Шымкентте құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегі тоқтатылды

Заң Қоғам
10 Views

Шымкент қаласында абаттандыру және санитарлық талаптарды бұзу фактісі анықталды. Қала тұрғыны құрылыс қалдықтарын заңсыз төккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еңбекші ауданы әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері санитарлық жағдайды бақылау мақсатында жүргізген бірлескен рейд барысында құқықбұзушылық тіркелді. Тексеру кезінде жүк көлігінен Базарқапа тұрғын алабындағы Сайрам Су өзенінің жағасына құрылыс қалдықтары төгілгені анықталды.

Құқық бұзушының жеке басы анықталып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, құқық бұзушы ластанған аумақты өз күшімен тазалап, келтірілген залалды жою міндеттемесін орындады. Қала билігі мұндай заңсыз әрекеттерге жол берілмейтінін және бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.