ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ КЕПІЛІ

Қоғам
1 287 Views

Түркістан облыстық сотында облыстық соттың судьялары мен кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Медиация – бітімгершілік пен татулық кепілі» атты «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Жиынды ашқан Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекбайұлы Бекімбетов 2011 жылы елімізде «Медиация туралы» заң, оның қолданылу аясына тоқтала келе жиынға қатысып отырған кәсіби медиаторларға сөз берді. «Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту» тақырыбымен баяндама оқыған «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ өкілдік директорының орынбасары Нұрбол Нұрланұлы өзінің жасап жатқан жұмыстарынан біраз мысалдар келтірді. Сонымен қатар алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісіп, өңірлік медиаторлардың ұсыныс-пікірлерін талқыға салды. Басқосу барысында Түркістан облыстық сотының судьясы Бауыржан Тәңірбердиев сот саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баян етіп, медиацияның дауды шешудегі рөліне және даудың алдын алу ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Кәсіби медиаторлардың қатысуымен болған жиынның соңы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңын насихаттауда және тараптарды татуластырудағы белсенді қызмет атқарған медиаторларды марапаттау рәсіміне жалғасты. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында сотта және сотқа дейінгі тараптарды татуластыруға ерекше үлес қосқаны үшін бірқатар медиаторларды Алғыс хатпен марапаттады.

«Әділет-ақпарат».

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *