6 Views
2026 жылғы 26 ақпанда Шымкент қаласында 51 жұп неке қиюға өтініш беріп, отбасын құру үшін ерекше дата — 26.02.26 күнін таңдады.
Биыл ақпан айы некеге тұруға сұранысқа ие болды. Әсіресе 26 ақпан күні қалалық АХАТ бөліміне 51 жұп өтініш тапсырған.
Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Шымкентте 895 жұп некесін тіркеген. Ал 2025 жылы қалада 7052 неке тіркелді. Некелесу рәсімдері салтанат залында өтеді, рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сондай-ақ тұрғындар үшін салтанатты көшпелі тіркеу қызметі де қолжетімді.
Айта кетейік, некені тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы 4 235 теңгені құрайды. Салтанатты тіркеу қызметі бөлек төленеді. Өтінішті АХАТ бөліміне кемінде 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сонымен қатар өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да беруге болады.
