Ауыл жастары үшін Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Шапырашты елді мекенінде жабық футбол манежі пайдалануға берілді. Манежді жастардың спортпен шұғылдануы үшін барлықжағдайлар жасалған, жаңадан берілген спорт нысанына келіп, спортпен шұғылдануға қызығушылық танытып отырған жастар мен жасөспірімдердің белсенділігі жоғары.
Қазіргі таңда ауылдың 70-ке жуық жастары мен жасөспірімдері санитарлық талаптарды сақтап, дене шынықтыру мен спортқа тартылуда. Сондай-ақ ауданымызда осындай жабық футбол манеждерінің саны 20-ға жетіп отыр. Атап айтқанда барлық ауыл округтерінің орталық елді мекендерінде жастар дене шынықтыру мен спортқа тартылған.
Спорт нысанының ашылуында Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков жас спортшыларға салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты одан әрі жақсарту, алдағы жарыстарда ауылдан чемпиондардың шығуын тілеп, жылы лебізін білдірді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданында екі мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған Қарабұлақ ауылындағы №92 жалпы орта мектебі 600 оқушыға арналған. Мемлекеттік және өзбек тілінде білім беретін оқу ордасының жалпы аумағы 7200 шаршы метр, мектепте 29 жалпы сынып және 5 интерактивті сыныптар қарастырылған. Ақсуабад ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген білім ұясы 600 оқушыға арналған, мектепте 48 жалпы сынып және 6 интерактивті сыныптар қарастырылған. Білім ұясының ашылуы салтанатына Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков пен ауылдың беделді азаматтары, ұстаздар қауымы қатысты.
«Әділет — ақпарат».