ТҮЛЕКТЕР ҚОС ДИПЛОМ АЛЫП ШЫҒАДЫ

Білім
1 082 Views

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Беларусь мемлекеттік ақпарат және радиоэлектроника университетінің арасында қос дипломды білім беру бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Енді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 45 студенті оқуды аяқтағаннан кейін IT мамандығы бойынша қос диплом алып шығады. Екінші дипломды университет түлектеріне Беларусь мемлекеттік ақпарат және радиоэлектроника университеті тапсырады.

Бұл ақпарат Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен БМАРУ «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімінде куәландырылды.

Екідипломдық білім беру бағдарламасы бойынша өткеніс-шараның ашылу салтанатына Беларусь Республикасының ҚазақстанРеспубликасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов, Л.Н.Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі ЕрланСыдықов, бірінші проректор – оқу ісі жөніндегі проректор Әсемгүл Молдажанова,Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының директоры ЕркенТазабекова, Ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылыққұрамы және факультет деканы Жанат Нұрбекова қатысты. Сонымен қатар Беларусьмемлекеттік ақпарат және радиоэлектроника университетінің делегацияларықұрамында бірінші проректор Сергей Дик, Компьютерлік жобалау факультетініңдеканы Дмитрий Лихачев, басқару жүйелері кафедрасының меңгерушісі АлександрМарков бар.

Салтанатты шарада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов және БМАРУ бірінші проректоры Сергей Дик құттықтау сөз сөйледі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов 2011 жылы Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенконың Астанаға сапары барысында Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институты арасында ғылым және білім беру Консорциумын үйлестіру жөнінде қол қойылғанын атай келіп, алғашқыда қос тарап Консорциумға 13 жоғары оқу орны мен үш Ғылыми-зерттеу институтын енгізсе, қазіргі күні білім беру және ғылыми-зерттеу саласының ауқымы кеңейе түскенін жеткізді. «Консорциум құрамына бүгінгі таңда Қазақстаннан 22 ЖОО, Беларусь елінен 24 жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу институттары кіріп отыр», – деді ректор. Сондай-ақ екі елге қатысты үш орталықтың жұмыс істеп тұрғанын да айта келіп, 2012 жылы Еуразия ұлттық университетінде «Беларусь» тіл және мәдениет орталығы жанынан Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы құрылғанын, 2017 жылы ЕҰУ Беларусь эталонды құқықтық ақпарат орталығы ашылғанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде сөз алған Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов 2018 жылы М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінде өзара ынтымақтастық шеңберінде Беларусь – Қазақстан мәдени-білім беру орталығының салтанатты ашылу рәсімі өткенін, содан бергі уақытта Еуразия ұлттық университеті мен Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің арасындағы мәдени-білім беру қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

– Жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық бүгінгі күні негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асуда, ол – білім беру, ғылым және мәдениет, – деді Елші. Беларусь ұлттық техникалық университетінде 2012 жылдан Абай атындағы Қазақ тiлi, тарихы мен мәдениеті орталығы жұмыс істейтінін, аталмыш орталық еліміздің оң келбетін насихаттайтын мәдени іс-шараларды өткізуге зор үлесін қосып келе жатқанын жеткізді.

БМАРУ бірінші проректоры Сергей Дик «Білім беру, ғылым, ұлттық мәдениет арасындағы ынтымақтастығымыз алдағы уақытта бұдан да арта түсіп, екі оқу орны студенттерінің арасындағы ғылыми және мәдени мүмкіндік дами түседі», – деді бірінші проректор.

Іс-шара барысында ЕҰУ мен БМАРУ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Оған Еуразия ұлттық университеті тарапынан ректор Ерлан Сыдықов және екінші тараптан БМАРУ бірінші проректоры Сергей Дик қол қойды.

Меморандумға қол қоюдағы мақсат – екідипломдық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, білім алудың жоғары деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының өңірдегі дамуы және ұзақ мерзімді бағдарлануын қамтамасыз ету. Меморандум шеңберіндегі келісімдерге сәйкес бәсекелестікке сай мамандар дайындау, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу, академиялық мобильділік және басқа да бағдарламаларды бірлесе орындау, тағы басқа жұмыстарды жүзеге асыру көзделген.

Салтанатты шара барысында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Жанат Нұрбекова және БМАРУ Компьютерлік жобалау факультетінің деканы Дмитрий Лихачев екі диплом алатын студенттерге құттықтау лебіздерін жеткізді.

ЕҰУ мен БМАРУ бірлескен білім беру бағдарламасы аясында алғаш рет оқитын балалар да қарап қалған жоқ, өз пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан Президенті жариялаған Жастар жылына орай 20 мыңнан астам студент білім алатын ЕҰУ Мемлекет басшысының ғылыми әлеуетті нығайтуға байланысты міндеттерді осылайша жүзеге асыра бастады.

Жоғары оқу орындары арасындағы келісімдерді Халықаралық деңгейде кеңейту тек екі диплом мамандарын шығару ғана емес, сонымен қатар жас ғалымдарға стартап идеяларды нақты жобаларға енгізуге қолдау көрсетуді көздейді. Осыған байланысты Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ екі дипломды білім беру бағыты бойынша алғаш рет екі елдің серіктес ЖОО Беларусь Республикасы мен Қазақстан-Беларусь ғылыми-білім консорциумы негізінде бірден 45 бірінші курс бакалавриаттары оқуға қабылданды. Өйткені бүгінгі таңда БМАРУ «Ақпараттық технологиялар және техникалық жүйелерді басқару» аса қызықты әрі ауқымды да бірегей мамандық болып табылады.

Іс-шараның мақсаты да сол, Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді орындау болып табылады. Оның түпкі негізінде Елбасы айтқандай, орта мерзімді перспективада сандық технологияларды пайдалану есебінен республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді перспективада цифрлық экономиканы құруды қамтамасыз ететін дамудың принципті жаңа траекториясына көшуі үшін жағдай жасау секілді өміршең мәселелер жатыр.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ IT мамандарын даярлауда мұндай Халықаралық білім беру байланыстары өте қажет деп санайды. Өйткені ЕҰУ 2011 жылдан бері Қазақстан-Беларусь Ғылыми-білім беру консорциумы шеңберінде Беларусь техникалық университеттерімен тығыз ынтымақтастық орната отырып, айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Соның бірі – Белоруссияның Ақпарат және радиоэлектроника мемлекеттік университетімен бірлескен келісімнің бүгінгі нәтижелі жемісі. ЕҰУ-ге жыл сайын ІТ технологиялар саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға екі мыңнан астам студент келеді. Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар факультетінде төрт мыңға жуық студент білім алуда.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен БМАРУ-дың бірлескен екі дипломдық білім беру бағдарламасына ілінген студенттердің тізімі:

1. Нұрлыбай Серікбек Нұрлыбайұлы

2. Жаңасбай Әрсен Нұрсланұлы

3. Қамбарбай Бекзат Рысбекұлы

4. Қылышбай Аида Қуанышбекқызы

5. Сейтбенбетов Жанболат Темірбайұлы

6. Бекенов Аслан Серікұлы

7. Есенгельдинов Ильяс Жумадирович

8. Есенов Диас Туремуратович

9. Маратов Темірлан Ержанұлы

10. Жамбылұлы Қайсар

11. Садуақас Арнат Маратұлы

12. Әуезхан Сержан Ғаниұлы

13. Рахат Арман

14. Ануарбеков Маулет Сабитович

15. Есболұлы Бақдаулет

16. Рамазанова Маржан Канатовна

17. Өрлеу Айшуақ

18. Жұматай Гүлдана Саятқызы

19. Амантаева Алема Еркебулановна

20. Есенгельдиев Диас Нурболатулы

21. Баймағанбет Қарлығаш Асылбекқызы

22. Есенкелді Ерден Нұрымұлы

23. Касенова Зарина Рзагалиевна

24. Жағал Ақерке Ғалымжанқызы

25. Улгасбаев Мухтар Елтаевич

26. Рахатулы Алишер

27. Бейсембаев Талап Азаматұлы

28. Назымбек Ақжол Қуанышбекұлы

29. Боранбаев Турсынхан Дулатович

30. Адылжанов Сұлтан Ұланұлы

31. Мирзакулов Шерхан Сергазыулы

32. Сайлаубеков Мерей Қуанышұлы

33. Әлімқұл Диас Бекжанұлы

34. Қанат Дінмұхамед Нұрғалиұлы

35. Жақсылық Қуаныш Жақсыбайұлы

36. Сапарбек Бахберген

37. Ғазиз Асқар Асхатұлы

38. Ғалымжан Нұрби Русланұлы

39. Олжабаев Мирас Умирбекович

40. Аязбаев Данияр Зекенович

41. Махсотов Абылай Дарханұлы

42. Хуснутдинов Руслан Евгеньевич

43. Нұрпейіс Әкежан Даниярұлы

44. Қалдыбек Аружан Ғалымжанқызы

45. Аубакиров Аль-Фараби Дауренович

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Айтпақшы, Беларусь елінен келген делегация салтанатты шара басталғанға дейін ЕҰУ мұражайларында болып, тарихи жәдігерлермен танысты. Техникалық факультет декандары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен «ЕҰУ мен БМАРУ Халықаралық ынтымақтастығы достас мемлекеттердің экономикасын цифрландыру жағдайындағы ЖОО білім беруді дамыту факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Беларусь мемлекеттік ақпарат және радиоэлектроника университетінің басқару жүйелері кафедрасының меңгерушісі профессор Александр Владимирович Марков ЕҰУ-дің IT технологиялар студенттеріне арналған дәрістер циклін оқыды, сондай-ақ академиялық ұтқырлық және ғылыми тағылымдамалар мәселелері бойынша кеңес берді.

ЕҰУ-дің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *