Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №55 «Самал» бөбекжай-бақшасында зияткерлік дамыту кабинеті ашылды. Жалпы, Қазақстанда аналогтық кабинет жоқ. Жоба қалалық білім басқармасы «Интеллект» МДО-мен бірлесіп іске қосылды. Бүгінгі таңда осы жобамен 37 мектепке дейінгі ұйым қамтылды, сондай-ақ олар дидактикалық материалдармен толықтай қамтылатын болады.
Шымкент қаласы білім басқармасына бағынысты №55 «Самал» бөбекжай-балабақшасында Білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер мен жаңалықтарды қолдау мақсатында «Интеллектум» қосымша білім беру орталығынан биылғы оқу жылында Шымкент қаласындағы 37 балабақша мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған интеллектуалдық дамыту ойындары кешенімен қамтамасыз етілді.
2019 жылы 21 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Шымкент қаласында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына, №70 «Ақмарал», №74 «Айдана», №97 «Шолпан», №106 «Ердәулет» балабақшаларында 36 сағаттық 148 педагогына (әдіскер, психолог, тәрбиешілер) арналған екі апталық оқу тренингі ұйымдастырылып, сертификат иеленді. Қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып «Интеллектум» қосымша білім беру орталығы, «Интеллектуалдық дамыту ойындарын дидактикалық құрал ретінде қолдану» тақырыбындағы іс-шараға Астана қаласы «Интеллектум» қосымша білім беру орталығының академиялық директоры, п.ғ.к., доцент Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы арнайы келіп, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілерімен бірге дамыту кабинеттері жайлы ой бөлісті. Жалпы, мұндағы Интеллектуалдық дамыту ойындарының ерекшелігі – ол кешен ретінде баланың жеке қабілетін ашуға, логикалық ойлауына, өзара белсенді қарым-қатынас жасауға, ал педагогке баланың дамуын бақылап, іс-әрекетін бағалауға мүмкіндік беретін біртұтас дидактикалық жүйе екендігі жайында кеңінен ақпараттандырылды.
Шымкент қаласы білім басқармасы.