ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

Қоғам
656 Views

Ол үшін Парижден арнайы алдырылған асыл тұқымды, қолға үйретілген жылқылар Түркістанға жеткізілді. Франция елі мен Қазақстанның өзгеде өңірлерінен әкелінген 33 жүйрік ат «Керуен сарай» көпфункционалды туристіккешенінде 3D-графикасын қолдана отырып ұсынылатын театрландырылған қойылымғақатысады.

Францияның жылқы өсіру зауыты Қамбар ата төлін өсіруде дәстүрлі тәсілдермен қоса инновациялық технологияларды қолданады. Сәйгүліктерді салт жүріске үйретеді. Түркістан төрінде көшпенділер өркениетін көрсету үшін қолға алынған «Аттар шоуы» кезінде ашық аспан астында цирк өнері мен отты шоу көрсетіледі. Оларды баптауға арнайы дайындықтан өткен мамандар атсалысуда. Көпшілікке ұсынылатын шоу бағдарламаның арнайы кестесі бекітілуде.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, атқарылған жұмыстарды бақылады. Туризмнің негізгі ошағына айналатын «Керуен сарай» кешенінде болған облыс әкімі ондағы жұмыс барысын пысықтады. Көрермендерге арналған алып аренаны аралап, көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда күрделі құрылыс аяқталған.

Аймақ басшысы мәдени-рухани орталықта орналасқан ғылыми-әмбебап кітапханада жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Жалпы аумағы 8500 шаршы метрге жететін үш қабатты ғимаратта 400 орындық оқу залы, 250 мың кітап қоры болады. Облыс басшысының тапсырмасымен кітапхананың ішкі қабырғалары әйнекке ауыстырылып, заманауи техникамен жабдықталуда. Жиһаздар орнатылуда.

Өмірзақ Естайұлы «Тұңғыш Президент саябағында» болды. Ислам бағы негізінде бой көтерген демалыс аумағы 40 гектарға жуық. Саябақтағы жасанды көлге су келді. Ол үшін су ұңғымасы мен резервуар салынды. 7 мыңға жуық ағаш отырғызылған бақта жаяу жүргіншілер жолдары салынып, кіші сәулеттік мүсіндер орнатылған. Саябақтың бас қақпасы мәрмәрмен қапталған.

ТҮЛКІБАСТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 15 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Биыл Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 12,7 шақырым болатын 15 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мәселені аудан әкімі Нұрлан Байғұттың өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде халыққа есеп беру жиынына қатысқан тұрғындар көтерген болатын. Нәтижесінде көптен бері жөнделмеген Көкжайлау және Жанкент мөлтек аудандарының көшелері жаңаратын болды.

Сондай-ақ, аудан орталығындағы көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Алатау (Подгорная) көшесі де жыл соңына дейін толықтай орташа жөндеуден өтпек. Осыған байланысты аудан басшысы бірқатар көшелерді жаяу аралап, жөндеу жұмысы басталғанға дейін ретке келтірілуі тиіс шараларды айтып, жауаптыларға алдын ала ескерту жасады.

Одан бөлек, Нұрлан Мархабатұлы Пушкин-Бағыспаев көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен де кездесті. Онда тұрғын үйлерді салу барысында мердігер компаниялар аздаған кемшіліктерге жол бергені сөз болды. Осы мәселені тұрғындармен ақылдаса отырып, шешу керектігін тиісті бөлім басшыларына тапсырды. Сонымен қатар, әкім көктем мезгілінің келіп қалғанын, сондықтан аулалардағы арық-атыздарды қоқыстан тазалау жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе екенін де баса айтты.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 2026 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АУЫЗ СУМЕН ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН 100% ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысында 2020 жылы 19 елді мекен таза ауызсумен қамтылып, 5 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылды. Жалпы2026 жылға қарай облыс аумағындағы елді мекендер ауыз сумен және табиғи газбен100% қамтылмақ. Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеді.

2021 жылы ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау бойынша 62 нысанның құрылысына бюджеттен 14 млрд. теңге қаралып отыр. Соның ішінде, 37 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 25-і келесі жылға өтпелі. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 12 елді мекеннің су құбыры жаңарады. 2025 жылға қарай «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірді толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған», – деді Б.Ануарбекұлы.

Сондай-ақ, өткен жылы облыс халқын көгілдір отынмен қамту мақсатында 14,1 млрд. теңге қаралған. Нәтижесінде табиғи газ тартылған елді мекен саны 423 болып, жалпы өңірдің қамтылу деңгейі 64,4 пайызға жетті. Жалпы 2026 жылға дейін облыс халқын түгел газбен қамтамасыз ету жоспарланған.

Облыс бойынша жалпы 843 елді мекеннің 827-сі орталықтандырылған электр желісімен қамтылса, 16-сы дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, «Түркістан облысы елді мекендерін сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етудің 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» сәйкес, 172 елді мекенді сапалы электр қуатымен толығымен қамту жоспарлануда.

ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН 47 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары барысында Түркістан облысы бойынша былтыр 659 жер иелерінің 86 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері пайдаланылмай жатқандығы анықталған. Оның 8,2 мың гектары – егістік, 4,7 мың гектары – суармалы, 77,8 мың гектары – жайылымдық жерге тиесілі. Бұл туралы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Самат Рамазанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Пайдаланылмай жатқан 203 жер иесі 47,1 мың га жерді өз еріктерімен мемлекет меншігіне қайтарса, 82 жер иесі 8,6 мың га жерді қайта игеруге кіріскен. Сондай-ақ, 374 жер иесінің 30,3 мың га жерін аудан, қала әкімдіктері тарапынан мемлекет меншігіне қайтару шаралары жүргізілуде.

«Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2021 жылға арналған жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық қадамдық алгоритмі әзірленді. Алгоритм бойынша бірінші кезекте жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекендер маңындағы халықтың мұқтажына алынатын учаскелер анықталды. Биыл 129,6 мың га жайылымдық жерлерді халықтың мұқтажына алу жоспарлануда. Жылдың соңына дейін жайылым жердің көлемі 741,8 мың гектарға арттыру жоспарлануда», – деді Самат Маратұлы.

Сонымен қатар, былтыр жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алуға 119 044 азамат кезекке тіркелген. Негізінен, кезекте тұрған азаматтардың басым бөлігі Түркістан қаласы, Сайрам, Сарыағаш және Келес аудандарының тұрғындары. 2020 жылдың қорытындысымен жалпы 301 жер телімі кезекте тұрған азаматқа берілген.

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЕГІН АЛҚАБЫ 65 МЫҢНАН АСТАМ ГЕКТАР АУМАҚҚА ҰЛҒАЯДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында биыл 65 мыңнан астам гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі. Атап айтқанда, диқандар 21,5 мың гектарға – дәнді-дақылдар, 11,6 мың гектарға – майлы дақылдар, 24,9 мың гектарға – ескі жоңышқа, 4,6 мың гектарға – жаңа жоңышқа егуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 1825 гектарға – көкөніс, 1352 гектарға – картоп және 80 гектарға – сүрлем жүгері егілмек.

Ауданда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы жанданып келеді. Биыл осы бағыттағы жобалар санын 170 бірлікке жеткізу көзделген. Сондай-ақ, ауданда 1 гектар аймаққа жылыжай салынып, 80 гектар қарқынды бау егілетін болады. Сонымен қатар, 250 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізу және суармалы жердің көлемін 200 гектарға ұлғайту межеленіп отыр.

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шілде айында Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданындағы бірнеше елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі. «Қақпақ» автоматты газбөлу станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған. Газ құбырлары Қызылқияауыл округіне қарасты Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендері мен Қақпақ ауылокругіне қарасты Заңғар, Қақпақ, Сырлысай ауылдарын, сонымен қатар, Сарыағашауданының Бағыс елді мекеніне дейін тартылған.

2000-нан астам отбасы мекен еткен алты елді мекенде халық саны 12 мыңнан асады. Қазығұрт ауданы 73% газбен қамтылған. Екі газ нысанының құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болып, елді мекендерді табиғи газбен қамтамсыз ету жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Сапар барысында облыс басшысы Қақпақ ауылдық округіндегі Сырлысай елді мекенінде орналасқан орта мектептің жағдайымен танысты.

Ауданда білім сапасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында Сырлысай елді мекенінен 200 орындық мектеп ғимаратын салу жоспарлануда.

Өмірзақ Шөкеев Сырлысай ауылында орналасқан ет өңдеу цехында болды. Германиялық құрылғымен жабдықталған өндіріс орны тәулігіне 5 тонна ет өнімдерін өндіреді. Мұндағы ірі қара малды бордақылау алаңы 1200 бас малға есептелген. Цехта шұжықтың 12 түрі шығарылады. Алдағы уақытта өндіріс орнын Түркістан қаласынан ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына іссапарында облыс әкімі индустриалды аймақта орналасқан майсыздандырылған құрғақ сүт, сары май және ауыз су өндірісінде болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Облыс әкімі аудан басшысына нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер жүктеді.

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА ЖАСАНДЫ КӨЛГЕ 14 МЫҢ ДАНА БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ЖІБЕРДІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында балық шаруашылығы қарқынды түрде дамып келеді. Қазірдің өзінде осы кәсіппен 4 шаруа қожалықайналысуда. Бүгінде олардың қатары тағы толығып отыр. Атап айтсақ, «Дос» шаруақожалығы биылдың өзінде 1 гектар жерге жасанды көл жасап, оған 14 мың данабалық шабағын жіберді. Оның 4 мыңы – ақ амур, 6 мыңы – сазан, қалғаны дөнмандайбалығының (толстолоб) шабақтары. Қожалық төрағасы Қайырғали Тойболов бұлкәсіппен шектелмей, бизнес ауқымын кеңейтуді қазірден жоспарлап отырғанынайтты.

«Жоспар ойдағыдай жүзеге асып жатса, алдағы уақытта бұл аймақты демалыс орнына айналдыруды ойластырып отырмыз. Қазірдің өзінде жасанды көлдің аумағын қоршап, абаттандыру жұмыстарын жүргізуді бастап кеттік. Ойымыз іске асса, табиғаты тамаша бұл жерді тиімді пайдаланған болар едік», – деді Қ.Тойболов.

Айта кетейік, бұл кәсіппен айналысатын азаматтарға балық шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында тиісті көмектер беріліп келеді.

Бетті дайындаған

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *