ШЫМКЕНТ ПРОКУРОРЛАРЫ 11 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫН ҚОРҒАДЫ

Құқық
320 Views

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттікәлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасы жыл басынанбері қадағалау актілері негізінде 11 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалардыңқұқықтарын қорғаған, анықталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша 115 кінәлі адамды әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартқан.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнінде мобильді топ құрылып, тұрақты жұмыс атқаруда, оның міндеті кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу болып табылады.

Жыл басынан мобильді топпен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 700-ден астам құқық бұзушылықтар анықталып, олар бойынша кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасын табуда.

Азаматтардың назарын мобильдік топтың қызметіне аудара отырып, кәмелетке толмаған балалардың конституциялық құқықтарының бұзылу деректері болған жағдайда Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының сенім телефонына хабарлауды сұраймыз: 8 (7252) 77-55-20.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *