оқушы үшін қашықтан жүргізіледі. Контингенті 5 адамнан 300 адамға дейінгі шалғайдағы жалпы орта білім беретін мектептерде штаттық режимде 22 826 оқушы, 6 110 кезекші топтарда 1-4 және 5 сынып оқушыларының ата-аналарының өтініштері негізінде 82 176 (40%) оқушы оқиды. Түркістан облысында апатты мектептердің орнына жаңа білім беру мекемелері салынуда. Өңірде 7 апатты және 5 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Ол үшін облыстың білім беру саласының 2020-2025 жылдарға арналған нысаналы индикаторына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімі алынды. Апатты және үш ауысымды мектептерді жою жөніндегі кешенді жоспар бекітілді, оған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, Түркістан облысы бойынша 52 мектептің құрылысы жүріп жатыр. 2020 жылы апатты жағдайдағы 2 мектептің (Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Достық елді мекенінде 300 орындық мектеп) және үш ауысымды 2 мектептің (Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі Жібек жолы елді мекенінде Ә.Марғұлан атындағы №58 орта мектепке 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысы, Сарыағаш ауданында спорт залының, асхана мен шеберхананың құрылысы және Сарыағаш қаласының Самал шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысы) орнына білім нысандарының құрылысы басталды. Бұл нысандардың құрылысын 2021 жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2021-2023 жылдар аралығында апатты жағдайдағы 4 мектептің орнына білім беру объектілерін салу жоспарланған (Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округі, Тұрбат елді мекенінде 300 орындық Т.Тулы атындағы мектеп, Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауылдық округі, Рабат елді мекенінде П.Тәжібаева атындағы 200 орындық мектеп және Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекенінде 300 орындық Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп құрылысы, Р.Қошқарбаев атындағы 300 орындық №37 орта мектеп құрылысы және үш ауысымды 2 мектеп орнына (Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылдық округінің Болашақ шағын ауданында 300 орындық мектеп салу және Қазығұрт ауданы Амангелді ауылдық округінің Амангелді елді мекенінде 150 орындық мектеп салу).
Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Халықтың өсуі ана мен баланың тууына және денсаулығына тікелей байланысты екені белгілі. Ана мен бала өлімін азайту үшін облыста медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік жағдайды түзету бойынша көп жұмыс атқарылды. Бүгінде Түркістан облысы ҚР-да ана өлімі бойынша 16,3 көрсеткішпен соңғы орында тұр. Еліміздегі нәресте өлім-жітімі бойынша көрсеткіш 7,1 құрайды. Мұның барлығы дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Өңірде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды. Мәселен, соңғы жылдары өңірде өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім төмендеді. Туберкулезбен ауыру 26,5 пайызға азайды. Сонымен қатар, онкологиялық аурулар мен қан айналымы жүйесінің аурулары айтарлықтай төмендеді. 2020 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 13,7 млрд. теңге қарастырылды. 2021 жылдың 1 қаңтарына 13,7 млрд. теңге игерілді. 2020 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2,5 млрд. теңге қарастырылды. Түркістан облысының тұрғындарына 751 мемлекеттік медициналық нысан және 52 жеке меншік ұйым медициналық қызмет көрсетеді. 2020 жылдан бастап өңірде денсаулық сақтау саласында 78,5 млрд. теңгеге 7 нысан салынуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей, медициналық инфрақұрылымды дамыту басым бағыттардың бірі. Осы бағытта 2020 жылы Түркістанда модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. Сонымен қатар, 8 нысанды күрделі жөндеуге 1,2 млрд. теңге бөлінді. 6 нысан пайдалануға берілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2,4 млрд. теңге қарастырылып, 1 компьютерлік томограф, 26 ӨЖЖ аппараты сатып алынды. Қалалық және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар интернетке 100 пайыз қол жеткізумен қамтамасыз етілген, цифрландырумен толық қамтамасыз етілгені байқалады. Қазіргі уақытта облыста «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша кадр тапшылығы байқалуда. Медициналық ұйымдарға 174 маман қажет. Атап айтқанда, кардиологтар, невропатологтар, отоларингологтар, анестезиолог-реаниматологтар, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, окулистер, онкологтар. Мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін 2020 жылы жоғары оқу орындарының 131 түлегі медициналық мекемелерге жұмысқа жіберілді. Оның ішінде шалғай ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген 45 жас маманға 1 500 000 теңге сомасында әлеуметтік және қаржылық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері, оның ішінде Ресейде 44 дәрігер біліктілігін арттырды. Айта кету керек, 2020 жылы өңірде 50 мыңнан астам бала дүниеге келді. Түркістан облысы елімізде бала туу деңгейі бойынша көш басында тұр. Сондай-ақ, Түркістан облысында нәрестелердің өлім-жітімі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 000 тірі туғандарға шаққанда 6,9 пайызға (7,7-ден 7,2-ге дейін) төмендеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, облыстың барлық емдеу мекемелерінде коронавирус инфекциясымен күресу бойынша жұмыс бекітілді. COVID-19 пандемиясы басталған кезеңнен бастап Түркістан облысы бойынша барлығы 3 728 жағдай тіркелген. Оның ішінде сауығып шыққандар – 3 567, қайтыс болғандар – 46. Облыс бойынша коронавирус инфекциясымен (COVID-19) ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін тұрақты негізде 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылды. ПТР мемлекеттік зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін артты. Пандемия басталғаннан бері ПТР зертханаларында 388 483 адам тексерілді. Облыс бойынша орташа есеппен күніне ПТР әдісімен 2 500-3 000 тест өткізіледі. Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы қалыптастырылды. Өкпені жасанды желдету аппараттарының саны (ӨЖЖ) 178-ден 348-ге дейін өсті, өсім 48,8 пайызды құрады. Оттегі станцияларының саны екі есеге артты, 4 қосымша станция (8 станция) орнатылды. Бұдан басқа, 80 оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Оттегі концентраторларының саны 810 бірлікке жетті, өсім көрсеткіші – 95 пайыз. Сондай-ақ, оттегі нүктелерінің саны 10,2 есе өсті, бұл 205-тен 2095-ке дейін өсуді көрсетті. Облыстық бюджет қаражатына 1 компьютерлік томограф және 3 сандық рентген аппараты сатып алынды және орнатылды. Облыстың медициналық ұйымдарында пульсоксиметрлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 95,3 пайыз өсіммен 190-дан 4 069-ға дейін өсті. Бұдан басқа, жылжымалы медициналық кешеннің 12 жиынтығы сатып алынды, нәтижесінде, аудандардың жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел медициналық жәрдем қызметіне 77 автокөлік сатып алынды. Бұл автомобильдер жедел жәрдем паркін 96 пайыз жаңартуға мүмкіндік береді. Медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 2,1 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде: резервтен 1,4 млрд. теңге, облыстық бюджет қаражатынан 0,8 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаражаттан 361,8 млн. теңгеге дәрілік заттар, 1,6 млрд. теңгеге медициналық бұйымдар және 185 млн. теңгеге дезинфекциялық ерітінділер сатып алынды. Сатып алынған қаражаттың 70 пайызы облыстың медициналық ұйымдарына бөлінген, ал қалған 30 пайызы екі айлық резервтік қорды қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоймасының резервтік сақтауында. Халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыста бөлшек дәріханалар арқылы жергілікті тұрақтандыру қоры құрылды, республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 1,2 млрд. теңге бөлінді. Жалпы облыс аумағында 557 бөлшек дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде 238-імен өңір аумағының 43 пайызды қамтитын өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Түркістан облысында республикалық маңызы бар жолдар толығымен жаңартылады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автомобиль саласын дамытуға 20,2 млрд. теңге бөлінді және 254,4 шақырым немесе 14 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. 2020 жылы 4 нысанда немесе 63,5 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 10 нысан немесе 190,9 шақырым жол келесі жылдарға өтеді. Бағдарлама аясында облыста автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде 776 уақытша жұмыс орны құрылды. 2021 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автомобиль саласын дамытуға 1,1 млрд. теңге бөлінді және 28 км. немесе 2 нысанды күрделі жөндеумен қамту жоспарлануда. Түркістан облысының оңтүстік аудандарындағы жолдардың жағдайы бір жыл ішінде 52 пайыздан 90 пайызға дейін жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жетті. Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандарында шекара бойында бір миллионға жуық адам тұрады. 2019 жылы облысты дамытудың кешенді жоспарын дайындау барысында осы аудандарға көбірек көңіл бөлу туралы шешім қабылданды. Содан бері халық тығыз қоныстанған аудандарда үлкен жұмыстар жүргізілуде. Ең бірінші мәселе — жолдар мәселесі. 2019 жылдың басында қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 52 пайызды құрады. Бір жылға жуық уақыт ішінде жақсы жағдайдағы республикалық және жергілікті маңызы бар, сондай-ақ ауылдар арасындағы жолдардың деңгейі 90 пайызға жетті. 2020 жылы 6 учаскеде орташа жөндеу жұмысы жоспарланған болатын, ұзындығы 88 км. болатын 5 учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, А-15 «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш — Жібек жолы» автожолының ұзындығы 63 км, Атакент ауылына кіреберіс жолдың бойында, ұзындығы 11 км. «Самара-Шымкент» автожолының бойында күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, Мақтаарал және Жетісай аудандарында 130 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.
Су құбырларын салу және газ жүргізу. Өңірде көп көңіл бөлінетін маңызды мәселе – инфрақұрылым. Халықты ауыз сумен, табиғи газбен, кәріз жүйесімен және жылумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 54 нысанның құрылысына 18,3 млрд. теңге бөлінді. Сумен жабдықтау мүлдем жоқ 19 елді мекенде жаңа су құбырлары салынды, ал 5 елді мекенде ауыз сумен жабдықтаудың тозған жүйелері жаңғыртылды. Нәтижесінде, қамту деңгейі 82,5 пайызды құрады немесе 690 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілді. 843 елді мекеннің 827 елді мекені орталықтандырылған электрмен және 16 автономды электрмен жабдықтаумен қамтылған. 2020 жылы электр энергетикасын дамыту үшін 26 нысанның құрылысына 4,4 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 17 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Табиғи газдың 30 нысанының құрылысына 14 млрд. теңге жұмсалды, ал жыл қорытындысы бойынша 23 нысанның құрылысы мен монтажы аяқталды. Нәтижесінде, 423 елді мекен немесе елді мекендердің 50,5 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Түркістан қаласын газдандыру 11 кезеңге бөлінді (52 037 абонент, 208 000 халық). 2019 жылы іске асырудың басталуымен жалпы сметалық құны – 20,2 млрд. теңге. Бүгінгі таңда барлық 11 кезең аяқталды. 52 037 абоненттің 35 394 (68%) абонентіне табиғи газ жеткізілді, оның ішінде 10 845 (30%) абонент табиғи газға қосылды. Түркістан қаласын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында 8 жобаны іске асыру жоспарланған. 2020 жылы 2 нысан аяқталды. Жоғарыда көрсетілген объектілерді іске асыру кезінде Түркістан қаласын орталықтандырылған сумен жабдықтау 100 пайызды құрайды. Түркістан қаласын орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету мақсатында 14 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 11 жоба кезең-кезеңмен тарату желілерін салу бойынша, 2 жоба магистралдық желілерді салу бойынша, 1 жоба қуаттылығы 75 мың м3 КТҚ салу бойынша. Бүгінгі таңда 8 жоба бойынша сараптама қорытындысы алынды. Оның ішінде, 3 жоба бойынша ҚМЖ жүргізілуде. Қалған 6 жоба бойынша ЖСҚ әзірленуде. Жоғарыда көрсетілген объектілерді іске асыру кезінде Түркістан қаласын орталықтандырылған су бұрумен қамту 100 пайызды құрайды.
Иә, қорытындылай келе айтарымыз, Түркістан өңірі өзгеше серпінмен дамып келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері ойдағыдай жүзеге асуда. Бұл күнде Мемлекет басшысы жүктеген барлық тапсырмалар уақытымен іске асып, халықтың әл-ауқаты арта түскенін көз көруде. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, сауда сияқты салалардың бәрінде толымды табыстарға қол жеткізілді. Осы орайда, облыс басшысы Өмірзақ Естайұлының ықпалы зор екенін айта кеткеніміз жөн. Ендеше, ағымдағы жылға межелеген міндеттер орындалып, ары қарай да кеңінен қолға алынады деген сенімдеміз.