СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ ҚЫСҚА

Қоғам Құқық
902 Views

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын және Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінбасшылыққа ала отырып, департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа жолбермеу және алдын алу, сонымен қатар этикалық нормаларды сақтауды басты мақсатетіп қойған.

Мемлекеттік қызметтің іскерлік сапасының тиімділігін жоғарғы дәрежеге көтеру бағытында аталған заңнамалық актілердің сақтау маңыздылығы қызметкерлерге тұрақты түрде техникалық сабақтарда түсіндіріліп және ескертіліп отырады.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу заңдылықтары қоғамды сыбайлас жемқорлық деген үлкен індеттен арылту арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің экономикасына, ұлттық қауіпсіздігімізге, әлеуметтік сала мен саясатқа үлкен зардап келтіріп,нәтижесінде қоғамның дамуына нақты қатер төндіреді. Сондықтан экономиканың өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жолындағы стратегиялық бағыттарының бірі болғандықтан аталған індетпен аянбай күресу – заман талабы екенін ұмытпауымыз керек.

Сонымен қатар кез келген ортада пара беру мен алудың және олардың арасындағы делдалдың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Мемлекет басшысы еліміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойған талабында «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болуы тиіс» екенін және мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн екенін атап көрсетіп, мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылатынын атап өтті.

Қазақстан – көпұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізу мақсатында сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күрескен абзал. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.

Бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкер, ең алдымен оның отбасындағы тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы тиіс. Тәрбие от басынан басталады, ата-анасы өз мәселесін пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән берген жағдайда еліміз дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуі мен өркендеуіне және халқымыздың жағдайының жақсаруына үлкен үлесін қосары анық. Демек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып қарсы тұруымыз қажет!

С. ШЫРЫНБЕКОВА,

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *