ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

Қоғам Құқық
635 Views

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап шетелдерде тұратын миллиондаған қандасымызды туған елге қайтару бағытында ұтымды көші-қон саясатын жүргізіп келеді. Сондықтан жері кең, жас мемлекетіміз үшін көші-қон мәселесін ретке келтіру ауқымды әрекеттерді талап етеді. Осындай аса маңызды салада қызмет атқаратындар қатарында-тәртіп сақшылары да бар. Оның ішінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері де биіктерден көрінуде. Мысалы, Келес АПБ көші-қон қызметін көрсететін топтың қызметкерлері қандастарымыздың құқықтарын сақтай отырып, ҚР Азаматтығын алуда жедел әрекет жасап, алғыс алып, нәтижелі жұмыстар атқаруда. Нақтырақ айтсақ, Келес АПБ-нің қызметкерлері өткен 2019 жылы ауданға көшіп келген 218 шетелдік азаматқа қызмет көрсеткен, оның ішінде 189 ересектер мен 32 жасөспірімдер ҚР азаматтығына жеңілдетілген түрде алған.

Осы тұста, Келес ауданы шекаралық аумаққа жататындықтан мұнда оралмандар көптеп қоныс аударатынын айтып өткіміз келеді. Оның үстіне Келестік жергілікті тұрғындар оралмандарды құшақ жая қарсы алуда. Мемлекет қол­дан келген көмегін көрсетуде. Ең негізгісі құжат рәсімдеуде полицейлер жүйелі жұмыстар атқаруда. Мәселен, Келес АПБ ККҚТ-ның инспекторы полиция капитаны Гүлжан Құралбековаға жергілікті тұрғын келіп, өзінің ескі 1974 жылғы төлқұжатпен бүгінгі күнге дейін жүргенін, ауыстыруға қанша оқталғанымен тиісті мекемелер әуре-сарсаңға салғанын, енді полицейлердің көмегімен жаңа үлгідегі ҚР-ның жеке куәлігін алуға құжат тапсырғысы келетінін айтып, көмек сұрап келеді. Ал, полиция капитаны Гүлжан Арапбекқызы оқиғаның мән-жайын толық анықтап, қажетті мекемелермен-мамандармен сөйлесіп, кеңес алып, жергілікті тұрғынның құжаттарын қабылдап, шұғыл әрекетке көшеді. Осылайша, көмек сұраушы тұрғынға заң аясында көмектесіп, тез арада ҚР Азаматтығының жеке куәлігін алуға анықтама қағазын беріп қуантқан. Өз кезегінде Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны түрлі жағдайларға байланысты өзінің бұрын берілген құжаттарымен қалып кеткенін айта отырып, осы қиын мәселесін жылдам шешіп берген полицейлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан келген А.Шилмурзаевтың жақын туған-туыстары да Келес АПБ-нің халықтық-кеңсесіне келіп, ККҚТ-ның қызметкерлеріне мәселелерін жеткізіп, оң шешімін тапқаны үшін Келестік полицейлердің жұмысына риза болып, алғыстарын айтты.

Одан бөлек, ҚР азаматына тұрмысқа шыққан Өзбекстан Республикасының азаматы 2019 жылдың желтоқсан айында Келес АПБ КҚҚТ-на келіп, ҚР азаматтығын алуға алдын ала тіркеуге тұруға құжаттарын тапсырған. Ал, полиция капитаны Гүлжан Құралбекованың құжаттарын қабылдап, оны заң жүзінде іске асырып, сандалтпай, тез және нақты іске көшіп, ҚР Азаматтығын алуға тіркеуге қойған. Оралмандар бірауыздан: «Келес АПБ-нің полицейлері өз қызметтерін мінсіз атқаруда. Құжаттарымызды жылдам қабылдап, шұғыл әрекет етіп, ҚР Азаматтығын алуға барынша ықпал етуде. Әуре-сарсаңға салмай, жұмыстарын адал атқаруда. Сондықтан аудандық полицейлерге, оның ішінде Гүлжан Құралбековаға алғысымыз шексіз», – деп ризашылықтарын жеткізуде. Сонымен қатар, көші-қон қызметін оңтайландыру мақсатында облыс орталығында жаңа орталық ашылғанын да атап өткіміз келеді. Енді шетелге жұмыс сапарымен шығатындар және елімізге жұмыс бабымен келетін азаматтардың құжаттарын бір жерден рәсімдеуге болады. Аталған орталықтың қызметі жайлы еңбек мигранттары – бұл әлдеқайда қолайлы жағдай екендігін алға тартуда. Себебі, бүгінгі таңда құжаттарыңызды бір жерден рәсімдеп уақытты үнемдейсіз және барлығы электронды форматта іске асады. Осы орайда қалалық-аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің жанынан ашылған халықтық – кеңселердің де оңтайлы қызметін алға тартуға болады. Себебі, өздерінің көкейдегі мәселелері бойынша тұрғындар мен оралмандар осы халықтық-кеңсеге келіп, алғашқы мәліметтерді алып, тиісті полицейлермен кездесіп, мәселелерін шешуде. Бұл жұмыстар – тұрғындар үшін полицейлердің ашықтықты қалыптастыруының дәлелі болып табылады.

Айдана ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ,

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *