ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ

Қоғам
1 238 Views

Шымкентте заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бірден бірнеше халыққа қызмет көрсету орталықтары іске қосылды. Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары іске қосылды. Бұл шешімді Шымкент қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады.

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсету орталығында жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады.

Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін халыққа қызмет көрсету орталығы тек әкімдіктен алдын ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім алған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақтылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді және халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлық қолтаңба мен анықтамалар берілмейтінін ескертеді.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы тек заңды тұлғалар бара алады. Ал қала тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алуды жалғастырады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан астамы egov.kz порталында қолжетімді екенін ескертеміз. Порталды пайдалану үшін Электронды цифрлық қолтаңба болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Данабек Исабеков.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығы кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық бетперденің болуы міндетті.

Аңықтама: жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары:

1. Абай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Мәделі Қожа көшесі, 1/16Г

2. Әл-Фараби аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Ә. Жангелдин көшесі, 13А

3. Еңбекші аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Шығыс шағынаудан, 116/1

4. Қаратау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Қ. Төлеметов, көшесі, 35.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *