Өзбекстанда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қатысуымен өткен медиа конгрессте терең талданды
Өзбекстанның мәдени мұраларын зерттеу, сақтау және әйгілендіру бойынша Бүкіләлемдік қоғам (WOSCU) Өзбекстан Республикасы Үкіметінің, «ERIELL GROUP» мұнай сервис компаниясының, Ислам өркениеті орталығы, қолдауымен сондай-ақ Түрксой, Ирсика, «Аль-Фуркан» қорының қолдауымен 23 – 26 тамыз аралығында Ташкент пен Самарқанд қалаларында VIII халықаралық конгресс болып өтті. Конгресске 35 елден 400-ге жуық есімі белгілі ғалымдар қатысты. «Ұлы бабалар мұрасы – III ренессанстың негізі» атты VIII Халықаралық конгрессінің ашылуына орай БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізілді.
24 тамызда Silk Road Samarkand кешенінде ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатының басында Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік қоғамының жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді. Келесі кезекте Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығының директоры, Өзбекстанның мәдени мұраны зерттеу, сақтау және танымал ету жөніндегі дүниежүзілік қоғамы басқармасының төрағасы Фирдавс Абдухаликов кіріспе сөз сөйледі. Ол конгреске қатысушыларды құттықтап, алдағы бағдарламаға тоқталды, атап айтқанда, алдағы форумның басты міндеті – Ислам өркениеті орталығының мұражайының мазмұнының тұжырымдамасын талқылауды еске салды. «Ұлы бабалардың негізі – Үшінші ренессанстың негізі» атты конференциясы осы жылдың шілде айында Ташкентте өтті. Ол әріптестеріне жемісті жұмыс тілеп, VIII Халықаралық конгресті (WOSCU) ашық деп жариялады.
Түрксой ұйымының басты мақсаттары: халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.
Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу. Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.
Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту. Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиеевтің VIII конгресске қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Хайриддин Султанов оқып берді.
Ашылу салтанатына IRSICA директоры Махмуд Эрол Килич, Дүниежүзілік ислам лигасының конференциялар мен іс-шаралар жөніндегі директоры доктор Шакир Салех, Самарқанд технологиялық университетінің ректоры Юсуф Абдуллаев, Дүниежүзілік ислам лигасының конференциялар мен іс-шаралар директоры ( Сауд Арабиясы) Аладвани Шакер Салах, ЮНЕСКО жанындағы ИСЕСКО делегациясының жетекшісі доктор Сомия Жакта Бухадеф, Франция Араб әлемі институтының директоры Натали Бондил, Түркия ғылым академиясының президенті доктор Музаффар Шекер, CNN арнасының коммерциялық директоры Имран Ахмад, Ресей ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары институтының директоры Ирина Попова, Әл-Фурқан Ислам мұрасы қорының менеджері, » WOSCU кеңесінің мүшесі, доктор Сали Шахсивари, Катар Ұлттық кітапханасының директоры доктор Тан Хусим, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мұхетдинов. Спикерлер қатысушыларға өздерінің ұйымдары мен бірлескен жобалары туралы айтып берді, сонымен қатар шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ашылу салтанатының соңында халықаралық конгресстің пленарлық отырысы басталып, онда отандық ғалымдар Ислам өркениеті орталығы мен Имам Әл-Бухари мұражайларының мазмұндық тұжырымдамаларын ұсынды. Пленарлық отырыстан кейін Конгресс өз жұмысын жеті секцияда жалғастырды, мұнда шетелдік сарапшылар мұражайлардың мазмұнын талқылауға қосылды.
Конгресс туралы кеңейтілген материал газетіміздің келесі санында жарияланады.
Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН,
«Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық
газетінің бас редакторы