Шымшаһарда Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Шаһар басшысының өкімімен бұл қызметті Асылов Қуаныш Жұмабекұлы атқаратын болды. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында туған. Құқықтану ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және саясаттану ғылымдарының магистрі Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі, АҚШ.
1995-2002 жылдары – Бизнес саласындағы басшылық лауазымдар.
2002-2006 жылдары – Мемлекеттік органдарда қызмет істеген.
Қуаныш Жұмабекұлы бірқатар ведомстволарда лауазымды қызметтер атқарған. Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті. «Құрмет» орденінің кавалері, «Ерен еңбегі үшін», Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК 25 жыл» мемлекеттік медальдарімен марапатталған.
Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.