Бүгінгі шығарылымда біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асуы жайында Түркістан облысының Төлеби ауданындағы жұмыстарға шолу жасаймыз.
Төле би ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км² (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған. Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы –Ленгер қаласы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауын аудан халқы зор ықыласпен қабылдаған.
Халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған Жолдау негізгі бес бағыттан тұрады. Мұндағы тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмылып, орындауды мақсат етті.
«Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды» – дейді Жолдауда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауы – нақтылығымен, мәселелердің шешілу жолдарының тиімділігімен ерекшеленді. Онда қоғамның сан саласына тоқталып, бізге нақты міндеттер жүктеді.
Жолдауда айқындалған бағыттар еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА
Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан, алға ілгерілеп келеді.
Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды.
«Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады», — деп көрсетілген Жолдауда.
Бұл бойынша Төлеби ауданында ЖӨӨ-нің нақты өсуі 2020 жылдың 5 айында 106,4% деңгейінде, кейіннен 2024 жылы 104,1%-ға дейін өседі деп болжануда. Жалпы өңірлік өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны алдағы болжанатын кезеңде 1,4%-ды құрайтын болмақ.
2020 жылдың 5 айында номиналды жалпы өңірлік өнім 33,2 млрд. теңгеден 2024 жылы 125,5 млрд. теңгеге дейін өседі.
Ұзақ мерзімді кезеңде инфляция деңгейін 3-4% дәлізінде ұстап тұру көзделуде екен.
Жұмыссыздық деңгейі 2024 жылға 5,0%-дан жоғары емес деңгейде қалыптасады.
ЖӨӨ құрамында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің өсімі 2020 жылдың 5 айында 100,7%-дан 2024 жылы 105,5%-ға жету болжануда.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің өсімін ЖӨӨ құрамында 2024 жылы +3 пайызға жеткізу жоспарлануда.
ТИІМДІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС – ҚАЛА МЕН АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
«Шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады».
Осы бағытта Төлеби ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 жоба қаржыландырылған, оның ішінде:
Бірінші бағыт бойынша:
— Кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға бүгінгі таңда 2 жобаға (Қаратөбе ауыл округінен ЖК Бақытұлы Бернар жоба құны 11 млн. теңге мал шаруашылығын дамытуға және Киелітас ауыл округінен ЖК Абдиров жоба құны 20 млн. теңгеге көлік сатып алуға және мал шаруашылығын дамытуға қаржыландырылған) бекітілген.
— Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өз бизнесін бастауға мемлекеттік гранттық қаржыландыруға 6 жоба ұсынылып, құжаттары басқармаға іріктеуге өткізіліп, бүгінгі күнге 1 жоба өткен (Леңгер қаласында жеке кәсіпкер Л.Асанова медиаорталық жобасын ашу инновациялық жобасымен іріктеуге қатысып, мемлекеттік грант ұтып алған, жоба құны – 3,0 млн тг.).
ЕЛБАСЫНЫҢ «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АРНАЙЫ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ
Биылғы жылы елді мекендердің инженерлік-коммуникация жүйелерін дамыту мақсатында Көксәйек елді мекенінің сметалық құжаттамалары толық алынып 2020-2021 жылдарға «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасына қаржыландыруға ұсынылған. Ал Қаратөбе елді мекенінің электр жүйесі, Зертас елді мекенінің электр, ауыз су және Қайнар елді мекенінің ауыз суының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленген.
Алдағы уақытта жоба аясында 2020 жылға 14 жобаны іске асыруға 321,7 млрд. теңге бағыттау қарастырылған.
ӘДІЛЕТТІ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ
Жолдауда «Ұлттық табыстың әділ бөлінуіне баса мән бере отырып, салық жүйесін жаңғырту қажет деп санаймын» – деп көрсетіледі.
Ол бойынша ауданда 2019 жылға арналған аудан бюджетінің кірістер бөлігінің бекітілген жоспары 1 млрд. 132 млн теңгені құраған, бүгінгі таңда әрбір кіріс көздеріне аудан аумағындағы мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, нақтыланған жоспар көлемі 1млрд. 299 теңгені құрап, жоспар 167 млн. теңгеге артқан.
2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша нақты түскен түсімдер көлемі 744,6 млн. теңгені құрап, жоспар 118,5 пайызға орындалды немесе 116,3 млн. теңгеге артқан.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет».
«Дипломмен ауылға» жобасы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына әлеуметтік қолдау шарасын ұсыну.
Жоба аясында 2019 жылға 9 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы ұсынуға 1,5 млн. теңге, тұрғын үй сатып алу, немесе салу үшін бюджеттік кредиттер беруге 7,5 млн. теңге жоспарланып, нәтижесінде 2 маман баспаналы болып отыр.
Бұл бағдарлама Жолдауда айтылғандай ауданда алдағы жылдары да өз жалғасын табатынына төлебиліктер бек сенімді.
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕШЕНДІ ЖОСПАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ
«Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек».
Жалпы Аудан спортының дамуына, аудан тұрғындары, жастар және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында Ленгер қаласынан мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы қазіргі таңда жүргізілуде. Нысанның жобалық құны 434,6 млн теңге. Аталған нысан осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ашу жоспарлануда.
Қасқасу ауылында жеке кәсіпкер М. Қозыбақовтың демеушілігімен құны 150 млн теңгелік спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл кешен іске қосылған жағдайда жергілікті жастар спорттың бокс, еркін күрес және кіші футбол спорт түрлерімен айналысуларына мүмкіндік туады. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Көксәйек елді мекенінен спорт кешені, Мәдени елді мекенінен заманауи үлгідегі спорттық сауықтыру кешендерін салу үшін қазіргі таңда жоба сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
1. Инфрақұрылымды дамыту: Туристік нысандарға баратын жол бойларына жол сілтегіштер орнатуға 3,7 млн теңге, қоқыс тастайтын контейнерлер орнатуға 3 млн теңге қаржы қарастырылған.
2. Маркетинг: Ауданда туристік ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Төлеби» туристік ақпараттық орталық және арнайы туристік сайт ашуға аудан бюджетінен 2,5 млн теңге қаржы қарастырылған.
3. Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша: оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыру, ұлттық парктерге және демалыс аймақтарына тұрақты қоғамдық көлік жүргізу.
Инвестиция тарту жұмыстар Қасқасу ауыл округінен құны 150 млн теңгеге «SAIRAM SU resort» демалыс аймағы қосымша 50 орындық нысандарды ашады;
Қоғалы ауыл округінде инвестициялық құны 100 млн теңгеге саумал-сауықтыру кешенін ашылу жоспарланған. Кешеннің сиымдылығы 50 орынды құрайтын болады;
Алатау ауыл округінде құны 150 млн теңгеге «Таңсұлу» демалыс аймағының құрылысы басталып отыр; Кешеннің сыйымдылығы 50 орынды құрайды;
Кемеқалған ауыл округінде құны 150 млн теңгеге «Алма-Тау» демалыс аймағынан қосымша құрылыс нысандары салынатын болады; Кешеннің сиымдылығы 200 орынды құрайды;
Нәтижесінде, туризм саласына 1 млрд. 300 млн теңге инвестиция тартылып, 56 жұмыс орны ашылады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Нәтижесінде нәресте өлімінің көрсеткішін төмендету жоспарлануда.
(2019 жылдың 7 айында 1 жасқа дейін сәби өлім-жітімінің 10 оқиға тіркеліп былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 көрсеткішке артқан. Ана өлімі тіркелмеген).
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ
Ауданда 1825 аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 502,9 млн. теңге төленген.
ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ЕЛ
2019 жылғы аудан бойынша бюджеттің жалпы көлемі – 123,8 млрд. теңге (о.і. нысаналы трансферттер – 8,2 млрд. теңге, субвенция – 11,5 млрд. теңге, кредиттер – 7,5 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджеттің көлемі – 1,299 млн. теңге.
Жергілікті әкімдіктердің өңірлерді дамытудың негізгі көздерін, яғни шағын және орта бизнесті өркендету үшін трансферттерді тиімді, әрі теңдестірілген бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында, ішкі жалпы өнімге салым үлесінде нақты көлем индексі ескеріліп отырады.
Сондай-ақ, келесі жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін қосымша салық түсімдері өңірлердің құзыретіне беріліп, корпоративтік табыс салығы 2020 жылға 320 млн. теңге, 2021 жылға 350 млн. теңге, 2022 жылға 370 млн. теңге болжамдалуда.
Одан басқа, жергілікті бюджетті әзірлеу, бекіту (нақтылау) барысында қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қоғам өкілдерінің қатысуы қамтылған.
Дегенмен, халықпен есеп беру кездесулерін өткізу тәжірибесі көрсеткендей, газбен, ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу тұрғындардың негізгі мәселелері болып табылады. Осыған байланысты, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде тұрғындардың рөлін арттыру үшін жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде қоғаммен жергілікті атқарушы органдар арасындағы қарым-қатынасты және оның тиімді әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды енгізу қажет.
БАСҚАРЫЛАТЫН УРБАНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ
2022 жылға қарай өңірлерді дамыту бюджеті 800 миллиард теңгеден асып кетеді.
Ауданда табиғи газбен қамтамасыз етуге 2019 жылы бюджеттен 4 нысанның құрылысына 1,4 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 55 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып, қамтылған елді мекендер саны 55-ке, қамтылу деңгейі 100% жеткізу жоспарлануда.
Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ағымдағы жылы 4 жобаны іске асыруға 6,35 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде 54 елді мекен ауыз сумен қамту көзделуде. Нәтижесінде, қамтылған елді мекендер саны 55-ке, қамтылу деңгейі 98,9%-ға жеткізу жоспарлануда.
Ауданның даму бюджетінің басым бөлігі бірінші кезекте шешуді қажет ететін шығындарға, оның ішінде апатты, үш ауысымды және апат алдындағы саман мектептердің мәселесін шешуге, халықты ауыз су және табиғи газбен, көлік инфрақұрылым және сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ
Төтенше жағдай режимі кезінде халықты жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі құралы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында Төлеби ауданында 14 инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталық 14 жобаның жеңімпазы анықталып, 14 жобаның жөндеу жұмыстары басталған. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жалпы 153 адамды, Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 81 жұмыссыз адамды жұмыспен қамту жоспарланып, толығымен орындалған.
1) Достық елді мекеніндегі №16 Ш.Уәлиханов атындағы мектепті қайта жөндеу жұмыстарына орталық арқылы 10 азамат.
2) Спорт нысандары Ленгер қаласындағы «Жастық» стадионына күрделі жөндеу жұмыстарына орталық арқылы 25 жұмыссыз азамат.
3) «Ленгер» өзені бойын абаттандыру жұмыстарына орталық арқылы 10 жұмыссыз азамат.
4) Әйтеби би көшесінің бойын абаттандыру жұмыстарына орталық арқылы 9 жұмыссыз азамат.
5) Ленгер қаласындағы Бейбарыс көшесін орташа жөндеу жұмыстарына орталық арқылы 2 жұмыссыз азамат.
6) Ленгер қаласындағы Жастар көшесін орташа жөндеу жұмыстарына орталық арқылы 3 жұмыссыз азамат.
7) Бірінші Мамыр а/о Бейнеткеш е/м Шапағат көшесінің құрылыс жұмыстарына 4 азамат.
8) Бірінші Мамыр а/о Жаңажол е/м Егемендік көшесінің құрылыс жұмыстарына 2 жұмыссыз азамат.
9) Бірінші Мамыр а/о Ынтымақ е/м Отан көшесінің құрылыс жұмыстарына 2 жұмыссыз азаматты жолдау жоспарланып толық орындалды.
10) Бірінші Мамыр а/о Зағам-бар е/м Мәңгілік ел құрылыс жұмыстарына 3 жұмыссыз азамат.
11) Киелітас а/о Киелітас е/м Аманат көшесінің құрылыс жұмыстарына 1 жұмыссыз азамат.
12) Киелітас а/о Киелітас е/м Мәңгілік ел көшесінің құрылыс жұмыстарына 1 жұмыссыз азамат.
13) Тасарақ а/о Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының «№7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ның ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 жұмыссыз азамат.
14) Көксәйек а/о Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ның ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 жұмыссыз азамат жалданып жұмыстар атқаруда.
«ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Қысқа мерзімді кәсіби оқуға жалпы 60 азаматты 3 мамандық бойынша оқыту шілде айынан бастап жолдау жоспарланып отыр екен.
1. «Аспазшы» – 22 азамат;
2. «Тігінші» – 22 азамат;
3. «Электр газымен дәнекерлеуші» — 16 азамат;
Шағын несиемен 85 азаматты қамту жоспарланып, а.ж «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на және «Ырыс» МКҰ-на 89 азаматқа жолдама беріліп, 18 азаматқа несие 54,8 млн. теңге (мал шаруашылығына) несие алған.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік негіздеріне» ағымдағы жылдың маусым айынан бастап карантинге онлайн оқыту жоспарланып, 784 азаматқа жолдама берілген.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бойынша 148 азамат жоспарланып, 32 азамат грант алып өз жұмыстарын бастап отыр екен.
Тұрақты жұмыспен қамтуға – 2424 азамат жоспарланып, орындалғаны – 627. Оның ішінде:
— бос жұмыс орындары бос жұмыс орындарына 597 азамат,
— жаңа жұмыс орындарына – 30 азамат жолданған.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында ағымдағы жылға 130 жұмыссыздарды жолдау жоспарланып, 168 жұмыссыз азамат өтінім берген 14 жұмыс беруші кәсіпорындарға (5 қызмет көрсету мекемесі, 9 ауыл шаруашылық) жолданған.
Жастар практикасына оқу орнын бітірген жас түлектердің мамандықтары бойынша тәжірибе алу мақсатында 250 орын жоспарланған. Нақты 103 азамат 39 мекемеге жолданған.
Қоғамдық жұмыстар қала және ауылдық елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарына ұйымдастыру мақсатында 350 жұмыссыз азамат жолдау жоспарланып, 16 мекемелер мен кәсіпорындарға 497 азамат жолданып отыр екен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» стратегиясы аясында Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарған жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің келешегі жастар десек, әлеуметтік-экономикалық жағынан жан-жақты дамыған, өркениетті, мәдениетті мемлекет құруымыз үшін ұрпағымыздың дені сау, салауатты болуы міндетті. Шынығу – салауатты өмір салтының негізі. Осы қағидаларды ұстана отырып аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі аудандық, облыстық, республикалық, Халықарлық жарыстардың өткізілуін ұйымдастырады. Сонымен қатар аудандағы 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және «Алмас қылыш», «QAZAQ BATYRY» спорт клубтарының жұмысына тікелей бақылау жасайды екен.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңдегі міндеттері келер ұрпақ алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті есте ұстауға тиіс» деген тұжырымдауы бүгінгі күні жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу ісін, салауатты өмір салтын енгізу, дене шынықтыру мен спорт саласын жан-жақты қалыптастырып, әлемдік дамыған елдер қатарына қосылу бағыттарын міндеттеп отыр.
Осы тұрғыда Төлеби ауданы аумағындағы тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, бөлімнің 2020 жылға арналған бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын енгізу туралы күнтізбелік жоспарына сәйкес біршама жұмыстар атқарылған.
Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында ауданда 371 спорттық нысандар жұмыс істейді. Соның ішінде: 1- «Жастық» стадионы, 1-тау шаңғы базасы, 2-жүзу бассейіні, 1- «Бәйшешек» оқу жаттығу орталығы, 55-спорт залдар, 3- Спорттық кешен, 8-мылтық ату тирлері, 282-ашық спорттық ойын алаңдары, 5-футбол манежі, 13-бе-йімделген спорт залдар бар.
2019 жылы Ленгер қаласының 1 мөлтек ауданында мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында заманауи үлгідегі құны 434,6 млн теңгелік спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілген. Қасқасу ауылынан жеке кәсіпкер М.Қозыбақовтың демеушілігімен құны 150 млн теңгелік спорттық сауықтыру кешені салынып аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне пайдалануға берілген. Бұл кешенде ауыл жастары спортпен еркін шұғылдануға берілген. Бейнеткеш ауылында Б.Әшірбаеваның демеушілігімен құны 22 млн теңгелік заманауи үлгідегі футбол манежі салынып іске қосылған. Сонымен қатар 2019 жылдың шілде айында Ленгер қаласы Төлеби және Қапал батыр көшелерінің бойынан заманауи үлгідегі 2 стрит воркаут және 2 балалар ойын алаңы салынып іске қосылып отыр. Көксәйек ауылынан 1 спорт алаңша Зертас ауылынан 3 стрит воркаут қондырғысы, Қаратөбе ауыл округінен 8 стрит-воркаут қондырғысы және Кемеқалған а/о 1 қарапайым спорт алаңшасымен 1 балалар ойын алаңшасы жұмыс жасауда. 7. Қала және ауыл округінің кіре беріс жеріне ауданнан шыққан атақты спортшыларды аудан тұрғындарын және жастармен жасөспірімдерді спортқа қызықтыру мақсатында баннер (панно) орнату жұмыстары қолға алынып, қазіргі таңда Ленгер қаласының кіре беріс жері Султан Рабат ауылына 1 дана, Депутаттар аллеясының маңына 1 дана «ҚазтрансГаз» аймағының жанына 1 дана, Зертас елді мекенінде, Жаңаұйым елді мекенінде баннерлер ілінген.
2020 жылға Көксәйек елді мекенінен спорт кешенін салу үшін қазіргі таңда жобалық ізденіс жұмыстары (ПИР) «Су-ҚұрылысПроект» ЖШС арқылы дайындалып, Жобалық сметалық құжаттама құнының көлемі 6691328 теңгеге есептелген. Қазіргі таңда жоба сметалық құжаттамаларын қайта өңдеу (корректировка) жұмыстары жүргізілуде. Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени елді мекенінен заманауи үлгідегі спорттық сауықтыру кешенін салу үшін қазіргі таңда жоба сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп отыр. Ал, Леңгір қаласындағы орталық «Жастық» стадионын күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 2790,0 млн теңге қаралып, жоба сметалық құжаттамалары дайындалып қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, сараптамалық құны 128 млн 741 мың 355 теңгені құраған. Бұл жобаларды іске асыру мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қаржы бөлуге ықпал жасау мақсатында ұсыныс хаттар жолданған екен.
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ
2019 жылы 636 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 50124-ге жуық адам қатысса, 2020 жылдың 6 айында 115 спорттық іс-шаралар өткізілген. Оған қамтылғандар саны – 14260 адам.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында спорт саласына қатысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта аудан әкімінің бастамасымен аудан аумағындағы барлық жалпы орта білім беру мектептерінің спорт залдары кешкі уақытта 19.00-ден 21.30-ға дейін жергілікті халықтың қалаған спорт түрлерімен шұғылдануларына берілуде.
2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 35556 адамды құрап, аудандағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 30 % пайызына жеткен болса, 2020 жылдың 3 айында спортпен шұғылданушылар саны 37010 адамға жетіп отыр. Яғни жалпы халықтың 31 пайызын құрауда.
СПОРТ РЕЗЕРВІН ДАЙЫНДАУ ЖАҒДАЙЫ
Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Катаев Алибек Жолымбекұлы. Бұл мектепте 1962 жасөспірімдер 143 топтарда спорттың 12 түрімен шұғылданады. Жаттықтырушылар саны – 63.
Ленгір қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ордабаев Ғани Оңғарұлы. Бұл мектепте 1220 жасөспірімдер 86 топтарда спорттың 13 түрімен шұғылданады. Жаттықтырушылар саны – 32.
Балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі мектебінің директоры Клушев Нургельды Осербаевич. Бұл мектепте 434 жасөспірімдер 35 топтарда спортпен шұғылданады. Жаттықтырушылар саны – 10.
«Алмас қылыш» спорт клубының директоры Серік Сыдықұлы. Аталған спорт клубында 384 жасөспірімдер 32 топтарда спорттың 8 түрімен тегін шұғылдануларына мүмкіндік жасалған. Жаттықтырушылар саны – 8.
«QAZAQ BATYRY» спорт клубының директоры Бейсебаев Еркінбек Жаппарович. Аталған спорт клубында 384 жасөспірімдер 32 топтарда спорттың 6 түрімен тегін шұғылдануларына мүмкіндік жасалған. Жаттықтырушылар саны – 8.
Жалпы аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерге 121 кәсіби жаттықтырушы-мамандар 4384 оқушыға жаттығу сабақтарынан білім береді.
СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СПОРТ РЕЗЕРВТЕРІН ДАЙЫНДАУ
2018 жылы Анарбай Әсет Тайландта аралас жекпе-жектен (жеткун до) әлем чемпионы атанған. Байкамуров Марат самбо күресінен Монғолияда Азия чемпионы атанса, Сабырхан Махмут Тайландта бокстан Азия чемпионы атанып алтын медальді иеленген. Ал, 14-19 мамыр күндері Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында жастар және жасөспірімдер арасында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтіп бұл байрақты додада жерлестеріміз Кувалдин Иван және Абдырова Ирода алтын жүлдені тағып Әлем чемпионы атанса, Гладкова Алена күміс, Ким Андрей және Арсланова Альмира қола медалді иеленіп оралған. Кикбокстан Базарова Илина Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанса, бокстан Қызылорда облысында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында Үсіпәлі Бекарыс күміс жүлдеге ие болған. Осындай тағыда басқа көптеген дарынды спортшылар ауданның және облыстың туын көтеруде. Бұл спортшылар аудандық және қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары және түлектері. Биылғы 2018 жылдың 12 айында облыстық жарыстарды 49 алтын, Республикалық деңгейдегі жарыста 12 алтын, халықаралық деңгейдегі жарыста 8 алтын, Азия біріншілігінде 2 алтын, Әлем біріншілігінде 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медальге ие болған.
2019 жылдың 16-25 мамыр күндері Жапония мемлекеті Токио қаласында пауэрлифтингтен жастар арасында Төлеби ауданының спортшылары Кувалдин Иван Александрович және Абдырова Ирода Яркымбайқызы әлем чемпионы атанып жеңіспен оралған. Тоғызқұмалақтан Далиева Әсел Түркияның Анталия қаласында әлем чемпионы атанған. Манғолия елінде Ұлан-Батыр қаласында 6-12 қыркүйек күндері аралығында классикалық пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өткен болатын. Аталған чемпионатта 20-дан астам ел қатысып өз ара мықтыны анықтады. Аудан спортшысы 53 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Кувалдин Иван І орынды иеленіп, 130 келі салмақты бағындырып, әлем рекордын жаңартқан. Осы жылы бокстан Сабырхан Махмут, самбо күресінен Байкамуров Марат Азия чемпиондары атанған екен.
АЛДАҒЫ ТҰРҒАН МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Аудан спортының дамуына ерекше көңіл бөлу арқылы ауданда дарынды спортшыларды баптап, мемлекетіміздің даңқын шығару жолындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді жалғастыру мақсат. Сонымен қатар 2020 жылы аудан тұрғындары, жастар және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында футбол, волейбол, жеңіл атлетика, баскетбол, дзюдо, еркін күрес, бокс, кикбокс, шахмат, тоғызқұмалақ т.б. спорт түрлері бойынша темекі шегу мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында аудандық және облыстық жарыстар және 26 маусым «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Жазғы каникулдар» атты баскетболдан жасөспірімдер арасында республикалық, жастар арасында қазақ күресінен «Төлеби баба» атындағы халықаралық, тоғызқұмалақтан жастар және жасөспірімдер арасында республикалық, бокстан жасөспірімдер арасында Ұлы Отан соғысының ардагері Ө.Саховты еске алуға арналған республикалық жарыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ардагер, зейнеткерлер арасында шахмат және бильярдтан, жастар арасында аудан әкімінің кубогі үшін футбол және волейболдан, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мектеп және колледж оқушылары арасында кешенді спартакиада, жастар арасында баскетболдан және көкпардан ауданның ашық біріншіліктерін, қазан-қараша айларында аудан тұрғындары арасында жаппай жүгіру марафоны мен спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі біріншіліктер және аудан жастары арасында «Төлеби ауданы ойындары» атты спорттық ойындарын 2020 жылға үшінші рет аудан әкімдігінің қолдауымен жоспарға сәйкес өткізу жоспарланып отыр.
Ауданда мүгедектер құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да өз деңгейінде атқарылуда.
1. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік шаралармен (протез-ортопедиялық көмек, қол арба, мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек, санаторлық-курорттық емдеу т.б) қамту мәселесі:
1. 2020 жылдың 01 шілдесіне (протез-ортопедиялық құралдарға 156 мүгедектен өтініш түсіп облыстық бюджет есебінен берілуіне байланысты тіркеуге алынып жолдама күтуде, қол арбамен қамтылғандар 60 мүгедек 79 құралмен қамтылған, міндетті гигиеналық құралдарға 411 өтініш түсіп толығымен қамтамасыз етілген (185 ересек мүгедектер, 226 балалар), үйде әлеуметтік көмекті қажет ететін 120 мүгедек балаларға стандартқа сәйкес әлеуметтік көмектің 8 түрінен 24 әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйінде қызмет көрсетуде, санаторлық-курорттық емдеу бойынша 2020 жылдың 01 шілдесіне тіркеуге алынған зейнеткерлердің саны 244, зейнеткерлер мен ардагерлердің 2020 жылдың 01 қаңтарына дейін тіркеуде тұрғандарының саны 1396 азамат болса, жалпы кезекте тұрғандар саны 1640 құрап, оның 125 бүгінгі күнге Ардагерлер үйі мен Мейір ардагерлер үйіне жолданған (қалғаны 1515 адам). Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2020 жылдың 1 шілдесіне 275 мүгедек азаматтардан өтініш түсіп, оның 26-ы Ақсу Жабағылы шипажайына жолданған екен. Мүмкіндігі шектеулі 1 топтағы өздігінен жүре алмайтын мүгедектерге жеке көмекші тағайындау бойынша тіркеуге алынғандары 141 мүгедекке 137 жеке көмекші ымдау маманын қажет ететін 30 мүгедекке 30 жеке көмекші қызмет көрсетуде. 170 Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде оқу құралына жергілікті бюджеттен 3937 мың теңге қаралып 984 мың теңгесі игерілген. Әр балаға 2778 теңге жеке есеп шоттарына жіберіліп отыр.
3. Аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси қызметі сапалы жүргізілуі қатаң бақылауға алынсын.
3.1. Аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси қызметін көрсетуге жергілікті бюджеттен 14325 мың теңге қаралып аудан аумағында тұратын 153 мүгедек азаматтар тіркеуге алынып, аудан, қала аумағында 2 Инватакси автокөлігі қызмет көрсетуде.
4. Бейімдеуден өткен нысандардың нормативтік параметрлерінің сақталуына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілсін.
4.1. Аудан бойынша түгендеуден өткен 229 нысанның 114 бейімдеуге жататын болып табылған, бүгінгі күнде бейімдеуден өту жұмыстары жоспарланып қосымша жаңа нысандармен қоса алғанда 119 нысан бейімделіп, базаға ендірілген. 2020 жылға 6 мекеме (екеуі мемлекеттік 4 жеке меншіктегі мекемелер) жоспарланып ішкі жолдар мен санитарлық тұрмыстық жайларын және обьектілердің аумағын бейімдеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Бұл Төлеби ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігіне жасалған шағын ғана шолуымыз, әрине. Байқағанмыздай аудан жұмысы оң жолға қойылып келеді. Ауданға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиі барып, халықпен кездесіп, жергілікті мәселелерді жиі талқылайды. Тапсырмалардың дер кезінде орындалуын қатаң бақылауына алған. Нәтижесі көрініп тұр. Алдағы уақытта осылай жалғасса Төлеби ауданы дамып, гүлденіп, халық күткен үмітті ақтайды деген сенімдеміз.
Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ.
Төлеби ауданы.